Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ рейтингтерін растап, мемлекеттік қолдау көрсету деңгейінің бағасын арттырды

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ рейтингтерін растап, мемлекеттік қолдау көрсету деңгейінің бағасын арттырды

Fitch Ratings агенттігі Самұрық-Энергоның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін шетел және ұлттық валютамен «BB+» деңгейінде, «Тұрақты» болжаммен растады, сондай-ақ компанияның мемлекеттік қолдау көрсету бағасын «күшті» деңгейден «өте күшті» деңгейіне дейін қайта қарады.

Рейтингтерді растау және мемлекеттік қолдау көрсету бағасын арттыру Алматы энергия торабын газға көшіру жобаларын қаржыландыру үшін Самұрық-Энерго борышы бойынша кепілдік берумен, сондай-ақ халықаралық және жергілікті қаржы институттары атынан кредиторлардың талаптарына негізделген осы жобаларды қаржыландыру үшін акционерлік капиталға құюмен байланысты.

Расталған рейтинг сондай-ақ Агенттіктің тарифтердің ұлғаюына, Топтың Шардара СЭС, Мойнақ СЭС және ішінара Алматы электр станциялары үшін қуатқа бекітілген жеке тарифтерінің болуына байланысты қызметтің болжамды оң операциялық көрсеткіштері туралы пікірін қамтиды.

Бұдан басқа, Компанияның кредиттік портфелі құрылымындағы халықаралық және жергілікті қаржы институттары үлесінің ұлғайғаны байқалды, бұл борыштық портфельдің сапасының жоғары екенін көрсетеді және Топтың қаржылық көрсеткіштерін бағалауға айтарлықтай әсер етеді. Бұл ретте Компания алдағы уақытта халықаралық кредиторлармен тығыз ынтымақтастықты жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Агенттік Самұрық-Энергоның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін толық жабуы үшін өтімділік пен ақшалай қаражатының жеткілікті екенін атап өтті.

Компания мөлшерлемесі құбылмалы берешекті, сондай-ақ валюталық міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу бойынша жұмыс жүргізді, осылайша 2021 жылдың соңынан бастап баланстық қарызды 13% - ға төмендетіп, валюталық тәуекелді нивелирлеп, қарыздар бойынша пайыздық шығыстарды азайтты. Бұл ретте 2023 жылғы 9 айдағы жағдай бойынша инфляцияның құбылмалылығы тәуекеліне ұшыраған қарыз соңғы 12 айда уақтылы қайта қаржыландыру, кэш-пулинг құралын қолдану және 2021 жылы «жасыл» облигациялар шығару арқылы Компанияның жалпы қарызының 28% - дан 6% - ына дейін төмендеді. Осылайша, Компания несиелік портфельді оңтайландыру және қаржылық шығындарды азайту саясатын жүргізуді жалғастыруда.

Компания 100 пайыз мемлекет меншігінде. Самұрық-Энергоның үлесіне  2023 жылы елдегі электр энергиясын өндірудің көлемінің шамамен 30% - ы және ң жалпы көмір өндірісінің шамамен 40% -. тиесілі.

«Самұрық-Энерго» АҚ - Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, оның 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын беру, бөлу және өткізу; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары, оның ішінде «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара ГЭС» АҚ және т. б. кіреді.