«Самұрық-Энерго» АҚ басшылығының Мойнақ СЭС-ке жұмыс сапары

«Самұрық-Энерго» АҚ басшылығының Мойнақ СЭС-ке жұмыс сапары

news se 101023 2

Алматы облысындағы Мойнақ СЭС – су қоймасының деңгейі мен гидроагрегаттардың орналасуы арасында 500 метр биіктік айырмашылығы бар деривациялық үлгідегі Қазақстандағы бірінші және жалғыз жоғары қысымды ірі су электр станциясы. Ол Шарын өзенінің көркем табиғи аймағында орналасқан. Станция өзінің технологиялық ерекшеліктері мен шешілетін міндеттері бойынша бірегей болып табылады және «Самұрық-Энерго» энергетикалық холдингінің генерациялаушы қуаттарынан ғана емес, сонымен бірге республиканың жұмыс істеп тұрған барлық электр станцияларынан да ерекшеленеді.

news se 101023 2

news se 101023 2

«Мойнақ СЭС»-ке жұмыс сапарымен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов келді. Электр энергетикалық холдингінің басшысы СЭС жұмысымен, оның жабдықтарының техникалық жай-күйімен, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңге дайындық жөніндегі іс-шаралармен және перспективті жоспарлармен танысты. Нысанды Қайрат Мақсұтовқа «Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Руслан Тұрғамбаев пен «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ғалымжан Айдарбеков еріп жүріп, аралап көрсетті.

news se 101023 2

Қазіргі уақытта станцияда негізгі және қосалқы жабдықтарға жыл сайынғы жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Жөндеу жұмыстары барысында гидротурбиналарға, жабдықты автоматты басқару және өрт сөндіру жүйелеріне тексеру, қысымды деривацияның жай-күйіне бағалау жүргізілетін болады. Станция тоқтаған кезеңде Бестөбе су қоймасының су қорлары шамамен 60-70 млн м3-ке толықтырылады, бұл станцияға жыл соңына дейін жоспарланған электр энергиясының 858 млн кВтсағ көлемін өндіруге мүмкіндік береді.

news se 101023 2

Сапар аясында «Самұрық-Энерго» АҚ басшылары Мойнақ СЭС негізгі нысандарын: контрреттегіш бөгетін, теңестіру резервуарын, №2 кіреберіс штольняны және Бестөбе су қоймасының нысандарын аралап көрді.