«Самұрық-Энерго» АҚ-ның бизнесті трансформациялау бағдарламасы

ТРАНСФОРМАЦИЯ ТУРАЛЫ ЕҢ БАСТЫСЫ

 Әлемдік тәжірибе нарықтың екпіндеп өзгеріп отырған конъюнкрутасына, ақпараттық технологиялардың дамуына, шиеленісе түскен бәсекелес күреске және өзге де факторларға тап болып, бизнес ортаның өзгерісіне жүгінуге мәжбүр болған компаниялардың жетістіктерін көрсетеді. Халықаралық корпорациялардағы Трансформациялау бағдарламасын іске асырудың әсері бүгінде айқын көрінеді.

 «Самұрық-Энерго» АҚ-ның акционері трансформациялау аясында күш-жігерді кәсіпорындарды басқарудың жаңа тәсілдерін ендіруге, ағымдағы бизнес-процестерінің айқындығын арттыруға бағыттау міндетін қойды, бұл өзіндік құнды арттыруға мүмкіндік береді. Қойылған міндеттерді шешкен кезде портфельдің құрылымын және инвестицияларға қатысты көзқарасты өзгерту, сондай-ақ өкілеттіктер мен жауапкершіліктің үйлестіруді қайта қарау мүмкін болады.

 2017 жылы мамырда «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Жаңғырту жөніндегі кеңес отырысында холдинг 2017-2021 жылдарға арналған Жобалар портфелін, Трансформациялау бағдарламасының 2017-2021 жылдарға арналған Болжалдық қаржы көрсеткіштерін және 2017 жылға арналған Жол картасын бекітті.

 2017 жылы наурызда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Ендіру» үшінші кезеңің басталғанын жариялады. Аталған кезең аясында Компания Трансформациялау бағдарламасын тікелей іске асыруға кірісті және алынған алғашқы нәтижелерді көрсетуде.

 

БАҒДАРЛАМА ТАРИХЫ

0-кезең. ЖҰМЫЛДЫРУ (2015ж. ақпан-маусым)

НЕГІЗГІ БАСТЫ НӘТИЖЕЛЕР:

  • Команда құрылды
  • Трансформация бағдарламасының негізгі құжаттары әзірленді
  • Команда оқытылды

1-кезең. ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ДИЗАЙН (07. 2015-08. 2016 ж.ж.)

НЕГІЗГІ БАСТЫ НӘТИЖЕЛЕР:

  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның операциялық моделін әзірлеу
  • 800 бизнес процесті нақтылау
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның НҚК ағашын әзірлеу
  • Персонал құзыреттерінің нысаналы моделін әзірлеу
  • ІТ-нің нысаналы құрылымын әзірлеу

2-кезең. ЖОСПАРЛАУ (09.2016-03.2017 ж.ж.)

НЕГІЗГІ БАСТЫ НӘТИЖЕЛЕР: 

  • Трансформациялау бағдарламасының жобаларының портфелі
  • ІТ стратегиялық жоспары
  • Транзиттік IT-архитектура
  • Трансформациялау жобаларының бизнес-кейстері
  • 2016 жылдың қорытындылары бойынша «Жобалардан кейін ТМҚ қалдықтарын босату» жобасы бойынша 4,9 млрд. теңге мөлшерінде табыс алынды

3-кезең. ІСКЕ АСЫРУ (2017 ж. наруыздың басыжалғасуда)

2017 жыллың НЕГІЗГІ БАСТЫ НӘТИЖЕЛЕРІ:

  • «Стратегиялық жоспарлау мен тиімділікті басқарудың жаңа моделін ендіру» жобасы аяқталды
  • Корпоративтік орталықта ақпараттық қауіпсіздікті басқару мен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі ендірілді
  • «Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін ендіру» жобасын іске асыру аясында Сауда үйі негізінде пилот іске қосылды
  • «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да Интеграцияланған жоспарлау жүйесінің прототипіне сынақ жүргізілді
  • «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның Нысаналы ұйымдық құрылымы әзірленді
  • Корпоративтік орталықта Job-matching рәсімі өткізілді

ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

 Трансформациялау бағдарламасын басқару үшін Офис құрылды, оның міндеттер тізбесіне Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету, мерзімдерді бақылау, тәуекелдерді басқару және барлық мүдделі тараптарды Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы хабардар ету кіреді.

Трансформациялау компандасында мына бағыттар төмендегі блоктарға бекітілді:

  • CMG — Өзгерістерді басқару (Адамдар)
  • TIM — Ақпараттық-техникалық блок (Технологиялар)
  • PMO — Қойылған мақсаттарды белгіленген мерзімдер мен бөлінген бюджет шегінде бақылау және оларға қол жеткізу

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng