«БЖЭС» ЖШС

«БЖЭС» ЖШС

Иелену үлесі: 100%

pves.kz

«БЖЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2011 жылғы 27 маусымда құрылды. Серіктестік электр энергиясын өндіру, жаңартылатын энергия көдерін пайдалана отырып, объектілерді жобалау мен салу, объектілерді жобалау мен салу бойынша қызметтерді көрсетуде.

«Болашақта қуатын 300 МВт-ға дейін арттыру мүмкіндігі бар қуаты 45 МВт Ерейментау қаласы ауданында (Ақмола облысы) жел электр станциясын салу» жобасын іске асыру аясында 2015 жылғы 14 тамызда ЖЭС 45 МВТ жұмыс комиссиясы Актіге қол қойды:

  • Белгіленген қуаты — 45 МВт
  • ЖЭҚ саны: әрқайсысы 2,05 МВт -22 жел турбинасы
  • ЖЭҚ классы: IEC 61400-1, жел классы 2а (ЖЭС-ті орналастыру алаңының ауа райы ерекшеліктерін ескере отырып).
  • Ротордың түрі: 3 қалақты
  • Желдің ең төменгі жылдамдығы: 3 м/с
  • Желдің номинал жылдамдығы: 12 м/с
  • ЖЭС жұмысы үшін желдің ең жоғары жұмыс жылдамдығы: 25 м/с
  • Ротордың диаметрі: 93 м
  • Мұнара биіктігі: 85 м
  • Мұнара түрі: түтік тәрізді бүгілмелі мұнара
  • Жұмыс температурасы: -40С-ден +40С-ге дейін
  • Өндірісі жылына шамамен 172,2 млн. кВсағ электр энергиясын құрайды.

«Forum Muider B.V.» компаниясы

«Forum Muider B.V.» компаниясы

Иелену үлесі: 50%

samruk-energy.kz

«Forum Muider B.V.» компаниясы Нидерландта тіркелген және «Богатырь Көмір» ЖШС жарғылық капиталы үлесінің 100%-ын иеленетін холдингтік компания болып табылатын 50% / 50% тең үлестері бар РУСАЛ бірлескен компаниямен бірлескен кәсіпорын.

«SamrukGreenEnergy» ЖШС

«SamrukGreenEnergy» ЖШС

Иелену үлесі: 100%

samruk-green.kz

«Samruk-GreenEnergy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012 жылғы 25 қаңтарда құрылды және жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру нысандарды жобалау және салу қызметтерін көрсетеді.

«Samruk-GreenEnergy» ЖШС-ның Жалғыз акционері «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады, қатысу үлесі - 100 %.

Бүгінгі таңдағы белгіленген қуат көлемі 8,6 МВт.

2013 жылдан бастап Алматы облысының Қонаев қаласында «Samruk Green Energy» ЖШС-нің жалпы қуаттылығы 2 МВт және 416 кВт болатын күн электр станциясының (КЭС) жобасы іске қосылды, КЭС (Алматы қаласы Алатау шағын ауданында қуаттылығы 1 МВт) және СЭС (қуаты 5 МВт, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Нұрлы ауылы) нысандарының жобалық қуатын арттыру жүзеге асырылды.

Бұған қоса, Қапшағай қ. аумағында 50 МВт күн электр станциясын салу жобасы әзірленуде.

«Балқаш ЖЭС» АҚ

«Балқаш ЖЭС» АҚ

Иелену үлесі: 100%

samruk-energy.kz

Қазақстан Республикасында2030 жылға дейін электр энергиясын дамыту бағдарламасына сәйкес 2007 жылы 4000 МВт-ға дейін ұлғаю мүмкіндігі бар қуаты 3000 МВт-ға дейінгі Балқаш ЖЭС-ін (Жоба) салу туралы шешім қабылданды. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Балқаш ЖЭС-ін салуға арналған алаң Балқаш қаласынан оңтүстікке қарай 200 км қашықтықта, салуға болжанған Оңтүстік Қазақстан МАЭС (ОҚ МАЭС) орнында Алматы облысы аумағында Үлкен кентінде орналасқан.

Балқаш ЖЭС-ін салу негіздемесі Қазақстан халқының 40%-ынан аса тұратын Оңтүстік аймақта электр энергиясына және қуатқа тапшылығымен айқындалады.

Акционером АО «Балхашская ТЭС» является АО «Самрук-Энерго» — 100% акций.

Ағымдағы жағдайы:

  • Жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.

«Богатырь Көмір» ЖШС

«Богатырь Көмір» ЖШС

Иелену үлесі: 50%

bogatyr.kz

«Богатырь Көмір» ЖШС — көмірді ашық тәсілімен өндіру бойынша қарқынды дамитын Қазақстандағы ең ірі компания.Компания үлесіне Екібастұз көмір алабында өндірілетін көмірдің барлық көлемінің 70%-ы тиеді.

Жобалық қуаты жылына 50 млн. тонна көмір өндіретін «Богатырь» кесігі 1965 жылдан бастап 1979 жылға дейін тоғыз кезек бойынша салынды. 1985 жылы ең үлкен жылдық өнімділікке қол жеткізілді - 56,8 млн. тонна көмір. Бұндай бірден-бір қуаты зор кесікәлемде тұңғыш рет салынды және осы көрсеткіш бойынша 1985 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. 1996 жылға дейін «Богатырь» кесігі «Екібастұзкөмір» МАҚ құрамына кірді.

Кен орнын дамытудың жаңа кезеңі өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасында, бұған жаңа инвесторлар келгенде басталды. «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС-ны құру тарихы 1996 жылғы қыркүйек айынан басталды. Сол кезде, республика үкіметінің шешіміне сәкес жүргізілген ашық тендер қорытындысы бойынша «Assess Industries Inc.» компаниясы «Богатырь» және «Степной» (70%) кесіктерінің мүлкін жекешелендірді.

Акционерлердің келісімі бойынша 2009 жылдан бастап «Богатырь Аксес Комир» қазақстандық «Самұрық-Энерго» АҚ мен ресейлік РУСАЛ бірлескен кәсіпорнының басқаруына берілді.

2009 жылғы наурыз айында «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС атауы «Богатырь Көмір» ЖШС-ға ауыстырылды.

Қазіргі уақытта «Богатырь Көмір» ЖШС кесіктерінің жобалық қуаты жылына 42 млн тонна көмір құрайды (Богатырь кесігі - 32 млн тонна, Северный кесігі - 10 млн тонна).

Богатырь Көмір Қазақстанда да, Ресейде де орналасқан Топтың және үшінші тұлғалардың қуат өндіретін объектілеріне көмірді нарықтық шарттар бойынша жеткізеді.Богатырь Көмірдің көмір кесіктері Екібастұз 1-ГРЭС-тен 35 км және Екібастұз 2-ГРЭС-тен 53 км қашықтықта (темір жол бойынша қашықтық) орналасқан, бұл Топ үшін көмірді тасымалдауға кететін шығындарды барынша азайтуға мүмкіндік береді. Қазақстандағы көмір электр станцияларының көбі Богатырь Көмір өндіретін көмірді пайдаланады.

«Шүлбі СЭС» АҚ

«Шүлбі СЭС» АҚ

Иелену үлесі: 100%

samruk-energy.kz

Шүлбі ГЭС-і Ертіс өзенінің орта ағысында, Семей қаласынан 70 км жоғары орналасқан. Су электр станциясының құрылысы 1976 жылы басталды. Бірінші су аргегаты 1987 жылғы 23 желтоқсанда пайдалануға берілді, алты су агрегатының соңғысы 1994 жылғы 19 желтоқсанда іске қосылды. 

Су торабы құрылғыларының өткізу қабілеті 240 м қалыпты тіреу қойылған жағдайдасу тасқыны барынша қатты болған кезде 1%секундына 7770 м3 асып кету ықтималдылығымен, 243 м мықты тіреу қойылған жағдайда секундына 8770м3 - 0,01 % қамтылу деңгейінде есептелген.

Шүлбі ГЭС-інің құрамына мыналар кіреді:

  • ГЭС ғимараты
  • Жер бөгеті
  • Кеме шлюзі
  • Су қоймасы
  • Шектес құрылыстар
  • 220 кВашық тарату құрылғысы

«Шүлбі ГЭС» АҚ-ның ең ірі акционері «Самұрық-Энерго» АҚболып табылады – 100% акция. 

«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ

«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ

Иелену үлесі: 50%

gres2.kz

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, 1000 МВт белгіленген қуат көлемімен қазақстандық кәсіпорын.

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне сәйкес 2019 жылғы 14 желтоқсандағы жағдай бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ акцияларының 50%-ына меншік құқығы тіркелді.

Осылайша, «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ-ның акционерлері «Самұрық-Энерго» АҚ (50%) және «Самұрық-Қазына» АҚ (50%) болып табылады.

Екібастұз МАЭС-2 төмендегі негізгі сипаттамалары бойынша жоспарланды:

  • Белгіленген қуаты — 4000 МВт
  • Энергия блоктарының саны – 8 блок бойынша 500 МВт
  • Отын — Екібастұз көмір алабының күлі көп көмірі

Қолданыстағы МАЭС-2 сипаттамалары.

  • МАЭС-2 белгіленген қуаты 1000 МВт құрайды, қолда бары - 940 МВт.
  • «Электросила» К-500-240-4 ЛМЗ + ТВВ-500 турбо агрегаттары мен қазандықтары бар №1, 2 энергия блоктары.
  • 1990 және 1993 жылы Пп-1650-250-545/545 (П-57Р) ЗИО-Подольск пайдалануға енгізілді.
  • №3 энергия блогы үшін бас корпустың құрылыс бөлігінің 70%-ы 1993 жылға дейін орындалды. Инфрақұрылымның бір бөлігі толығымен аяқталды (салқындатқыш көл, суды химиялық тазалау станциясы, іске қосу қазандығы, теміржол инфрақұрылымы бар көмір қоймасы, күл үйіндісі).
  • Станцияны одан әрі даму қажеттігі мен мүмкіндіктері.

