Жоғарғы сынып оқушылары Екібастұз 1-МАЭС-нде электр энергиясы қалай өндірілетіндігі жайлы біліп қайтты.

Жоғарғы сынып оқушылары Екібастұз 1-МАЭС-нде электр энергиясы қалай өндірілетіндігі жайлы біліп қайтты.

Мектеп демалыстарының соңғы күндерінде 9-шы және 11-ші сыныптарының түлектері, кәсіпорын қызметкерлерінің балалары Екібастұз 1-МАЭС-ның өндірістік цехтарына экскурсиямен келіп, өз көздерімен өздерінің ата-аналары жұмыс істейтін орынды көріп қана қайтпай, сонымен қатар, Қазақстанның ең ірі электр станциясында электр энергиясы қалай өндірілетіні жайлы білді.

Аталмыш экскурсия Кәсіподақ комитетінің қолдауымен және станцияның жастар қозғалысының белсенді қатысуымен болашақ түлектерге электр энергиясын өндіру үрдісі қалай өтетіндігін, сол үшін қандай технологиялар және де бұл үрдіске қаншалықты жан-жақты мамандар тартылғандығын көрсету үшін 1-МАЭС басшылығымен ұйымдастырылды. Экскурсия барысында «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС Кәсіподақ комитетінің төрайымы Татьяна Чигвинцева: «Біздің міндетіміз - балаларға анағұрлым қажетті ақпарат беріп, бәлкім, мамандық таңдауға көмек көрсету де шығар, себебі, ата-аналарынан ірі электр станциясында жұмыс туралы есту бір басқа, ал өз көздерімен алып турбинаның айналуын немесе қазандықта от қалай жанатынын көру - мүлдем басқа нәрсе» - деп айтып кетті.

22222

Экскурсия әкімшілік-тұрмыстық корпустың фойесіне кіре салысымен, сол жерде орналасқан, 1-МАЭС-те электр энергиясын өндіру үрдісі көрсетілген анимациялық фильмді көрсетуден басталды. Содан соң, Электр цехының жабдықтарды жөндеу жөніндегі шебері Осташевский Александр станцияның макетінде орнатылған негізгі өндірістік нысандарды көрсетіп, кәсіпорынның жаңғырту және қайта құру жобалары туралы нақтырақ айтып берді. Осыдан кейін экскурсия қатысушылары акт залына өтіп, сол жерде балаларды станцияның Электр жағынан, отынберу және жалпыстанциялық жабдықтар жөніндегі басқармасының бастығы Қапизов Тимур қарсы алып, оларға өзінің еңбек жолы - қарапайым электриктен ең ірі энергетикалық кәсіпорнының бас инженерінің орынбасары лауазымына дейін өсуі туралы айтып беріп, мамандық таңдау кезінде техникалық мамандықтарға аса көңіл бөлуге «Әлем қаншалықты дамыса да, электр станциясы әрқашан қала береді, және де сол үшін оған жас әрі талантты мамандар әрдайым керек болады» - деген сөздермен шақырды. Соған қоса Екібастұз 1-МАЭС-нде жұмыс істеудің тиімділігі жайлы Кәсіподақ комитетінің төрайымы Татьяна Чигвинцева да айтып өтті. Экскурсияның салтанатты бөлімі қауіпсіздік техникасы бойынша бейненұсқаманы көрумен және еріп жүрген жас мамандар тобымен - негізгі өндірістік бөлімшелердің өкілдерімен: электр және қазандық-турбина цехтарының, баптау қызметінің, жылу автоматикасы мен өлшемдер цехының, жөндеу және химиялық бөлімшелерінің мамандарымен танысумен аяқталды. Ал экскурсия тобын тәжірибелі маман - сенімділікті қамтамасыз ету және жабдықтарды қауіпсіз пайдалану қызметінің басшысы - Сабирзянов Рашид басқарды.

33333

Ең алдымен жиналған команда қорғаныс күрткелері мен дулығаларын киіп алып, бас корпусқа жол тартып, өз көздерімен электр энергиясын өндіруге көмектесетін негізгі тетіктерді көрді. Кең машина залында бірінен соң бірі жеті үлкен турбгенератор жайғастырылғандығын көрсе, сол жаққа бұрыла салысымен экскурсия қатысушылары турбогенераторлар электр энергиясын өндіруге қажет су буға айналатын жылу беруші қазандығының алаңшығына тап болды. 

Оқушылар тарапынан неліктен айналада ешкім жоқ деген таң қалған сұрақтарына экскурсия басшысы Рашид Абдулажанович жай ғана жымиып, асықпауларын сұрады. Экскурсияның келесі пункті басқарудың блоктық щиты болды, сол жерде балалар автоматтық жүйелер арқылы энергоблок машинистері энергоблок жұмысын толық басқаратындықтарын көрді. Үлкен мониторлардағы сызбалар мен қадағалардың көптігі, және де мамандар қаншалықты соларға бағдар жасай алатындықтары оқушыларға қәдімгідей әсер берді. Экскурсия барысы химиялық цехының тұрғын-жайларында жалғасып, балалар сол цехта жуырда ғана өткізілген өндірісті толық жаңғыртқаннан кейін тұзсыздандырылған техникалық суды алу барысында кәсіпорын қауіпті химиялық реагенттерден бас тартып, жаңаша мембрандық технологияларға көшкендігін көрді.

44444

Кездесу барысы алынған әсерлермен бөлісу және станцияның асханасында шай ішумен аяқталды. Эксурсия қатысушыларының алған әсерлері әртүрлі болды, мәселен, Цупиков Андрей колледждің бірінші курс студенті, ол оқудан кейін әулетінің еңбек жолын жалғастырып, атасы мен анасының іздерін басып, Екібастұз 1-МАЭС-не жұмыс істеуге келмекші. Ал Даирова Марал болса, өз өмірін кәсіби спортпен байланыстырмақ болса да, өндіріс ауқымымен әсерленіп, анасының қазандық-турбина цехындағы жұмысы қаншалықты қиын екеніне көзі жетті.

55555

Түске қарай, кәсіпорынның алдында түскен ұжымдық фотосессиядан кейін, балалар 1-МАЭС қызметкерлеріне өткізген экскурсиясы үшін алғыстарын білдіріп, үйлеріне қайтты, бірақ ата-аналарының айтулары бойынша, балалары өткізілген экскурсиядан керемет әсер алған.

2019.04.18
2019.04.19

© 2009-2019 АО «Самрук-Энерго»

Разработка сайта  Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng