SKE 09 «Сатып алуларды категориялық басқару» жобасының командасы кеңесшілермен толықты

Сатып алулардағы категориялық басқаруды енгізу тауарлардың түрлі категориялары бойынша, оның ішінде ЖЖМ, қосалқы бөлшектер, шиналар, ж.т.б. да бар, шығындар мен тұтыну көлемін қысқартуды қамтамасыз етеді

SKE 09 «Сатып алуларды категориялық басқару» жобасының командасы кеңесшілермен толықты

Бизнесті транформациялаудың «Сатып алуларды категориялық басқару» жобасы аясында 2017 жылдың 27 қыркүйегінде «Самұрық-Энерго» АҚ  «Стандарт Капитал Эксперт – КРАМ» Консорциумымен  шартқа қол қойды.

Сатып алулардағы категориялық басқаруды енгізу тауарлардың түрлі категориялары бойынша, оның ішінде ЖЖМ, қосалқы бөлшектер, шиналар, ж.т.б. да бар, шығындар мен тұтыну көлемін қысқартуды қамтамасыз етеді. Оның әсері тұтынудың нормативтерін енгізу, ТЗҚ-ны (тауарлы-заттай құндылықтар) унификациялау және сатып алуларды орталықтандыру, оның ішінде өндірушілерден тікелей жеткізіп беруге шығу, сатып алынатын тауар сапасын бақылауды күшейту, қосалқы бөлшектерді өздігінше шығару көлемін көбейту,  операциялық және стратегиялық шараларды жүзеге асыру есебінен күшейе түспек.

Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бөлек категориялары  бойынша арнайы сараптама жүргізу арқылы жобаны сәтті орындап шығудың алғышарттары болып табылатын әсерлі жұмыс аймақтары анықталатын болады.

            КРАМ мамандары шешімдер мен операциялық деңгейде шараларды жасап шығудан бастап, жобаларды басқарудың әдістерін әзірлеу және ендіруге дейінгі ауқымды диапазонда қызмет етеді. КРАМ-ға негізгі тапсырыс берушілер -холдингтік құрылымдағы атом, металлургия, мұнай-газ салаларының компаниялары.

КРАМ-мен   жұмыс істеу тәжірибесі «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Қазатомпром» ҰАҚ «ТТК» ЖШС, «Росатом» МК және басқа да ірі өндірістік компанияларға қомақты ресурстық үнемді қамтамасыз етті.

2017.11.23
2017.11.23

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng