ССС шеңберіндегі экологиялық бастама

 44626

«Май және майлау» сатып алу санаттық стратегиясын (бұдан әрі – ССС) іске асыру шеңберінде пайдаланылған майды сату бойынша бастама енгізілді. Майды сату «ҚР СТ 3129-2018» Ұлттық стандартына және пайдаланылған майларды жинауды ұйымдастыру рәсімін, сақтау, есепке алу, тапсыру және өткізу тәртібін реттейтін өзге де құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Қордың портфельдік компанияларында пайдаланылған майларды жинауды, сақтауды, есепке алуды, тапсыруды және өткізуді ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулыққа қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес Пайдаланылған майды сату жөніндегі нұсқаулық әзірленді.

 

Бұл бастаманың мақсаты:

- табиғи ресурстарды сақтау;

- қоршаған ортаны ластанудан қорғау;

- қайталама шикізат мәртебесін алатын қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

- ССС-ті іске асырудан қосымша пайда алу.

 

Пайдаланылған майлармен жұмыс істеу тәртібі мынадай кезеңдерден тұрады:

- топтар бойынша пайдаланылған майларды бөлек жинауды ұйымдастыру;

- құрылымдық бөлімшелердің пайдаланылған майларды уақытша сақтау орындарын жайластыруы;

- пайдаланылған майларды қоймаларға тапсыруды ұйымдастыру;

- пайдаланылған майларды сатуды ұйымдастыру;

- пайдаланылған майды қабылдау/беру есебін жүргізу.

Осы бастаманы енгізудің барлық кезеңінде 375,297 тонна қайта өңдеуге берілді және 20,5 млн.теңге көлемінде экономикалық тиімділікке қол жеткізілді.

Мақсұтов Қайрат Берікұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі

«Самұрық - Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (Хаттама № 28/23) 2023 жылғы 19 маусымда Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 16 мамыр 1970 жыл

Білімі:

1991 ж. -  Қазтұтынуодағы Қарағанды кооперативтік институты, Қарағанды қ.

2019ж.  - Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ.

Жұмыс тәжірибесі:
2018 – 2023: Коммерциялық құрылымдарда басшы

03.2016 - 05.2018 «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

11.2013 - 03.2016 «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

11.2012 - 11.2013 «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік басқару жөніндегі Басқарушы директоры

02.2013 - 11.2012 «Самрук-Энерго» «Самұрық-Энерго» АҚ Қаржы және экономика жөніндегі басқарушы директоры

02.2009 - 02.2013 «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының Қаржы және экономика жөніндегі орынбасары

09.2008 - 01.2009 Еуразиялық холдингтік компанияның басқарушы директоры

08.2004 - 09.2008 «Гефест» Тау-кен-салалық холдингінің экономика жөніндегі вице-президенті

10.1999 - 06.2004 «Альфа-Банк» АҚ ЕБ Қарағанды филиалы директорының орынбасары, директоры, Алматы қ.

09.1997 - 06.1999 СЭО Әкімшілік Кеңесі төрағасының орынбасары, Қаражал қаласы әкімінің орынбасары.

Компанияның, өнім берушілердің және бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.

Камалов Алмасби Низамаддинұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі

 
Туған жылы: 07.04.1989 жыл

Білімі:

2023 - 2025 жж. - University of Warwick Магистр (MBA) DLMBA, іскери әкімшілік ету магистрі

2006 - 2010 жж. – Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау институты, (КИМЭП), Менеджмент/Маркетинг бакалавры

2016 - 2018 жж. - University «Almaty», бакалавр (Экономики және бизнес бакалавры) Қаржы

2008 - 2010 жж. - Т.Рысқұлов атындағы (Халық шаруашылығы) ҚазЭУ жанындағы әскери кафедра, техникалық және кәсіби білім, азық-түлікпен қамтамасыз ету взводының сержанты

Кәсіби тәжірибесі:

