«Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымдары тасқыннан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуді жалғастыруда

https://youtube.com/shorts/airpuf_iK9U?si=LCWX2oCKpzUOyA0U

Самұрық-Энерго қызметкерлері Түркістанда өткен жастар форумына қатысты

Самұрық-Энерго қызметкерлері Түркістанда өткен жастар форумына қатысты

Биыл 24 қазан – 2 қараша аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бойынша белсенді, ынталы қызметкерлерді анықтау мақсатында Қор жас мамандарға арналған  10 күндік челлендж өткізген болатын.

news 14 11 1

Соның қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» компаниялар тобынан, атап айтқанда «АлЭС» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Energy Solutions Center» ЖШС білдірген 31 қатысушы қазанның 10 - 13 аралығында Түркістан қаласында өткен жастар форумына шақырылды.

 «Форум өте қызықты, сапалы мазмұнды болды! Сондықтан болар 3-4 күн тез өте шықты. Көңіл-күйіміз өте жақсы. Пайдалы білім мен қатар жаңа достық қатым-қатынастар орнатып қайттық, - деп форумнан алған әсерімен «АЖК» АҚ «Серіктес» жергілікті кәсіподағы» төрағасы Сабыржан Қали бөлісті.

news 14 11 1

news 14 11 1

Форум бағдарламасы шеңберінде біздің жастар ұжымдық жұмыс, қоғам алдында сөз сөйлеу шеберлігі сынды тақырыптарда пайдалы ақпарат алды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған квест ойындары аясында арнайы жасақталған этноауылға барып, киіз үй тігіп, ұлттық тағамдар әзірледі. Тарихи-танымдық және өлкентану тақырыбында ақпарат алып, садақ ату, теңге ілі, асық ату, арқан тарту сынды ұлттық ойындардан жарысқа түсті.      

news 14 11 1

news 14 11 1

news 14 11 6

«Форум бір деммен өте шыққандай болды, өз басым біраз толғандыратын сұрақтарға жауап алдым. Бір бағытта еңбек етіп жүргендер қаншалықты үйлесімді әрекет есте, жұмыстың нәтижесі соншалықты жоғары деңгейде болады. Ал ол үшін бізге берілген барлық мүмкіндіктерді толыққанды пайдалануымыз қажет. Әрекет түбі – берекет! – дейді «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қашықтықта қызмет көрсету жөніндегі департаментінің директоры Чингиз Жүйріков.

news 14 11 7

Форумның соңғы бөлігінде қатысушылар жастар саясатын дамыту мәселелерін талқылады, жастар ұйымының құндылықтары мен қағидаттарын анықтап, өз ұсыныстарын білдірді. 

news 14 11 8

Самұрық-Энерго қызметкерлері «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының жекешелендіру бағдарламасымен және IPO-мен танысты (2)

«Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығында «Самұрық-Қазын» АҚ портфельдік компанияларының жекешелендіру және IPO мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде компания қызметкерлерімен кездесу өтті. Қордың, «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, қазақстандық AIX және KASE қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері спикерлер ретінде сөз сөйледі.

 MG 7785

 MG 7791

Сарапшылар бағалы қағаздарды сатып алу тетіктері, олардың кірістілігі, акциялар саудасына байланысты ықтимал тәуекелдер, процеске қатысатын компаниялар туралы мәліметтерді қоса алғанда, IPO бағдарламасын іске асырудың ерекшеліктерін егжей-тегжейлі баяндап берді. Кездесудің соңғы бөлігінде іс-шараға қатысушылар бағалы қағаздарға инвестиция салуға қатысты өздерін қызықтыратын сұрақтардың барлығын қоюға мүмкіндік алды.

«Биржаның қатысуымен, инвестициялық банктердің, брокерлердің қатысуымен өтетін мұндай кездесулер біздің қызметкерлеріміздің қаржылық сауаттылығын дамыту үшін өте пайдалы, қызметкерлеріміздің Қорды дамытуға, елдің дамытуға, оның ішінде өзінің де әл-ауқатын жақсартуға қатысуын арттырады. Сондықтан, біз Самұрық-Энергоның қаржы блогы ретінде корпоративтік орталық қызметкерлерінің де, еншілес ұйымдар қызметкерлерінің де қатысуын қолдаймыз» - деп атап өтті кездесуге қатысушы «Самұрық-Энерго» АҚ «Қазынашылық және корпоративтік қаржы» департаментінің бас сарапшысы Сұлтан Мұқаев.

 MG 7793

 MG 7793

Ағымдағы жылдың жазында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ны 2022 жылдың соңына дейін IPO-ға шығаратынын хабарлағанын естеріңізге сала кетейік. Қор елдің жетекші мұнай-газ ұлттық компаниясының IPO-сын Қазақстанның барлық тұрғындары үшін қолжетімді етуді, сондай-ақ бөлшек және институционалдық инвесторларды барынша көп қамтуды жоспарлап отыр.

 

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында өткен VII Спартакиада аяқталды

24-25 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлерінің арасында VII Спартакиада Суперфиналының қорытынды ойындары өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен ең мықты спортшылар жиналған спорт аренасындағы құштарлықтың қызуы жанкүйерлерді соңғы секундқа дейін ширықтыра ұстап тұрды.

«Самұрық-Энерго» АҚ энергетиктері туының астында жеті құрама команда  өнер көрсетті, олар: «Самұрық-Энерго» орталық офисінің, Екібастұз ГРЭС-1, ГРЭС-2, «Богатырь-Көмір» ЖШС, «АлЭС» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері.

Жарыс қорытындылары бойынша мыналар жүлделі орындарға ие болды:

Кристина Гринченко, 65 кг дейінгі салмақта армрестлингтен әйелдер арасында 3-орын. («Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ)

Евгения Ваганова, 80 кг дейінгі салмақта армрестлингтен әйелдер арасында 3-орын. («Богатырь Көмір» ЖШС)

Магинур Латыпова, тоғызқұмалақтан әйелдер арасында 1-орын («Богатырь Көмір» ЖШС)

Динара Көбегенова, шахматтан әйелдер арасында 3-орын (АО «Алатау Жарық Компаниясы»)

Индира Байжанова, 65 кг артық салмақта армрестлингтен әйелдер арасында 1-орын. («Алатау Жарық Компаниясы» АҚ)

Сонымен қатар, «АЖК» АҚ қоржынына волейболдан бір қола, Арқан тартудан 1 күміс түсті.

Спартакиаданың бас жүлдесі – Суперкубокты «ҚазМұнайГаз» ҰК құрама командасы жеңіп алды.

Спортшылар жарысты дайындап, өткізуге қолдау және жан-жақты көмек көрсеткені үшін «Самұрық-Қазына» қорынан жарысты ұйымдастырушыларға, «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының басшылығына,  «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағына алғыс білдіреді.

2022 жылдың 7 айы бойынша ЖЭК көрсеткіштері

Қазақстанда жасыл энергетиканың даму қарқыны

Соңғы он жылдықта электр энергиясын жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандары  арқылы  өндіру көлемінің күрт өсуі көптеген дамыған және дамушы елдер үшін ортақ трендке айналды. Бұл үрдіс Қазақстанға да қатысты. «Самұрық-Энерго» АҚ еліміздің ірі электр энергетикалық холдингі ретінде жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыра отырып, энергетикалық ауысу жоспарын іске асыруда белсенді жұмыс атқарып келеді.   

2022 жылдың 7 айы бойынша ЖЭК көрсеткіштері

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың июль айындағы көрсеткішке сәйкес, Қазақстанда 142 ЖЭК нысаны жұмыс істейді.  Жыл басынан бері 8 нысан іске қосылды, олардың  жалпы қуат көлемі 322 МВт құрайды.  Ал жалпы қуаты 153 МВт болатын 13 энерго нысанды жыл соңына дейін іске қосу жоспарда.

ҚР бойынша ЖЭК нысандары өндіретін электр энергиясының үлесі- 3,7%

Су электр станциялары (СЭС) – 21%

Күн электр станциялары (КЭС) – 37%

Жел электр станциялары (ЖЭС) – 42%

Биогаз қондырғылары (БГҚ) – 0,2%

«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК нысандары (КЭС, ЖЭС, кіші СЭС)  2022 жылдың қаңтар-шілде айлары бойынша өндірген электр энергиясының көлемі 206,6 млн. кВтсағ, бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8,9%-ға артық (189,8 млн. кВтсағ).

2022 жылдың аталған уақыт аралығындағы ҚР бойынша барлық ЖЭК нысандары өндірісіндегі «Самұрық-Энерго» нысандарының үлесі 7,2%.  

«АлЭС» АҚ кіші СЭС каскады  

(белгіленген қуаты - 43,7 МВт)

2022 ж. қаңтар-шілде

106,0 млн. кВтсағ өндірілді

 

«Samruk-Green Energy» ЖШС КЭС

(белгіленген қуаты мощность - 3 МВт)

2022 ж қаңтар-шілде

3,2 млн. кВтсағ өндірілді

 

«Samruk-Green Energy» ЖШС Шелек ЖЭС-і

(белгіленген қуаты – 5 МВт)

2022 ж. қаңтар-шілде

8,5 млн. кВтсағ өндірілді

 

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС ЖЭС

(белгіленген қуаты – 45 МВт)

2022 ж. қаңтар-шілде  

83,5 млн. кВтч өндірілді

 

«Жетісу Энергиясы» ЖШС Шелек ЖЭС-і

(белгіленген қуаты – 60 МВт)

(2022 ж. қыркүйекте іске қосылды)

5,4 млн. кВтсағ өндірілді

2022 жылдың алғашқы 6 айы бойынша Қазақстанның электр энергиясы мен көмір нарығына талдау

 Елімізде көмір өндірісінің көлемі 6,1% өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында 55 341,8 мың тонна көмір өндірілген. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Нарықты дамыту және сату» департаменті әзірлеген «Қазақстанның қаңтар-маусым аралығындағы электр энергиясы мен көмір нарығына талдамалық шолуда» айтылған. Аталған мерзім ішінде Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдарының күшімен 56 383 млн.кВтсағ электр қуаты өндірілген, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштерден 942,4 млн. кВтсағ немесе 1,6%-ға кем. «Самұрық-Энерго» АҚ қуат өндіруші компанияларының 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірген электр энергиясының көлемі 17,2 млрд. кВтсағ, ал бұл еліміздегі энергетика нарығының 30%-дан астам бөлігін құрайды. Жыл басынан бері Қазақстанда жалпы қуаты 269,9 МВт құрайтын 3 күн және 3 жел электр станциялары іске қосылды. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні елімізде 140 ЖЭК (жаңартылған энергия көздері) нысандары жұмыс істейді. 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында ЖЭК нысандары өндірген қуат көлемі 2 392,5 млн. кВтсағ құрады. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштерден 2 011,9 млн. кВтсағ немесе 18,9% артық. Биылғы жылдың алғашқы 6 айы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК нысандары өндірген электр энергиясының көлемі 173,7 млн. кВтсағ, бұл жалпы ел бойынша ЖЭК-мен өндірілген электр энергиясының 7,3% құрайды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен (156,9 млн. кВтсағ) салыстырғанда 10,7%-ға артық.

Қазақстан энергетиктері сын-тегеуріннен сүрінбей өтті

Елімізде төтенше жағдайды енгізу Республиканың жылу-электр станцияларындағы  жылумен қамтамасыз ету науқанының аяқталуымен және жөндеу жұмыстарының басталуымен тұспа-тұс келді. Энергетиктердің жоғары кәсіби шеберлігі, қажыр-қайраты мен өзара көмекке қабілеті арқасында қалалар мен  елді мекендердегі халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің стратегиялық  нысандарында апатты жағдайлар мен тоқтап қалудың бірден-бір оқиғасына жол берілмеді. Бүгінгі фильм осы жылғы көктемнің елеусіз батырлары – энергетиктерге арналады.

 

 

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

_____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.