ЕТҰ-мен кездесулер

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Трансформациялау үдерісі бар қарқынмен жүріп жатыр. Бірінші жартыжылдықта «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясының болашақтағы жаңарған мақсатты моделін әзірлеу кезеңі аяқталады

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Трансформациялау үдерісі бар қарқынмен жүріп жатыр.  Бірінші жартыжылдықта «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясының болашақтағы  жаңарған мақсатты моделін әзірлеу кезеңі аяқталады. Одан соң Жоспарлау кезеңі мен Жобалау шешімдерін енгізу кезеңі  басталады. Бұл жұмыста негізгі ойыншылар холдингтің трансформациялау аясына  кіретін еншілес компаниялар болмақ.  

19 мамырда Трансформациялау командасы осы үдеріс аясында Трансформациялау бағдарламасын ілгерілету мәртебесін талқылау үшін бірінші рет ЕТҰ бірінші басшыларымен кездесті. Кездесуге «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 станциясы» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Samruk Green Energy» ЖШС бірінші басшылары, сондай-ақ «Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС өкілдері  қатысты. Трансформация командасы Жол картасының барлық бақылау нүктелері бойынша жай-күйін талқылап, жұмыс бабындағы сұрақтарға жауап берді.   

Сатып алуды санаттық басқару сатып алу санаттарын – 6 және 10 бақылау нүктелерін (БН) реттеу мен біріздендіруді білдіреді. Қазіргі кезде тәуекелдер мейлінше аз болған жағдайда барынша жоғары экономикалық әсер беретін сатып алу санаттарының тізбесі мен оны орталықтандыру жобасы әзірленуде. Сатып алудың жаңа моделіне бейімделу маусымның аяғына қарай аяқталуы тиіс. КТ-7 бойынша күтілетін нәтижелер – жобалардан кейін ТМҚ қалдықтарын қысқарту және қойма орындарын босату.  

Құрылған деректерді басқару офисі аясында І (материалдар, қызметтер және контрагенттер) және ІІ кезектегі (персонал, баптар, шығындардың түрлері және жөндеу объектілері) кәсіпорындардың бірыңғай анықтамалықтары әзірленетін болады. ДБО құрудың пайдасы/құндылығы: деректерді басқару бойынша сараптаманы өсіру үшін біліктілік орталығын құру және бизнес-үдерістерді әрі қарай автоматтандыру үшін негіз ретінде қажетті сапалық деректерді дайындау үшін жауаптылықты белгілеу. Анықтамалықтарды әзірлеудің пайдасы: белгіленген мерзімде корпоративтік үдерістерді автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін бизнес-шешімдердің шаблондарын жеткілікті көлемде және сапада анықтамалық деректермен толтыру. 

КТ-9 аясында мақсатты ұйымдық құрылым мен жаңа операциялық модельге көшу жүзеге асырылады. Компанияны басқарудың ұйымдық құрылымы мен операциялық моделін әзірлеуге қатысты тәсілдер:

  • Корпоративтік орталықты қатыстыру деңгейін ұлғайту
  • Синергияны іске асыру үшін КО деңгейінде көтермелеуші және корпоративтік функцияларды орталықтандыру  :
  • Өткізу мен трейдинг;
  • Жоспарлау;
  • Сатып алу;

Жаңа операциялық модель мен ұйымдық құрылым үшін BСG тобының консультанттары Ұзақ мерзімді даму стратегиясын әзірлеу аясында жүргізілген озық тәжірибелердің бенчмаркингін ескерді.

КТ-11 бойынша Жобаларды басқарудың пилоттық жүйесін (ЖББЖ) диагностикалау, әзірлеу және ендіру аяқталады. Жобаның мақсаты Қор жобаларының портфельдерін басқару тиімділігі мен оны біріздендіруді арттыруға арналған Қордағы және «Самұрық-Энерго» АҚ-дағы (пилоттық актив ретінде белгіленген) Жобаларды басқарудың бірыңғай жүйесін әзірлеу мен ендіру арқылы Қордың портфельдік компаниялары инвестицияларының тиімділігін арттыру болып табылады.

