«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтовтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

 

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

9 мамыр - соғыс ардагерлерінің ерлігі мен батырлығын ұлықтайтын ерекше мереке.

Отанын қорғаған батырлардың ерлігі кейінгі ұрпақтың жадында мәңгілік қалады.

 

Бүгін біз майданда қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, осы күнге аман жетіп, арамызда жүргендеріне құрмет көрсетеміз. Олардың ерлігі – отансүйгіштіктің, ерліктің жарқын үлгісі.

 

Ата-баба ерлігін мәңгі есте сақтау, ардагерлерге тағзым етіп, қамқорлық көрсету - қасиетті борышымыз.

 

Бұл күндері «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы орналасқан өңірлерінде арнайы іс-шаралар өткізуде. Батырлардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, ардагерлерге барып, оларға қолдау білдіруде.

 

Осы айтулы күні майдангер-батырларымызға, тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін!

 

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Құрметпен,

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов

Энергетика вице-министрі мен Самұрық-Энерго басшысы 1-МАЭС-ке барды

ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов пен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Екібастұз 1-МАЭС-ке жұмыс сапарымен барды.

Іс-сапар барысында вице-министр мен Самұрық-Энерго басшысы №1 энергоблогын қалпына келтіру жұмыстарымен және электр станциясындағы жөндеу науқанының  барысымен танысты.

«Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС Бас директоры Асан Наурызғалиев станцияның жөндеу науқанына дайындығы, тауар-материалдық  құндылықтардың жеткіліктілігі және жұмысшылардың жөндеу жұмыстарына жұмылдырылғаны туралы баяндады. Сонымен қатар, станцияның алдағы 2024-2025 жж. жылыту маусымына дайындығы туралы есеп тыңдалды.

Іс-сапардың қорытынды жиналысында станция басшылығына нақты тапсырмалар, оның ішінде № 1 энергоблогы бойынша, турбиналық қоректендіру сорғысын монтаждау мерзімдерінің жоспардан ауытқуына жол бермеу және энергоблокты уақытында іске қосу туралы тапсырмалар берілді.

 

Самұрық-Энерго еншілес ұйымдарының бірқатар қызметкерлері құрметті демалысқа шықты

Екібастұз МАЭС-1 ұжымы жабдықтарды жөндеу бойынша слесарьлары Тоқтар Тұрарұлы Қисамиденов пен Тұрабек Қапарұлы Абдулинді зейнеттік демалысқа шығарып салды.
 
Станцияда 36 жыл жұмыс істеген Тоқтар Тұрарұлы жоғары білікті мамандардың бірнеше буынын тәрбиелеп, жас қызметкерлерге мамандыққа деген сүйіспеншілікпен қатар өз ісіне деген адалдықты да сіңірді.
 
Көп жылғы еңбегі және электр энергетикасын дамытуға қосқан үлесі үшін Тоқтар Тұрарұлы «МАЭС-1» ЖШС Құрмет грамотасымен, “Алғыс белгі” медалімен, ҚР Энергетика министрлігінің “Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен және “Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды.
 
Тұрабек Қапарұлы энергетика саласына 30 жылдан астам еңбек сіңірген. Қажырлы ісімен бүкіл станция ұжымының құрметіне ие болды. “Ардагер энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы” құрметті атағының иегері атанды.
 
Екібастұз МАЭС-2 ұжымы емдеу-профилактикалық қызметінің дәрігері, кәсіби патолог Валентина Распаеваны зейнеттік демалысқа шығарып салды. Ол станцияда 22 жыл денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі және терапевт болып жұмыс істеді. Адал еңбегі үшін алғыс хаттармен, сондай-ақ құрмет грамоталарымен марапатталды.
 
“АлЭС” АҚ 3-ЖЭО қазандық цехының 5-разрядты сорғы қондырғыларының машинисі Сәкен Сағынайұлы Күренкеев зейнетке шықты. Оның жалпы энергетика саласындағы еңбек өтілі 46 жыл, оның ішінде 17 жыл Сәкен Сағынайұлы 3-ЖЭО-да жұмыс істеді. 2018 жылы адал еңбегі үшін станцияның Құрмет тақтасына енгізіліп, алғыс хаттармен марапатталды.
 
Құрметті қызметкерлерімізді зейнеттік демалысқа шығуымен құттықтаймыз!
 
Зор денсаулық пен амандық тілейміз!

 

 

 

Омбудсмен Нариман Ақылов кәсіби медиатор сертификатын алды

«Самұрық-Энерго» АҚ омбудсмені Нариман Ақылов медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтады. Медиацияның жалпы курсының қорытындысы бойынша оған "Кәсіби медиатор" біліктілігі берілді. Сертификатты Құқық, медиация мен келіссөздер орталығы және «Халықаралық құқық қорғау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі берді.

 

 

 

 

 

Екібастұз МАЭС-2 су тасқынынан зардап шеккендерге 40-тан астам электр генераторын жіберді

"Екібастұз МАЭС-2" станциясының қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысып, табиғи апат салдарынан зардап шеккен отандастарымызға көмектесуде. Осы орайда олар өз еркімен қаражат жинау туралы шешім қабылдады.

МАЭС-2 ұжымы гуманитарлық көмек ретінде өңірлерге 40-тан астам электр генераторын жіберді. Сондай-ақ, станция қызметкерлері Солнечный кентінің тұрғындарымен бірлесе Атырау, Орал, Атбасарға  ауыз су мен азық-түлік жіберген.

Сонымен қатар МАЭС - 2 ұжымы Екібастұз қаласының еріктілерімен бірге зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жинау пунктін ұйымдастырды.

"Осындай қиын кезеңдерде шынайы жанашырлық пен бірлігімізді көрсету керек. Өйткені тек өзара көмек, қолдау болса ғана апат салдарын жеңеміз. Біздің көмегіміз отандастарымыздың игілігіне жарасын", - деді " Екібастұз МАЭС-2 станциясы " АҚ Басқарма төрағасы Болат Қашағанов.

 

 

 

 

 

Инженерлік-техникалық кадрларды АлЭС пен Satbayev University бірлесіп дайындайтын болады

«АлЭС» АҚ және Satbayev University өндірісте сұранысқа ие инженерлік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі өзара ынтымақтастық, сондай-ақ білім, ғылым және бизнесті интеграциялау туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар білім беру және ғылыми қоғамдастықты ілгерілету мен дәріптеуде әріптестікті күшейтуге, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, тағылымдамаларды, практикаларды ұйымдастыруды бірлесіп жүргізуге ниетті. Сондай-ақ, ЖОО түлектері «АлЭС» АҚ-ға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқыққа ие болады.

«Энергетика саласына сауатты, дайындығы мықты жастардың келуі, кәсіпорынымызда жұмыс істеуі біз үшін өте маңызды. Сондықтан біз ЖОО-мен бірлесіп жұмыс істеуге және білім беру бағдарламаларын бірге дамытуға дайынбыз. Қазір біз мамандарды дайындау мәселесін басты назарда ұстаймыз. Біздің көптеген ардагерлеріміз қазіргі кезде зейнетке шығуда.  Алдағы уақытта АлЭС өндірістерін жаңғырту бойынша үлкен жоспарларымыз бар. Оларды жүзеге асыру үшін жас техникалық кадрлар қажет», - деді «АлЭС» АҚ Басқарма төрағасы Ерік Маширов.

Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаев кадрларды сапалы даярлау үшін ғылымның өндіріспен өзара байланысының маңыздылығын атап өтті.

«Біз АлЭС-пен ынтымақтастықты құптаймыз, зерттеу жүргізу үшін зертханалық базаны ұсынуға және оқытуға қолдау көрсетуге дайынбыз. Тиімді серіктестікті қамтамасыз ету үшін Сіздің компанияңыздың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеруге дайынбыз. Мысалы, сіздің қызметкерлеріңізге ыңғайлы болу үшін қашықтан оқу мүмкіндіктерін ұсыну. Біз магистратура мен докторантура бойынша арнайы бағдарламаларды ұсынамыз, оларды өндірістік қызметпен үйлестіруге болады», - деп атап өтті Мейрам Бегентаев.

Сонымен қатар, университет басшылығы өндірістік процесс бойынша бейіндік бөлімнің студенттерінің де білім алуына қолайлы онлайн дәрістер курсын бірлесіп әзірлеуді ұсынды.

 

 

 

 

 

Самұрық-Энерго ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының аясында Астанада жалпықалалық сенбілік өтті. Оның басты мақсаты - қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын дәріптеу.

