Жаңғырту жөніндегі кеңес отырысы өтті

Кеңес мүшелеріне Бизнесті трансформациялаудың жол картасының орындалуының 11 айы туралы ақпарат берілді

2017 жылдың 8 желтоқсанында «Самұрық-Энерго» АҚ Жаңғырту жөніндегі кеңесінің отырыс өтті. Кеңес мүшелеріне Бизнесті трансформациялаудың жол картасының орындалуының 11 айы туралы ақпарат берілді.

Есепті мерзім ішінде Жол картасының 10 басты бақылаудағы нәтижесіне қол жеткізілді. Мақсатты ұйымдастыру құрылымына көшу жүзеге асырылып, мақсатты модельге сәйкес функциялар қайта таратылды, GR бойынша функционал ендіріліп, Комплаенс қызметі қосылды. Қордың референсті моделіне лайықталып стратегиялық және бизнес жоспарлау үдерістері бір блокқа біріктірілді.

Жаңғырту жөніндегі кеңес мүшелері СТТ-мен, Демеушілермен және жобалар жетекшілерімен келісілген 2018 жылдың Жол картасын қарады. Жол картасына жобалардың басты нәтижелері енгізілген әрі жобалардың бақылаудағы нүктелері аясындағы пайда көрініс тапқан.

Отырыста «Стратегиялық жоспарлаудың және әсерлілікті басқарудың жаңа моделін ендіру», «Кешенді қауіпсіздікті басқару жөніндегі жаңа модельді ендіру», «Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін ендіру» және «Сатып алуларды категориялық басқару» жобаларының Демеушілері нақтыланды.

Жаңғырту жөніндегі кеңес мүшелері жобалардың ағымдағы статусы туралы ақпаратты назарға алып, 2018 жылдың Трансформациялау бағдарламасының Жол картасымен, 2017-2020 жылдардың Болжамды қаржылық көрсеткіштерімен, 2017-2020 жылдардың Жобалар портфелімен келісті.

Келесі қорытынды отырыс желтоқсанның үшінші декадасына белгіленіп отыр.

2017.12.20
2017.12.20

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng