Samruk-Green Energy және АлматыЭнергоСбыт су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді

Samruk-Green Energy және АлматыЭнергоСбыт су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді

«Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымдары су тасқыны жүріп жатқан өңірлердің тұрғындарына көмек көрсетуде.

«Samruk-Green Energy» ЖШС қызметкерлерінің күшімен табиғи апаттан зардап шеккендерге ең қажетті заттардан жинақталған гуманитарлық көмек жөнелтті. Оның ішінде күрек, шелек, құм салуға арналған қаптар, резеңке етік, генератор, су сорғыш және басқа да керек-жарақтар бар.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС ұжымы Атырау облысындағы су тасқынымен күресу жұмыстарына қажетті материалдарды сатып алу үшін өз еркімен 4 миллион теңгеден астам қаражат жинады. Материалдық көмек «Атырау» корпоративтік әлеуметтік даму қорына жіберілді.