SAMRUK ENERGY

ТИІМДІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯ

Жаңалықтар

16.05.24

«АЖК» АҚ электр монтерлары арасында байқау басталды

10.05.24

Samruk-Green Energy-дің 12 мыңнан аса жасыл сертификаты сатылды

09.05.24

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтовтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Компания туралы

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстан экономикасының барлық салаларының орнықты дамуын қамтамасыз ететін энергиямен жабдықтаудың тиімділігі жоғары жүйесін қалыптастыруға бағытталған ірі көпсалалы электр энергетикалық холдинг. Оның қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөлу және өткізу; энергетикалық көмір өндіру. Компания өндіруші қуаттарды жаңғырту, қайта құру және салу арқылы елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, электр энергетикасы саласындағы үйлестірілген мемлекеттік саясатты іске асырады.

Басқарма Төрағасының Блогы

Құрметті «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік сайтының оқырмандары! Жеке блогыма танытқан қызығушылық үшін алғыс білдіремін. Аталған платформа Компанияның және оның еншілес тәуелді ұйымдары жұмысына қатысты сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарыңызды қабылдауға арналған. Мұндай қарым-қатынас мүмкіндігі Қоғам туралы оң пікір қалыптастыруға зор үлесін қосады деп үміттенемін.

Блогқа өту
blog pred

«Самұрық-Энерго» АҚ инвестициялық жобалары

Компаниялар тобы

Орталық кеңсе

Генерация компаниялар

Тарату компаниялар

СЭС

ЖЭК

Көмір компания-лар

31.8%

Қазақстанда электр энергиясын жалпы өндіруден

25.5%

ҚР БЭЖ-дегі станциялардың белгіленген жиынтық қуатынан

37.3%

ҚР көмір өндіру көлемінен

965.846

млн. теңге активтер

map

Пайдалы сілтемелер

«Шардара СЭС-ін жаңғырту» жобасы

«Шардара СЭС-ін жаңғырту» жобасы

photo5 SHARGES

Жобаның сипаттамасы: Жоба электр энергетикасы өнеркәсібіне жатады, жұмыс істеп тұрған СЭС-ті сенімді пайдалануды қамтамасыз етуге және өңірдегі энергия ресурстарына қажеттілікті жабу үшін қуатты ұлғайтуға бағытталған. Жоба заманауи технологияларды қолдана отырып, СЭС-тің қолда бар жабдықтарын жаңғырту арқылы қолданыстағы өндірісті жаңарту үшін іске асырылды, бұл су электр станциясының қуатын 100 МВт-дан 126 МВт-ға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ оның пайдалану сенімділігін арттырып, авариялылық тәуекелінің деңгейін төмендетуге әкелді.

Жобаның мақсаттары:

  • Станцияның өнімділігі мен пайдалану қауіпсіздігін арттыру үшін моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген жабдықтарды ауыстыру;
  • станцияның белгіленген қуатын 26% - ға (100 МВт-дан 126 МВт-ға дейін) ұлғайту және өңірде электр энергиясының өсіп келе жатқан тапшылығын жабу үшін электр энергиясын өндіру;
  • жабдыққа жөндеу-пайдалану қызметін көрсетумен байланысты тікелей шығындарды азайту есебінен станция қызметінің тиімділігін арттыру;
  • қолда бар жабдықтарды жаңғырту арқылы станция қуатын арттыру;
  • жабдықты пайдалану сенімділігін арттыру және апаттылық тәуекелінің деңгейін төмендету.

Іске асыру кезеңі: 2010-2020 жж.

Қазіргі кездегі жағдайы:

2020 жылғы 28 тамызда энергия объектісін пайдалануға қабылдау туралы актіге қол қойылды.