09.2023ж.-қазіргі кезге дейін «Самұрық-Энерго» АҚ, Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

04.2021ж.- 09.2023 жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, «Стратегия және Экономикалық талдау» департаментінің директоры

12.2017ж. - 04.2021 жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, «Стратегия және Экономикалық талдау» департаменті «Экономикалық талдау» бөлімінің бастығы

01.2014ж. - 12.2017 жж. «Самұрық-Энерго» АҚ,, «Жоспарлау және экономикалық талдау» департаментінің бас менеджері

06.2013ж. - 01.2014 жж. «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ Электр энергетикасы бөлімі бастығының орынбасары, Жоспарлау-экономикалық бөлімі бастығының орынбасары

11.2011ж. - 06.2013 жж. «Алматы электр станциялары» АҚ, Бюджет және экономикалық талдау басқармасының жетекші экономисі

Атқаратын функциялары: 

  • Қоғамның Ұзақ мерзімді даму стратегиясын және Стратегияны іске асыру жөніндегі Жол картасын әзірлеу/өзектендіру, келісу, бекіту, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау;
  • Қоғамның ЕТҰ-ға қатысты 5 жылдық және 10 жылдық кезеңдерге арналған Болжалдарының орындалуын әзірлеу және оған мониторинг жүргізу;
  • тариф белгілеу, оның ішінде белгіленген тәртіппен ЕТҰ жоспарлы тарифтерін келісу/бекіту;
  • Қоғам мен ЕТҰ қызметінің қаржы-экономикалық қорытындылары;
  • бухгалтерлік, салық және статистикалық есеп;
  • Қоғамның және ЕТҰ инвестициялық жобаларын қаржыландыру;
  • Қоғам активтерін оңтайландыру, қайта құрылымдау және қайта ұйымдастыру (ЕТҰ-дағы акцияларды/қатысу үлестерін біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру, қосу, арақатынасын өзгерту), сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын/қатысу үлестерін құру, сатып алу және иеліктен шығару, Қоғамның активтерін тарату жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
  • Қоғамның акцияларын бастапқы жария орналастыруға (IPO) дайындау, оның ішінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру;
  • Қоғамның уақытша бос ақшалай қаражатын басқару;
  • Қоғамның осы биржалардағы бағалы қағаздар листингі кезінде Қоғамның Қор биржаларының талаптарын сақтауы;
  • Қоғамның акцияларын шығару (хабарландыру) және орналастыру;
  • мемлекеттік стратегиялық жоспарлардың орындалуын бақылау, жинақтау және есептілік;
  • Қоғам басшылығы үшін, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ-ға, Директорлар кеңесіне, Қоғамның нормативтік құжаттарына және аталған ұйымдардың сұраныстарына сәйкес басқа да органдарға ұсыну үшін өндірістік-экономикалық қызмет туралы есептер мен баяндамалар дайындау;
  • қадағалайтын бағыттар бойынша Қоғамның қызметіне байланысты үкіметтік стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру;
  • қадағалайтын бағыттар бойынша менеджмент жүйесінде ISO халықаралық стандарттарының талаптарын сақтау;
  • Қоғамның қадағалайтын бағыттары бойынша мемлекеттік органдармен, заңды тұлғалармен, оның ішінде банктермен, қор биржаларымен, сақтандыру ұйымдарымен, аудиторлық ұйымдармен, тәуелсіз бағалаушылармен, басқа қаржы ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ жеке тұлғалармен, Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ-мен жұмыс істеу барысындағы өзара іс-қимылы және Қоғамның мүдделерін білдіру;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша міндеттерді іске асыру үшін қажетті басқа функцияларды орындау.

