Старттық мәжіліс өтті

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Трансформация Бағдарламасының SKE 02 «Сатылымдар үдерістерін дамыту және трейдинг үдерістерін ендіру» жобасы бойынша старттық мәжіліс өтті

Старттық мәжіліс өтті

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Трансформация Бағдарламасының SKE 02 «Сатылымдар үдерістерін дамыту және трейдинг үдерістерін ендіру» жобасы бойынша старттық мәжіліс өтті. Оған жобаға басқарушы директорлар, жобалық команда, PWC-дің кеңесшілері, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-ші ГРЭС-і»  ЖШС, «Шардара ГЭС-і» АҚ, «Мойнақ ГЭС-і» АҚ, «Екібастұз 2-ші ГРЭС-і" АҚ топ-менеджменті қатысты.

         Қатысушылар жобаның ағымдағы жағдайы, басымдық нәтижелер, 2018 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған жоба кезеңдері туралы хабардар етілді. Жоба 2017жылғы 31 наурызда бастау алды. Күні бүгінге дейін реттеулік және старттық мәжілістер өтті.  

         «Сатылымдар үдерістерін дамыту және трейдинг үдерістерін ендіру» жобасын жүзеге асыру барысында «Самұрық-Энерго» АҚ сатылымдарының жаңа мақсатты моделін  Корпоративтік Орталық негізінде құрылған біртұтас Сауда Үйінде сатылымдар мен трейдинг міндеттерімен  орталықтандыра отырып құрастыру және ендіру көзделіп отыр. Сауда Үйі жобаны жүзеге асыру барысында жасалып шығатын жаңа өнімдер мен  қызметтерді пайдалана отырып электр энергиясын босату жөніндегі біртұтас стратегияны ұстанатын болады.

Жоба жетекшісі Дәулет Ахметжанов іске асырудың негізгі бағыттарына, күтілетін пайдаларға назар аударып, жиналғандарды PWC-дің кеңесшілермен таныстырды. 2017 жылдың 08 қарашасында «Самұрық-Қазына» АҚ-да бағаны төмендете отырып саудаласуды пайдалана отырып  ашық тендер әдісі бойынша кеңесшілік қызметтерді сатып алулар өткізіліп, жеткішіп беруші ретінде о баста  бөлінген бюджеттен 127 миллион теңге төмен сома ұсынған  PWC жеңімпаз деп анықталды.

PWC-дің кеңесшілері мәжіліске қатысушыларды жобаны жүзеге асыру жөніндегі жоспармен, жобаның сәтті болуының басымдық критерийлерімен, жүзеге асыру барысында іс-қимыл тәртібімен таныстырып.

2017.11.23
2017.11.23

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng