Алматы ЖЭО-3 нысанын қайта жаңғырту жобасы бойынша өзекті ақпарат

Алматы ЖЭО-3 нысанын қайта жаңғырту жобасы бойынша өзекті ақпарат

Inbusiness.kz ақпараттық порталындағы 05.12.23ж. жарияланымға қатысты (Алматы ЖЭО-3 жаңғырту мерзімі ұзартылды) «Самұрық-Энерго» АҚ қазіргі уақытта көрсетілген материалдағы ақпарат өзекті емес екендігін хабарлайды, себебі 2023 жылғы 30 маусымдағы, сондай-ақ 2023 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның шоғырландырылған аралық қаржылық есептілігінде «Алматы ЖЭО-3 нысанын қайта жаңғырту» жобасын іске асыру туралы ақпарат төмендегіше ашып көрсетілген:

«Жобаны іске асыру мерзімі 2023-2027 жылдарға өзгертілді».

Жобаны іске асыру мерзімдерінің 2023-2027 жылдарға өзгеруі туралы ақпарат Siemens Energy компаниясынан негізгі жабдықты (бу-газ турбиналары мен генераторларды) жеткізу мерзімдеріне қатысты алдын ала жорамалардарға негізделген.

Айта кететін жайт, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы мен 9 айының қорытындысы бойынша әзірленген шоғырландырылған қаржылық есептілігінің жарияланған кезеңінде осы жобаны іске асыру бойынша ЕРС мердігер (консорциум құрамында: «KBI Energy Group» ЖШС  «Энерго Спец Строй» ЖШС-мен бірлескен, «СтандартЭнерго KZ» ЖШС және «СТРОЙИНДУСТРИЯ» ЖШС) мен Siemens Energy компаниясы арасында негізгі технологиялық жабдықты жеткізудің ақырғы күні бойынша, «АлЭС» АҚ тапсырыс берушісі үшін қолайлы мерзімде, яғни 2026 жылдың соңына дейін АТЭЦ-3 пайдалануға берілетін болып түпкілікті уағдаластыққа қол жеткізілген жоқ.

Осыған байланысты, ЕРС мердігер жабдықтардың баламалы жеткізушісі - Ansaldo Energia компаниясының келіссөздер жүргізді, оның нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 9 қарашасында АТЭЦ-3 үшін жабдық дайындау бойынша резервтеу (Slot reservation agreement-SRA) туралы келісімге қол қойылды.

Ansaldo Energia компаниясымен қол қойылған келісім талаптарына сәйкес «Алматы ЖЭО-3 нысанын қайта жаңғырту» жобасын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.