Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан энергетиктері Астанада бас қосты

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан энергетиктері Астанада бас қосты

«Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы Су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының кездесуіне қатысты, онда үш ел арасындағы су-энергетикалық ынтымақтастық талқыланды.

news se 28 08 23 2

news se 28 08 23 2

Келіссөздерде қазақстандық тарап атынан ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Галидулла Азидуллин өкілдік етті. Сонымен қатар кездесуге «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов та қатысты.  

news se 28 08 23 2

Астанадағы келіссөздердің негізгі тақырыптары алдағы 2023-2024 жж. күзгі-қысқы кезеңде Орталық Азияның Біріккен энергетикалық жүйесі шеңберінде республикалардың өзара іс – қимылы, оның ішінде өңірдегі электр энергиясын жеткізу, сондай-ақ көршілес Қырғызстанда Камбар ата ГЭС-1-ді салу жөніндегі жобаны іске асыру мәселелері болды.

news se 28 08 23 2

Көршілес Орталық Азия мемлекеттерінің энергетикасын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау барысында кездесуге қатысушылар электр энергиясын есепке алу тетігіне, республикалардың шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы электр энергиясының жоспардан тыс ағындарын реттеуге, оның үшінші елдерден тасымалдауына байланысты мәселелерді пысықтауды жалғастыруға шешім қабылдады. Сондай-ақ, Тараптар өзара көмек шеңберінде өңірдегі су аз болатын кезеңді ескере отырып, алдағы күзгі-қысқы кезеңнің сәтті өтуі үшін барынша күш салатынына сендірді.

news se 28 08 23 2

Үш елдің су-энергетикалық ынтымақтастығы шеңберінде талқылау мен консультациялар жалғастырылатын болады. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының келесі кездесуін ағымдағы жылдың соңына дейін өткізу жоспарлануда.