Жапарханов Нұрлан Алтынханұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Құқықтық сүйемелдеу және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

 

Туған күні:  26.05.1982 жыл

Білімі:

2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген;

2011 жылы «Тұран» университетін бітіріп, «Заң ғылымдарының магистрі» дәрежесін алды

Жұмыс тәжірибесі:

09.2023ж.- қазіргі кезге дейін «Самұрық-Энерго» АҚ, Құқықтық сүйемелдеу және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор

11.2022 – 08.2023 жж. «Qazaq Green Power PLC» жария компаниясы, Басқарушы директор

05.2021 -03.2022 жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, Басқарушы директор

03.2016-05.2021жж. «Самұрық-Энерго» АҚ,  «Құқықтық қамтамасыз ету» департаментінің директоры

02.2015 – 03.2016жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, Заң департаментінің директоры

04.2013 – 02.2015жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, «Заң» департаментінің бас менеджері

11.2012-04.2013жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қауіпсіздік, азаматтық қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау» департаментінің бас менеджері

02.2012-11.2012жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау» департаментінің бас менеджері

06.2010-02.2012жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, Құқықтық департаментінің бас менеджері

03.2009 – 06.2010жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, Құқықтық департаментінің менеджері

05.2008-03.2009жж. «Масло-Дел» ЖШС, заңгер

09.2005-01.2008жж. «Қазтелерадио» АҚ, Шарт бөлімінің меңгерушісі

09.2003 – 09.2005жж. «НарОйл» ЖШС, заңгер.

Атқаратын функциялары:

  • Қоғам мен ЕТҰ құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын бақылау;
  • шарттардың жобаларына және оларға қоса берілетін құжаттарға, Қоғамның бұйрықтары мен өзге де актілерінің жобаларына, Қоғам органдары шешімдерінің жобаларына, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының жобаларына олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның мүдделеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында сапалы және уақтылы құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету және бақылау;
  •  Қоғам мен ЕТҰ-ның наразылық-қуыным және сот-төрелік жұмысын жүргізуді қамтамасыз ету мен бақылау, Қоғам мен ЕТҰ-ның сот (төрелік) ұстанымын айқындау (келісім бойынша), сондай-ақ құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау мақсатында соттарда Қоғамның мүдделерін білдіру;
  • орнықты даму саласындағы орнықты дамуды, тәуекелдерді және ІНҚ-ны басқаруды қамтамасыз ету және бақылау;
  • Қоғамның орнықты дамуы саласындағы басшылықты іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді, өзектендіруді, орындауды және бақылауды қамтамасыз ету және бақылау;
  • Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жөніндегі стратегияны әзірлеуді/өзектендіруді, оның орындалуына мониторинг жүргізуді және бақылауды қамтамасыз ету;
  • Мүдделі тараптардың картасын әзірлеуді/өзектендіруді қамтамасыз ету мен ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тетіктерін айқындау;
  • Қоғамның корпоративтік басқару кодексін және Қоғам мен ЕТҰ-да Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз ету;
  • Қоғамның Жылдық есебін әзірлеу мен жариялауды үйлестіру және бақылау;
  • GRI жүйесі бойынша есепті дайындау тәжірибесін енгізу;
  • Қоғам мен ЕТҰ корпоративтік басқарудың нысаналы құрылымын құруды қамтамасыз ету;
  • Қоғамда және ЕТҰ-да корпоративтік басқару жүйесін енгізу мен жетілдіруді үйлестіру және бақылау;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның корпоративтік басқару диагностикасын жүргізуді қамтамасыз ету;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның корпоративтік басқару рейтингінің жоспарлы көрсеткішіне қол жеткізуін қамтамасыз ету;
  • Қоғам активтерін оңтайландыру, қайта құрылымдау және қайта ұйымдастыру (ЕТҰ-дағы акцияларды/қатысу үлестерін біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру, қосу, арақатынасын өзгерту), сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын/қатысу үлестерін құру, сатып алу және иеліктен шығару, Қоғамның активтерін тарату жөніндегі іс-шараларды іске асыру, оның ішінде мына көрсетілген бағыттар бойынша Іс-шаралар жоспарларының орындалуын әзірлеу және бақылау;
  • Қоғам активтерін жекешелендіру бағдарламасын іске асыру;
  • активтерді оңтайландырудың, қайта ұйымдастырудың орындылығына бағалау жүргізу;
  • Қоғам активтеріне бағалау жүргізу;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша міндеттерді іске асыру үшін қажетті басқа да функцияларды орындау.

