Бағыт – өндірісті цифрландыру.

Цифрлық шешімдер жолында» –Нұр-Сұлтан қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ақпараттық күні осындай ұранмен өтті. Іс-шараға қатысқан «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның Цифрлық трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Д. Керейбаевқа, электр энергетикалық холдингтің еншілес компанияларының басшыларына, серіктестер мен стейкхолдерлерге Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында 2017-2019 жылдар аралығында Компанияда іске асырылған жобалар таныстырылды.

«Қордың басшылығымен біз Трансформациялау бағдарламасын іске асыру тетіктерін қайта қарадық. Бүгінде өндірістік міндеттерді шешу, өндіріс қуатын арттыру үшін цифрлық шешімдерді қолдану басты назарымызда. Жобалар портфелін жаңартып, қайта жасақтадық. Ол стратегиялық мақсаттарға жетуге, компанияның құнын арттыруға және операциялық шығындарды азайтуға бағытталған. Енді жұмысымызды қорытындылап, цифрландыруға бағыт түзейміз, компанияларымыздың барлығында өзгерістерді ілгерілетеміз», - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Б. Жоламанов.

Ақпараттық күн барысында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жоба командалары Цифрлық трансформация бағдарламасы саласындағы өздерінің жетістіктері мен жаңалықтарын ортаға салды. Мамандардың сөзінше, Компанияның көптеген жобалары сәттілікпен аяқталып, іс жүзінде қолданылып келеді және бүгінде пайда әкелуде. Мәселен, 2018-2019 жылдар аралығында Жобалар портфелі оперативтік деректер бойынша 15 миллиард теңгеден астам таза пайда алып келген.

Атап айтқанда, 2019 жылы Компанияда мынадай: «Ақпараттық технологияларды басқарудың жаңа моделін енгізу», «Сатып алуларды санатымен басқару», «Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін енгізу» деп аталатын 3 жоба іске асырылды.

Бірінші жобаның нәтижесі бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялары тобында АТ қызметті басқарудың мақсатты бизнес-процестері енгізілді, Ақпараттық технологиялар бойынша қызмет көрсетудің жалпы орталығы құрылды, АТ-қызметтерді басқарудың ақпараттық жүйесі енгізіліп, ол бизнес-процестерді автоматтандырды.

Қамтамасыз ету жөніндегі Басқарушы директор Д.Сағындықов таныстырған, «Сатып алуларды санатымен басқару» жобасын іске асыру сатып алу, логистика, сақтау және пайдалану жөніндегі іс-қимылды үйлестіруді көздейді, бұл өз кезегінде бизнес-процестердің тиімділігін арттырады.   Сатып алу жұмыстарында жаңа тәсілдерді  қолдану айналымдағы қаражаттың айналуын тездетуге, шығындарды азайтуға, кәсіпорынның мұқтажын неғұрлым толық және сапалы өтеуге мүмкіндік берді. 

«Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін енгізу» жобасын таныстыра келе, Дамыту және сату жөніндегі Басқарушы директор М. Ұлданов Қазақстанда баламасы жоқ бірегей өнімді ұсынды.

Бұл өнімнің сонда мәні неде? Бұл Екібастұз ГРЭС-1, 2 және Мойнақ СЭС-інің электр энергиясын бір орталықтан сату деген сөз. 3 станцияның электр энергиясын араластырып бір қалыпты сату оның сенімді түрде жеткізілуін қамтамасыз етуге, ал келешекте Қазақстан экономикасының, тұтынушылардың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жобаның демеушісі атап өткендей, электр станцияларына теңдей және ашық-айқын қол жеткізуге мүмкіндік туады.   

Іс-шараға қатысушыларға жаңартылған Жобалар портфелін таныстыра келе, Бизнесті трансформациялау жөніндегі Басқарушы директор Е. Көпенов бұл жобалардың өндіріс тиімділігін арттыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетінін айрықша атап өтті.

Ақпараттық күннің соңында жоба командалары марапатталды. Жеңімпаздарды марапаттай келе,  «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Б. Жоламанов экономикалық тиімділік әкелетін жобалар мен іс-шараларды әзірлеуді міндеттеп, жаңа идеяларды жинау басталғанын жариялады.

Анықтама:

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

 

________________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. 

В АО «Станция «Экибастузская ГРЭС-2» внедряется интегрированная система планирования (ИСП) Программы цифровой трансформации АО «Самрук-Энерго».  На стартовом совещании руководитель проекта по внедрению ИСП Руслан Кусаинов представил проектную команду, озвучил цели и задачи. По расчетам экспертов, ожидаемая выгода от реализации проекта на Экибастузской ГРЭС-2 составит около 1 млрд тенге. 

«Проект «Интегрированная система планирования» берет свое начало с 2017 года, когда была запущена первая волна реализации. Данный инструмент позволяет нам приблизиться к статусу операционного холдинга», - отметил спонсор проекта, Управляющий директор по производству и управлению активами АО «Самрук-Энерго» Серик Тютебаев.

ИСП позволяет ставить цели на среднесрочный период и искать оптимальный сценарий развития Компании за счет балансирования производственных, технологических, экономических и финансовых показателей. Сегодня система успешно внедрена на двух ДЗО «Самрук-Энерго»  – ТОО «Экибастузская ГРЭС-1» и АО «Мойнакская ГЭС». Этот проект изменил подход к планированию производственных затрат на электростанциях, что привело к снижению их на 2%, а чистые выгоды от реализации составили около 8 млрд тенге.