«Самұрық-Энерго» бүгін

Жұмыс істеп тұрған генерациялаушы қуаттарды жаңарту және жаңаларын енгізу бойынша ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты әзірлеу мен оны іске асыру мақсатында 2007 жылғы 18 сәуірде құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімімен «Самұрық - Энерго» акционерлік қоғамы құрылды (бұдан әрі - «Самұрық - Энерго» АҚ немесе Қоғам). Құру кезінде «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ Қоғамның құрылтайшылары болып табылды.

“Компания алдында жоғары экономикалық тиімділік пен инновациялық жетілуді, әлеуметтік жауапкершіліктің озық стандарттарын үйлестіре отырып, ішкі тұтынушылар мен экспорт көлемін энергия ресурстарымен толық қамтамасыз ете алатын оңтайлы даму моделін қалыптастыру міндеті тұр.”

Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы

Негізгі өндірілетін өнім:

Электр энергиясын өндіру;

Жылу энергиясын өндіру;

Электр энергиясын тарату және бөлісу;

Энергетикалық көмірді өндіру

Өндірістік қуаттар

2021 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларының орнатылған қуаты 6 215 МВт-ны құрады, бұл ҚР БЭЖ электр станцияларының қуатының 26 %-ын құрайды.
Электр энергиясын өндіру көлемі 35 609 млн. кВтс құрады, ол 2021 ж. ҚР БЭЖ бойынша өндірілген электр энергияның 31 %-ын құрайды.
2021 жылы «Самрұқ-Энерго» АҚ электр станциялары 5 766,0 мың.Гкал жылу энергиясын тұтынушыларға жеткізді.

Кернеуі 0,4 - 220 кВ ЭТЖ ұзындығы, км:

25 009,85 км

Әуе ЭТЖ

5 378,78 км

Кабельдік ЭТЖ

30 388,63 км

ЭТЖ-нің жалпы ұзындығы

 

Кернеуі 220 кВ және одан төмен қосалқы станциялар бойынша деректер:

35 кВ

Кернеуі

7112,46 МВА

Толық қуаттылығы. Саны — 207.

6-10/04 кВ

Кернеуі

2841,61 МВА

Толық қуаттылығы. Саны — 7158.

Негізгі нарықтар

ҚР – ның ОЭЖ аймақтары бойынша «Самұрық - Энерго» АҚ ЕТҰ – ның өнімді және қызметтерді сатудың негізгі кілтті нарығы(электрлік энергияның сауда нарықтары және жылу энергиясының жергілікті нарықтары):
• Сотүстік аймақ – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс - Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы
• Оңтүстік аймақ – Алматы, Жамбыл, Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы • Батыс аймақ – Маңғыстау облысы
Сонымен қатар, өндірілетін энергетикалық көмір Қазақстанның ішкі нарығында сатылып, Ресей Федерациясына экспортталады.