Сату блогының пилоттық жобасы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның табысын 1,1, млрд. теңгеге ұлғайтты

«Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығының және Екібастұз ГРЭС-1 сату блогының жаңа моделін енгізу Қазақстанның тұтынушыларына электр энергиясының жоспардан артық сатылуын қамтамасыз етті және «Богатырь Көмір» ЖШС-ның энергетикалық көмір жеткізілімін

Сату блогының пилоттық жобасы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның табысын 1,1, млрд. теңгеге ұлғайтты

«Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығының және  Екібастұз ГРЭС-1 сату блогының жаңа моделін енгізу Қазақстанның тұтынушыларына электр энергиясының жоспардан артық сатылуын қамтамасыз етті және «Богатырь Көмір» ЖШС-ның энергетикалық көмір жеткізілімін ұлғайтты.

 

ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖОЛЫНДА

 «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформация бағдарламасының алғашқы жемісін көріп отыр. Компанияда 2017 жылғы қыркүйекте бастау алған «Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін енгізу» SKE.02 Пилоттық жобасы іске асырылуда. Оның мақсаты – нарықтық өзгерістерге жедел икемделе отырып, электр энергиясын сату мен трейдингілеу функцияларының тиімді және басқарылатын бірыңғай орталығын құру.

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ САУДА ҮЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР

Пилоттық жоба іске қосылғалы бері Екібастұз ГРЭС-1-мен электр энергиясын сату туралы келісімшарттарға «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығының базасында құрылған Сауда Үйінде қол қойылып келеді. 2017 жылғы қыркүйек-желтоқсан аралығында сомасы 1,1, млрд. теңге болатын жалпы көлемі 153 млн. кВтс 17 келісімшарт жасалды.

«Сатып алушылар арасында электр энергиясын бұған дейін біздің бәсекелестерімізден алып жүрген 6 тұтынушы кездесті. Жаңа клиенттерге сомасы 520 млн. теңге болатын 65,6 млн кВт/с сатылды. Осылайша, Пилоттық жобаның 2017 жылғы таза пайдасы, оперативтік мәліметтер бойынша, 110 млн. теңгені құрады», - деп Жобаның демеушісі, Дамыту және сату жөніндегі басқарушы директор Қаныш Молдабаев нәтижелермен бөлісті. 

Сауда Үйі жобаны орындау барысында әзірленетін жаңа өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді пайдалана отырып, электр энергиясын сатудың бірыңғай стратегиясын жүргізеді. Сауда Үйінің қызметкерлеріне арнап, нәтижеге қарай ынталандыру жүйесін енгізу және оқыту арқылы олардың сату дағдыларын дамыту бағдарламасы жасалуда. Осылайша, Трансформация бағдарламасының арқасында «Самұрық-Энерго» АҚ  стратегиялық холдингтен операциялық холдингке ауысуда, бұл жағдайда еншілес және тәуелді ұйымдардың электр энергиясын сатуларының бәрі Сауда Үйінде шоғырланатын болады. 

БАСТАПҚЫДА ИДЕЯ БОЛДЫ

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Дамыту және сату жөніндегі басқарушы директоры Қаныш Молдабаевтың айтуынша, сату мен трейдингтің жаңа моделі туралы идея Трансформация бағдарламасын іске асыру барысында туындады. Пилоттық жоба үшін, электр энергиясын сатудың 2017 жылғы жоспары 10,6 млрд. кВтс құрайтын Екібастұз ГРЭС-1 алынды.  

«Жобаны іске асырушы команда «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның өзара іс-қимылы регламентін әзірледі. Ол құрылымдық бөлімшелердің бәрімен келісіліп, Қоғам Басқармасының тарапынан бекітілді. Содан кейін «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның мүддесін білдіру және соның атынан электр энергиясын сатуға шарттар жасасу құқығымен, «Самұрық-Энерго» АҚ Сауда Үйінің Басшысына сенімхат берілді», - деп атап өтті Дамыту және сату жөніндегі басқарушы директор Қаныш Молдабаев. 

2017 жылғы 22 қыркүйекте «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрығымен «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығының және Екібастұз ГРЭС-1 сату блогының Пилоттық жобасы іске қосылды.

 

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН САТУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

Электр энергиясын сатудың жаңа моделіне көшу идеясын іске асырумен «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформация офисінің жоба командасы PwC консалтингтік компаниясымен бірлесіп айналысуда. Бірлескен команданың құзыреті жоғары, өйткені оның құрамында энергетика саласындағы сатулардан үлкен тәжірибе арттырған мамандар бар. Сарапшылар шетелдегі дәл осындай энергохолдингтердің жұмысына талдау жасады.    

Өндіру көлемінің деңгейі «Самұрық-Энерго» АҚ-мен тең келетін компанияларда көбінесе сату мен трейдингтің орталықтандырылған тобы бар, электр энергиясын сатуды солар іске асырады. Бұл электр энергиясын сату нарығында бірыңғай сауда стратегиясын жүргізуге және өндірістік қуат көздерін өнімді пайдалануға мүмкіндік береді», - деп атап өтті  «Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін енгізу» SKE.02 Пилоттық жобасының жетекшісі, Сауда Үйінің бас менеджері Дәулет Ахметжанов. 

2018 жылы «Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін енгізу» SKE.02 жобасының периметріне  Екібастұз ГРЭС-2, Мойнақ ГЭС және Шардара ГЭС қосылып, ол жерде «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығы мен «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі қолданылатын болады.

2018.03.13
2018.04.03

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng