«ŠKODA PRAHA» компаниясы Директорлар кеңесінің мүшесі Андрей Жиаровский мен кездесу

Таныстырылым өте қызықты және пайдалы болды. Команда спикердің әрбір сөзін қалтқысыз қызығушылықпен мұқият тыңдап, көп сұрақ қойды, кеңес сұрады

«ŠKODA PRAHA» компаниясы Директорлар кеңесінің мүшесі Андрей Жиаровский мен кездесу

Сәрсенбі күні 09-шы желтоқсанда «ŠKODA PRAHA» компаниясы Директорлар кеңесінің мүшесі Андрей Жиаровский «Самұрық-Энерго» АҚ трансформация командасы алдында сөз сөйлеп, Чехия Республикасындағы «CEZ» АҚ тобының өндірістік қуаттарды жетілдіру бағдарламасы аясында трансформацияны өткізудің озық тәжірибесі туралы айтты. (Анықтама үшін: ČEZ Group (чех тілі: Skupina ČEZ České Energetické Závody) 96 компаниядан (соның ішінде ČEZ бас компаниясынан) тұратын конгломерат болып табылады, солардың 72-сі Чехияда орналасқан. Негізгі өндіріс электр және жылу энергиясын бөлу, тарату, табиғи газ саудасы мен оны сату,сондай-ақ  көмір өндіру болып табылады, ČEZ Group-тың Болгарияда, Венгрияда, Германияда, Польшада, Румынияда, Словакияда және Түркияда активтер бар).

Электр станцияларын кешенді жетілдірудің басты мақсаттары электр энергиясын және жылу өндірісінің тиімділігін арттыру, өндірістік блоктардың түпкі технологияларын пайдалану саласындағы жетіспеушіліктерді жою, зиянды заттарды шығару деңгейін азайту және электр станциялары қызметінің мерзімін 25 жылға ұзарту болды.

Таныстырылым өте қызықты және пайдалы болды. Команда спикердің әрбір сөзін қалтқысыз қызығушылықпен мұқият тыңдап, көп сұрақ қойды, кеңес сұрады. Өйткені біздің алдымызда ескі және енді тиімсіз социалистік қоғамды жеңу мен жалпыеуропалық қатаң талаптар жағдайындағы барлық бизнес-үдерістерді жаңа экономикалық бағытқа қою бойынша жұмыстарға басшылық еткен менеджер тұрды.

Таныстырылымның тұжырымдамасын қорытындылай келе, төмендегі негізгі кезеңдерді белгілеуге немесе көпті көргеннің кеңестірін айтуға болады:

  • Басшылықтың демеуі өте маңызды.
  • Өзгерістерді басқару – трансформация жобасының ажыратылмас бөлігі, өте ауқымды және шетін мәселе.

Консультанттың салалық тәжірибесі де, ол ұсына алатын белгілі бір құралдар жиынтығы да, сондай-ақ жүйесінің өзгеруінен болатын есептелген экономикалық әсері бар ойдағыдай аяқталған жобасы болуы тиіс.  

2015.12.14
2016.12.28

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng