«1 млрд-тан астам қаржылық пайда". "Самұрық-Энерго " АҚ "Біріктірілген жоспарлау жүйесі" жобасы бірінші толқынының қорытындысын жариялады»

«1 млрд-тан астам қаржылық пайда". "Самұрық-Энерго " АҚ "Біріктірілген жоспарлау жүйесі" жобасы бірінші толқынының қорытындысын жариялады»

Біріктірілген жоспарлау жүйесі шығындардың негізгі ауыспалы баптарын оңтайландыру арқылы энергохолдинг кәсіпорындарын дамытудың тиімді сценарийін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Цифрлық трансформация бағдарламасын іске асыру барысында "Самұрық-Энерго" АҚ "Біріктірілген жоспарлау жүйесі"  (БЖЖ) жобасын табысты енгізді. Ол шығындардың негізгі ауыспалы баптарын оңтайландыру арқылы электр станцияларын дамытудың тиімді сценарийлерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

IMG 5911

Жоба периметріне бірінші кезеңде холдингтің екі еншілес ұйымы кірді: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС және "Мойнақ СЭС"АҚ. Қоғам басшылығы жаңа жобаны әзірлеу және енгізу жөніндегі команда мүшелерін қол жеткізген алғашқы нәтижелерімен құттықтады. "Самұрық-Энерго" АҚ-ның Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Еділ Көпенов қызметкерлердің - электр станцияларының жұмыс топтары мен Корпоративтік орталықтың 9 құрылымдық бөлімше мамандарының жобаны дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

"Самұрық-Энерго" АҚ-ның БЖЖ жобасы 2017 жылдан бастап бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында іске асырылуда. 3 жыл бойы демеуші рөлін Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Серік Түйтебаев атқарып келді.

IMG 5969 resized 20200617 115913622

"Барлық әріптестерімді жобаның алғашқы толқынының сәтті аяқталуымен құттықтаймын. Менің өзіме БЖЖ-ның табысты болатындығы айқын еді, өйткені бұл жүйе компания қызметін сценарийлік жоспарлауды айтарлықтай жеңілдетпек, ал әзірленетін графикалық модельдер қателіктерді мейлінше азайта отырып, іс-әрекеттердің ең тиімді деген жолдарын көрсететін болады. Осының барлығы Компания шығындарын айтарлықтай оңтайландыруға, сонымен қатар қосымша пайда алуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Серік Түйтебаев

Жобаны енгізу барысында жүйеге түзету енгізіліп, қаржылық көрсеткіштердің бір бөлігі алынып тасталды. Мамандардың айтуынша, БЖЖ - компания үшін тиімді жұмыс құралы. 2019 жылы бекітілген жылдық жоспарда - 977 млн. теңге мөлшерінде көрсетілген қаржылық пайда 1 365 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш станция энергия блоктарының БЖЖ-да есептелген оңтайлы режиміндегі жұмысы нәтижесінде мүмкін болды.

Кеңесте "Біріктірілген жоспарлау жүйесі" жобасының жетекшісі Руслан Құсайынов жобаның екінші толқыны Екібастұз ГРЭС-2-де басталғанын атап өтті. Станциядағы жаңа құралдың көмегімен 2024 жылға дейін  шамамен 1 млрд теңге көлеміндегі шығынды оңтайландыру жоспарланып отыр.

"Самұрық-Қазына" АҚ Цифрлық трансформация офисінің Жобалар портфелін басқару жөніндегі директоры Индира Қыйлыбаева  БЖЖ енгізілген Қордың барлық портфелдік компанияларының арасында "Самұрық-Энерго" АҚ жоғары қаржылық пайданы көрсетіп отырғанын атап өтті. 

IMG 5964 resized 20200617 115136528

Жаңа құралды сәтті енгізгені үшін Жоба демеушісі мен командасы, электр станцияларының және Корпоративтік орталықтың қызметкерлері грамоталармен марапатталды.