Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының құрамына сайланды

Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының құрамына сайланды

Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен Инвестициялар жөніндегі бас директор Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының құрамына сайланды.

Аңсар Айдарұлы Айдаров 1986 жылы 24 сәуірде дүниеге келген.

2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, 2012 жылы - Д. Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін бітіріп, заң ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

2013 жылы Гуманитарлық-техникалық академияны «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірді.

Ансар Айдаров IPMA International Project Management Association «В» деңгейіндегі жобалар портфелінің сертификатталған басшысы болып табылады.

2013 жылы «Энергия Семиречья» ЖШС Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 2014-2020 жылдары «Энергия Семиречья» ЖШС Бас директоры қызметін атқарды.

2020 жылы Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ-да Жобалау офисінің басшысы ретінде еңбек жолын жалғастырды.

2023 жылдың қыркүйегінде «Самұрық-Энерго» АҚ Инвестициялар жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.