Тұрғамбаев Руслан Елубайұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі

Туған күні: 30 сәуір 1974 жыл

Білімі:

1998 ж. – Алматы энергетика және байланыс институтын «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша бітірді.

2021 ж. – Орталық Азия инновациялық университетін «Менеджмент және басқару» мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

1998-2009 жж. - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жезқазған ЖЭО турбина цехының негізгі жабдықтарын аралап тексеруші машинисі, турбина цехы бу турбиналарының машинисі, турбина цехы бастығының орынбасары, бас инженері, директоры;

2009-2011 жж. - «Сапа Құрылыс 2007»ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары;

2011-2013 жж. - «Алматы қ. энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де Алматы қ. энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының бірінші орынбасары;

2013-2019 жж. - «БазисЭлектроМонтаж» ЖШС Техникалық директоры;

2019-2021 жж. - «Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары, басшысы;

01.2022-11.2022 жж. - «Purolite LTD» компаниясында (Ұлыбритания, ҚР мен Орта Азиядағы, Әзірбайжан мен Армениядағы өкілдік) негізгі клиенттермен жұмыс жөніндегі өкіл;

2022 жылғы қарашадан - Қоғамның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

Атқаратын қызметі:

  • ЕТҰ өндірістік-техникалық қызметін басқару және бақылау;
  • ЕТҰ-ның республикалық бюджет қаражатын мақсатты түрде игерілуіне, жұмыстардың сапасы мен көлемінің уақтылы орындалуына қатысты жұмыстарды үйлестіру және бақылау;
  • ЕТҰ қызметін үйлестіру және бақылау: ЕТҰ энергетикалық объектілерін күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау бойынша; су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша; ЕТҰ энергетикалық объектілерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін отын жеткізуді жоспарлау және ұйымдастыру бойынша; ЕТҰ электр энергиясын/көмірін тұтынушылардың берілген жүктемелерінің тәуліктік кестесін орындау;
  • Қолданыстағы өндіріс пен күрделі құрылысты жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасы мен Техникалық саясаттың орындалуын әзірлеу/өзектендіру, келісу, іске асыру және мониторингілеу;
  • Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен жасалған ЕТҰ инвестициялық келісімдерін орындау, оның ішінде ЕТҰ-ның оларға уақтылы түзетулер енгізу жөніндегі қызметін үйлестіру және бақылау;
  • ЕТҰ-да өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелерін, оның ішінде ЭЭКЕААЖ және ТП АБЖ жобаларын енгізуді қамтамасыз ету;
  • ЕТҰ-да тарифтік науқанның уақтылы жүргізілуін бақылау;
  • ЕТҰ қызметін корпоративтік басқару;
  • Активтерді қайта құрылымдау жоспарын әзірлеуге және орындауға қатысу;
  • ЕТҰ-ның электр және жылу энергиясын өндірудің, электр энергиясын беру мен көмір өндірудің өзіндік құнын төмендету жөніндегі жұмысын үйлестіру және бақылау;
  • үнемді өндіріс қағидаттарын ендіру;
  • ЕТҰ қызметін оңтайландыру;
  • Қоғамның және ЕТҰ-ның Инновациялық-технологиялық стратегиясын әзірлеу, өзектендіру және іске асыру;
  • Қоғамның Инвестициялық-инновациялық кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
  • Қоғамның және ЕТҰ-ның инновациялық қызметі;
  • ЕТҰ-да ҒЗТКЖ орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • ЕТҰ-да жаңа технологияларды патенттік-ақпараттық іздестіруді қалыптастыру және өзектендіру;
  • инновациялық-технологиялық даму мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу институттарымен өзара іс-қимыл жасау;
  • энергия мен ресурс үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру;
  • Қоғамның және ЕТҰ-ның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама талаптарын орындауын қамтамасыз ету (оның ішінде энергия аудиттерін жүргізу, энергия менеджменті жүйесін енгізу, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, бағдарламаларын орындау және басқалар);
  • Қоғам ЕТҰ-ларының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметіне мониторинг және бақылау жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • ЕТҰ жұмысындағы авариялық жағдайлар немесе технологиялық бұзушылықтар кезінде Қоғамның Басқарма төрағасын регламентке сәйкес уақтылы хабардар ету;
  • Қоғамның және ЕТҰ-ның өндірістік қызметі бөлігінде түзету іс-шараларын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
  • Қоғамның және ЕТҰ-ның өндірістік қызметі бөлігінде әрбір стратегиялық мақсат үшін әлеуетті әсері бар құжатталған бастамаларды қалыптастыру;
  • Қоғамның және ЕТҰ инвестициялық бағдарламасының орындалуын қалыптастыру, талдау және бақылау;
  • құрылыстың әлеуметтік объектілері бойынша жұмыстардың орындалуын іске асыру және бақылау, сондай-ақ уәкілетті органдармен Қоғамның әлеуметтік объектілері мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
  • Қоғам қызметіне байланысты үкіметтік стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды қадағалайтын бағыттары бойынша іске асыру.

Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы

Тәуелсіз директор, Аудит комитетінің Төрағасы, Тағайындау және сыйақы Комитетінің мүшесі, Cтартегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі.

2022 жылы 6 қазанда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№ 56/22 хаттама) тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Азаматтығы: Қазақстан
Туған жылы: 28.01.1977

Білімі:
1997-1999 Дюкейн университеті (Питсбург қ., АҚШ), «Бизнесті басқару» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі (BSBA).

2002-2003 Оксфорд университеті (Ұлыобритания).  Салыстырмалы әлеуметтік саясат жөніндегі ғылым магистрі (MSc Comparative Social Policy).

2005-2007 Калифорнияның Беркли университеті (АҚШ), МВА дәрежесі.

Сертификатты қаржы талдаушысы, CFA, 2012 жылдан.        

Жұмыс тәжірибесі:

2006-2008  SAP компаниясы (АҚШ), маркетинг жөніндегі маман

2009-2010  МакКинзи компаниясы (Мәскеу, РФ), консультант

2010-2012  Полиметалл компаниясы (Қазақстан)

2012-2013  КПМГ компаниясы (Қазақстан), аға менеджер.

2013-2020  PwC компаниясы (Қазақстан), аға менеджер, директор.

2020 жылдан бастап қазіргі кезге дейін «strategyLab» ЖШС консультациялық компаниясының негізін салушы.

Директорлар кеңестеріне қатысуы:

2022 жылдан бастап қазіргі кезге дейін «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директоры

Шет тілдері:
Ағылшын – еркін
Қоғамның, өнім берушілердің және бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.

 

Медиация

Медиация  - өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында, тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын медиатордың көмегімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.

Медиация жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын даулар (жанжалдар) бойынша қолданылады.

Медиацияның мақсаты – тараптар арасындағы жанжалдың деңгейін төмендете отырып, дау шешімінің екі тарапқа да қолайлы нұсқасын қол жеткізу.

«Самұрық-Энерго» АҚ ішкі медиаторлар пулының тізімі

Әділкерімов Арман Әділкерімұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Туған күні: 24 қыркүйек 1980 жыл

Білімі:

2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген (бакалавриат);

2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген (магистратура);

2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

07.2001 - 08.2002 - ҚР ӘМ «ҚР Заңнама институты» ЖАҚ, жетекші маман;

10.2002 - 12.2002 – «Қазбаспасөз» ААҚ, заң және кадр қызметі бөлімінің заң кеңесшісі;

03.2003 - 12.2003 – «Кедентранссервис» ЖАҚ, заң және кадр жұмысы бөлімінің заң кеңесшісі;

01.2004 - 10.2004 - «Тұрғын үй-құрылыс компаниясы» ЖШС, жылжымайтын мүлік нарығы секторының маманы;

11.2004 - 05.2005 – «КЕГОК» АҚ «Алматы МЭЖ» филиалы, Шарттарды іске асыру тобының 2 санатты инженері;

05.2005-06.2008 – «KEGOC» АҚ ИД, МГҚБ бас маманы;

06.2008 - 12.2015 – «ҚазТрансОйл» АҚ, Қелісімшарттар департаментінің бас менеджері;

01.2016 - 09.2017 – «Алматы электр станциялары» АҚ, Сатып алу басқармасының бастығы, Басқарма Төрағасының қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарының м. а.;

11.2017 - 01.2018 – «Қорғау инжиниринг» БК» ЖШС, Бас директор;

01.2018 - 08.2018 – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, Коммерциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директор;

10.2019 - 04.2021 – «Темірмаш» Павлодар зауыты» ЖШС, Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік директор.

04.2021 - 05.2022 – «Самұрық-Энерго» АҚ, Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор;

05.2022 - осы уақытқа дейін – «Самұрық-Энерго» АҚ, Құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор.

 

Атқаратын қызметі:

  • Қоғам мен ЕТҰ құқықтарының қорғалуы мен мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуді бақылау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғам мүдделеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Қоғамның шарттарының жобаларына және оларға қоса берілетін құжаттарға, Қоғамның бұйрықтары мен өзге де актілерінің жобаларына, Қоғам органдары шешімдерінің жобаларына, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының жобаларына сапалы және уақтылы құқықтық сараптама жүргізілуін қамтамасыз ету және бақылау;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның шағым-талап қою және сот-төрелік жұмысын жүргізуді қамтамасыз ету және бақылау, Қоғам мен ЕТҰ-ның сот (төрелік) ұстанымын айқындау (келісім бойынша), сондай-ақ құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау мақсатында соттарда Қоғамның мүдделерін білдіру;
  • Қоғам мен ЕТҰ-дағы тәуекелдерді басқару жүйесін, ішкі бақылау жүйесін қамтамасыз ету және бақылау, оның ішінде ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару жүйелері және қызметтің үздіксіздігін басқару саласындағы іс-шараларды, бақылау рәсімдерін және әдіснамалық базаны әзірлеу/өзектендіру;
  • Қоғамның компаниялар тобы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін жоспарларды әзірлеу мен орындау процесін қамтамасыз ету және бақылау, сондай-ақ үздіксіз қызмет бойынша іс-шаралар тиімділігіне мониторинг жүргізу және талдау жасау;
  • орнықты дамуды, тәуекелдерді және орнықты даму саласындағы ҚНК-ні басқаруды қамтамасыз ету және бақылау;
  • Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жөніндегі стратегияны әзірлеу/өзектілендіру, мониторингілеу және орындалуын бақылау;
  • Қоғамның Корпоративтік басқару кодексі мен Қоғам және ЕТҰ-да Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының әзірленуі және іске асырылуын қамтамасыз ету;
  • Қоғамның Жылдық есебін әзірлеу мен жариялауды үйлестіру және бақылау;
  • GRI жүйесі бойынша есеп дайындау тәжірибесін енгізу;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруын қамтамасыз ету және бақылау;
  • сатып алудағы жергілікті қамту үлесінің ұлғаюын қамтамасыз ету және бақылау;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның Сатып алу жоспарлары мен кестелерінің орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының, «Самұрық-Қазына» АҚ, Қоғам мен ЕТҰ-ның нормативтік құжаттары талаптарының орындалуын және Қоғам мен ЕТҰ-ның тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде рәсімдерді сақтауын қамтамасыз ету;
  • негізгі өндіріс жабдықтарын жеткізу бойынша логистиканы үйлестіру және бақылау;
  • Қоғамда тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің баға маркетингін жүргізуді, сатып алудағы маркетингтік бағалардың жоспарлы және нақты көрсеткіштерін, Қоғам мен ЕТҰ-ның негізгі тауар ұстанымдарын қамтамасыз ету және бақылау;
  • ірі жобаларды іске асыру кезінде негізгі жабдыққа баға маркетингін қамтамасыз ету және бақылау;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде баға мониторингін қамтамасыз етуі және бақылауы;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуін және қамтамасыз етуін бақылау;
  • ЕТҰ-дағы тауар-материалдық қорлардың айналымдылығын қамтамасыз ету және бақылау;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ мен Қоғам деңгейінде басқарылатын сатып алу санаттық стратегияларын әзірлеу, бекітілуін қамтамасыз ету және бақылау, іске асыру және іске асырылуына мониторинг жүргізу.