МАЭС-2 алаңында жаңа энергия блоктарын салуға объективті қажеттілік пен мүмкіндіктер бар, өйткені:

  • Екі блоктың жұмысы жеткізудің қажетті сенімділігін қамтамасыз ете алмайды;
  • Дайын инфрақұрылымның болуы, отын көздерінің жақын болуы жобаның өндіруші қуаттың  құрылыс жобаларымен салыстырғандағы бәсекелестік басымдығын қамтамасыз етеді.

«Алматы электр станциялары» АҚ

«Алматы электр станциялары» АҚ

Иелену үлесі: 100%

ales.kz

«Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамы («АлЭС» АҚ) – Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу және электр энергиясын өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым. «АлЭС» АҚ халықты, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарды электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз етеді, жылу энергиясын өндіру бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылады.

«АлЭС» АҚ «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 23.05.2006 жылғы №92 шешімі негізінде құрылды және 01.06.2006ж. тіркелді (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі 78188-1910-АҚ). Қазіргі уақытта компания «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының құрамына кіреді. «АлЭС» АҚ-ның ұйымдық құрылымына 8 өндірістік бөлімше кіреді.

Өндірістік департаменттер:

  • 1-ЖЭО — электр және жылу энергиясын өндіру;
  • 2-ЖЭО — электр және жылу энергиясын өндіру;
  • 3-ЖЭО — электр және жылу энергиясын өндіру;
  • Қапшағай СЭС — электр энергиясын өндіру;
  • Каскад СЭС — электр энергиясын өндіру;
  • Батыс жылу кешені (БЖК) — жылу энергиясын өндіру;
  • «Энергоремонт» өндірістік жөндеу кәсіпорыны (ӨЖК) — «АлЭС» АҚ жабдықтарын жөндеу;
  • Отынды қабылдау және түсіру орталығы (ОҚТО) — «АлЭС» АҚ-ның энергия көздері үшін отынды қабылдау және түсіру.

«АлЭС» АҚ-ның акционері «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады — 100% акция.

«АлЭС» АҚ үшін электр мен жылу энергиясын тарату нарықтары Алматы өңірі болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның активтерін басқару құрылымын оңтайландыру мақсатында АлЭС-тің 100% акциясы Қоғамның тура иелігіне берілді. Негіздеме:«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі (2013 жылғы 9 қыркүйектегі №77 хаттама). 

«Казгидротехэнерго» ЖШС

«Казгидротехэнерго» ЖШС

Иелену үлесі: 100%

samruk-energy.kz

«Казгидротехэнерго» ЖШС — бұл жиынтық қуаты 108 МВт болатын Оңтүстік Қазақстанда жеті шағын СЭС салумен айналысатын компания.

2013 жылғы 4 шілдеде «Қоғамның «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның жарғылық капиталының50% қатысу үлесін және «Казгидротехэнерго» ЖШС-ның жарғылық капиталының100% қатысу үлесін сатып алу туралы» Директорлар кеңесінің шешімі алынды.

«Әлеуметтік жауапкершілік» бағыты аясында қоршаған ортаны қорғау басым («жасыл экономика» стратегиясын іске асыру) болып табылады. Осыған байланысты, «Казгидротехэнерго» ЖШС-ны сатып алу «Самұрық-Энерго» АҚ-ның артықшылығы болып табылады. ЖШС қызметі ЖЭК-ті пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-ті пайдалану жөніндегі объектілерін, дербес техникалық құрылғылары мен олармен өзара байланысты құрылыстарын жобалауға, салуға бағытталған (жобалар – Казгидротехэнергоның 7 шағын СЭС-ін салу).

«Энергия Семиречья» ЖШС

«Энергия Семиречья» ЖШС

Иелік ету үлесі: 25%

www.energy7.kz

«Энергия Семиречья» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру нысандарды жобалау және салу  қызметтерін көрсетеді.

«Энергия Семиречья» ЖШС – жел электр станцияларын (ЖЭС) салу қызметтерін жүзеге асыру үшін құрылған Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны.

«Энергия Семиречья» ЖШС-ның қазіргі уақыттағы қатысушылары «Самұрық-Энерго» АҚ (үлесі - 25%) және Power Construction Corporation of China Ltd. тобына кіретін бірқатар қытайлық компаниялар: Hydrochina Corporation (үлесі - 50%), Powerchina Chengdu Engineering. Corporation Limited (үлесі - 15%), Powerchina Resources Limited (үлесі - 10%).

«Энергия Семиречья» ЖШС 2022 жылы «Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт, болашақта 300 МВт-ға дейін кеңейтілетін жел электр станциясын салу» инвестициялық жобасын жүзеге асыруды аяқтады.

Жобаның орналасқан жері – Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек дәлізі, Нұрлы ауылы.