Іс-шараға “Самұрық-Энерго” АҚ-ның ұжымы қатысты. Қызметкерлер «Самұрық-Қазына» Қорының 15 жылдығына орай компания отырғызған «Энергетиктер аллеясын» қоқыстан тазартты.

 

 

 

 

Самұрық-Энерго және ҚХСШжЭК басшылары Қазақстанда алғашқы ГАЭС салу жобасын талқылады

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов пен Қытай халықаралық су шаруашылығы және энергетика корпорациясы (ҚХСШжЭК) Директорлар кеңесінің төрағасы Jiang Shouguo бейнеконференция форматында кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстанда гидроаккумуляциялық электр станциясын (ГАЭС) салу жобасы бойынша техникалық-экономикалық зерттеу жүргізу жұмыстары мен екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

ҚХСШжЭК Директорлар кеңесінің төрағасы Самұрық-Энерго басшысын Шығыс Қытайдағы ГАЭС-тің жұмысымен және әріптестікті дамыту бойынша келіссөздер жүргізу үшін Қытайға іс-сапармен келуге шақырды.

2024 жылы 6 наурызда «Самұрық-Энерго» АҚ мен Қытай халықаралық су шаруашылығы және энергетика корпорациясы Қазақстандағы алғашқы ГАЭС жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Тараптар жобаны әзірлеу және оны іске асыру бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаласты.

 

 

 

 

Самұрық-Энерго және Подольск машина жасау зауыты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

"Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов және "Подольск машина жасау зауыты" АҚ ("ЗиО" АҚ) Директорлар кеңесінің Төрағасы Артем Зуев энергетика саласындағы жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында тараптар энергетикалық нысандарды салу, қайта құру, жаңғырту және жабдықтарды жеткізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ тиімді техникалық-экономикалық шешімдерді пысықтау және іске асыру бойынша кеңес беру, тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

"ЗиО" АҚ ТМД-дағы энергетикалық машина жасау нарығы көшбасшыларының бірі және энергетика саласындағы жобаларды барлық кезеңдерде іске асыруда мол тәжірибеге ие.

 

 

 

«Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымдары тасқыннан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуді жалғастыруда

Екібастұз МАЭС-1 қызметкерлері Екібастұз волонтерлік ұйымдарымен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан облысына 6 тонна гуманитарлық жүк жөнелтті.

Сонымен қатар Екібастұз МАЭС-1 жүктерді тасымалдауға КамАЗ және волонтерлерге автобус бөлді.

Су тасқынынан зардап шеккен жандарға ауыз су, азық-түлік және бірінші кезекте қажетті заттар, табиғи апаттың салдарын жою үшін арнайы киімдер мен материалдар жіберілді.

 

 

 

 

1-ЖЭО: Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүріп жатыр

Алматы 1-ЖЭО-да алдағы 2024-2025 жылдардың жылыту маусымына дайындық басталды. Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде.

 

Қазіргі уақытта №10 қазандық агрегаты мен №2 су жылыту қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Сорғы жабдығына, №9 қазандық агрегатына және №4 су жылыту қазандығына қосалқы жабдықпен бірге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалатын жұмыстардың сапасына пайдалану персоналының өкілдері тұрақты бақылау жүргізеді.

«2024 жылдың жөндеу науқанында сорғы жабдықтарын, жылу беру жабдықтары жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, кестеге сәйкес 6 қазандық агрегаты, 7 су жылыту қазандығы және қосалқы жабдығы бар 3 турбиналық агрегат жөнделеді», - деді 1-ЖЭО бас инженерінің орынбасары Владимир Сизов.

2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде станция 368 млн кВт*сағат электр энергиясын және 1 359 млн Гкал жылу энергиясын өндірді. ЖЭО өткен 2023 жылды да сәтті аяқтады. Жоспардағы 392 млн кВт*сағат электр энергиясын өндіру орнына станция 428 млн кВт*сағат энергия берді. Жылдық жоспар 109%-ға орындалды. Жылуды босатудың жылдық жоспары 105%-ға орындалды: жоспарланған көлемі 1 405 мың Гкал болса, ал нақты өндіру 1 484 мың Гкал құрады.

“2025 жылы Алматы 1-ЖЭО өзінің 90 жылдығын атап өтеді. Іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 1-ЖЭО 39 млрд кВт*сағаттан астам электр энергиясын және 150 млн Гкал астам жылу энергиясын өндірді», – деп атап өтті станция директоры Әлібек Тастанбеков.