 

Ивченко Елена Дмитриевна

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның GR, дамыту және IT жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі

Туылған күні: 09 сәуір 1975 жыл

Білімі:

1997 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ды «Экономика және инфрақұрылымды басқару» мамандығы бойынша бітірді;

2015 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ды «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітірді;

MBA – “Іскерлік әкімшілендіру шебері» City Business school;  

CAP - Бағдарламасы бойынша халықаралық кәсіби сертификаттау;

CIPA біліктілік деңгейі CAP: Certified Accounting Practitioner - сертификатталған бухгалтер – практик;

IPFM DiplFRS – «The Diploma in basic competence in IFRS» Ұлыбританияның кәсіби қаржы менеджерлері институтының халықаралық дипломы;

БМЖ – «Ішкі аудитор, біріктірілген менеджмент жүйесі»  бағдарламасы бойынша сертификатталған

Жұмыс тәжірибесі:
-       1997-2008 жж. - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының аға оқытушысы;

-       2007-2008жж. – «Промтехмонтаж» ЖШС, инженер-сметашы;

-       2008-2014жж. – «KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалы, жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші экономисі, өндірістік-техникалық қызметтің жетекші инженері;

-       2014-2018жж. – «Шығысэнерготрейд» ЖШС, бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау бөлімінің бастығы, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының м. а.;

-       2018-2019 жж. – «ШҚ АЭК» АҚ, Басқарма төрағасының Экономика және қаржы жөніндегі орынбасары - Басқарма мүшесі;

-       05.2019 -10.2019жж.  - ҚР Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі;

-       10.2019 - 04.2021жж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті, Төрағаның орынбасары;

-       04.2021 - 05.2022жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, Даму және сату жөніндегі басқарушы директор;

-       06.2022ж. - қазіргі уақытқа дейін - Дамыту, сату және өзгерістер жөніндегі Басқарушы директор.

Атқаратын қызметі:

-     Қоғамдағы Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, бақылау және ЕТҰ-ларда осы жұмысты үйлестіру;

-     Сату стратегиясын әзірлеу, іске асыру және оның орындалуын бақылау;

-     көмір және электр энергиясын өткізудің жаңа нарықтарын игеру бойынша сауда операцияларын жүргізуге бақылауды қамтамасыз ету және жүзеге асыру;

-     ЕТҰ-лар бойынша өндірілетін электр энергиясы мен көмірдің жоспарланған көлемін сатуды, сондай-ақ бюджетке сәйкес ЕТҰ-ның негізгі қызметінен жоспарланған кіріс бөлігін алуға бақылауды қамтамасыз ету және жүзеге асыру (жоспарлау және орындау);

-     Қоғам қызметі саласындағы заңнаманы талдауды қамтамасыз ету, үйлестіру және бақылау, және тиісті ұсыныстар әзірлеу;

-     электр энергиясы мен қуатының, көмірдің ішкі нарығының, сондай-ақ жақын және алыс шетел нарықтарының жай-күйін талдауды қамтамасыз ету, үйлестіру және бақылау, дамыту бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеу;

-     электр энергиясы мен көмір нарықтарындағы конъюнктураның өзгеруін талдауды қамтамасыз ету, үйлестіру және бақылау;

-     инвестициялық жобаларды басқару;

-     мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуді жүзеге асыруды қамтамасыз ету және бақылау;

-     жобаларды құрылымдау мен қаржыландыруды ұйымдастыруды үйлестіру және бақылау (Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директормен бірлесе отырып;

-     инвестицияларды тарту бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізу және оларға қатысу;

-     халықаралық қаржы ұйымдарының заңнамасы талаптарының, нормалары мен қағидаларының, халықаралық қаржы институттарының қаражатын тарта отырып орындалатын жобалар бойынша келісімдер талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

-     жобалардың Қоғам Стратегиясының инвестициялық саясатының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету және бақылау;

-     инвестициялық жобаларды бағалау және іске асырумен байланысты қызметтер мен жұмыстарды орындау кезінде сыртқы консультанттармен өзара іс-қимыл жасау;

-     Қоғамның инвестициялық жобалар портфеліне енгізу үшін жобаларды анықтау және жобалар бойынша шешімдердің орындалуын бақылау;

-     операциялық жобалардың теңгерімді портфелінің өзгерістерін қалыптастыруды, мониторингілеуді және басқаруды үйлестіру және бақылау және оны корпоративтік рәсімдерге сәйкес бекіту;

-     Трансформациялау, сондай-ақ цифрландыру және Қоғамның АТ, оның ішінде ЕТҰ бағдарламаларының жобаларын басқару;

-     Қоғам мен ЕТҰ менеджментінің корпоративтік жүйесін енгізу және жетілдіру;

-     Қоғам мен ЕТҰ-ның АТ стратегиясын әзірлеу, өзектендіру және орындалуын бақылау;

-     бизнес-процестерді оңтайландыру, автоматтандыру және цифрландыру, сондай-ақ ЕТҰ-ны қоса алғанда, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына тиісті өзгерістер енгізу;

-     корпоративтік АТ-жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

-     АТ инфрақұрылымының сенімділігі мен тиімділігін арттыру;

-     деректерді басқару процестерін құру және оларды автоматтандыру;энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы талдамалық жүйелерді цифрландыру;

Огай Алексей Владимирович

Директорлар кеңесінің мүшесі

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№ 41/23 хаттама) 2023 жылғы 24 тамызда Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 1 желтоқсан 1970 жыл

Білімі:

Алматы   энергетикалық институты

Жұмыс тәжірибесі:


08. 2023 - «Самұрық-Қазына» Энергетика және тау-кен активтері департаментінің директоры

2020– 2023 - «Самұрық-Энерго» АҚ, Астана қ., «Активтерді қайта құру және сату» департаментінің директоры

2016 – 2018 – Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор, «Самұрық-Энерго» АҚ.

2015 – 2016 - CDO, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

2014 – 2015 - «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі бас директордың орынбасары

2011 – 2014 - «Самұрық-Қазына» АҚ Электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры   

2008 – 2011 - «Самұрық-Қазына» АҚ Электр энергетикалық активтер дирекциясының бас сарапшысы 

2006 – 2008 – Бас сарапшы, «KEGOC» АҚ Тобы, «Холдинг «Самұрық» АҚ

1998 - 2006   - «KEGOC» АҚ Жоспарлау және экономикалық талдау департаменті экономикалық талдау бөлімінің маманы, бастығы.

Шет тілдері: ағылшын

Компанияның, өнім берушілердің және бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.