КТ-12 бойынша өндірістік-қаржылық модельдеу жүйесі (ИСП) ендірілетін болады. «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ–да (пилоттық актив ретінде белгіленген) жоспарлау және модельдеу жүйесін әзірлеу және  ендіру, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарды қою мен бақылап отыруға арналған:  

  • НҚК бойынша мақсаттарды белгілеу мүмкіндігімен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндірістік-қаржылық көрсеткіштерін болжамдау дәлдігін арттыру;
  • Қор мен Самұрық-Энергоның мақсаттарды қою және бақылау үдерістеріндегі өзара іс-қимылын стандарттау;
  • Өтімділікті неғұрлым дәл жоспарлау есебінен қаржыландыруға жұмсалатын шығындарды азайту;
  • Инвестициялық жобалардың іске асырылуына бақылау жасау.

КТ-13 бойынша АТ-сервистер инфрақұрылымдық операторға көшірілетін болады. Бұл АТ-инфрақұрылымды пайдалануға, оны техникалық қамтамасыз ету мен жөндеуді қоса алғанда, бюджеттік қаражатты (шығындарды) қысқартуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, жедел ауқымдылық, істен шығуға төзімділіктің жоғары болуы, қауіпсіз АТ-инфрақұрылым. Мөлдірлік және АТ-ға жұмсалатын шығындардың бақыланатындығы.

КТ-14 бойынша бағдарламалық жасақтаманы лицензиялармен қамтамасыз ету бойынша сервистік модельге көшу корпоративтік лицензиясы бар БЖ-ны сатып алуға және техникалық қолдау көрсетуге немесе иелік етудің жиынтық құнына бюджеттік шығыстарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл - қосымша икемді әрі тез лицензиялау, заңдық тәуекелдерді мейлінше азайту, бизнес-үдерістерді дайын және бизнес-шешімдердің қалыпты үлгілерін (жартылай фабрикаттарды) алу есебінен автоматтандыруды жеделдету.

КТ-18 бойынша автоматтандырылған корпоративтік үдерістер енгізілетін болады, бұл кәсіпорынның үдерістік моделін стандарттау мен біріздендіруді білдіреді. Жеделдікті, корпоративтік бизнес-үдерістердің сапасы мен тиімділігін арттыру, оның ішінде ERP-жүйесі негізінде бірыңғай біріктірілген ақпараттық ортаны (кеңістікті) құру есебінен арттыру.

КТ-15 бойынша НҚК ағашы негізінде 2017 жылға арналған бюджет жасақталатын болады. Көрсеткіштер ағашы ұйымның нақты міндеттері мен мақсаттарына сүйеніп жасалады. Ағаш – стратегиялық көрсеткіштерді басқарудың нақты тетіктеріне дейін операциялық деңгейге декомпозициялауды сызба түрінде ұсыну.

Көрсеткіштер ағашын құрудың негізгі қағидаттары:

  • Ағашқа тек стратегиялық/операциялық мәселелер бойынша шешім қабылдауға көмектесетін көрсеткіштер енгізілген. Көрсеткіштер үшін көрсеткіштер болмауы тиіс;
  • Ағаш қаржылық жоғары деңгейлі көрсеткіштерден нәтиже үшін мөлдір және объективті жауаптылығы бар операциялық деңгейге көшуге мүмкіндік береді;
  • Ағаш болашаққа деген бағдармен әзірленген. Егер тіпті нақты осы кезеңде барлық көрсеткіштер үшін есептеуге арналған деректер болмаса, олар маңызды болғандықтан, бәрібір ағашқа енгізілетін болады.

КТ-19 бойынша – 2016 жылы меритократияны ендіру бойынша жоспарды орындау (ЕТҰ-ны ескергенде) жоспарланады:

  • Бос орындарды компанияның сайтына міндетті түрде жариялау арқылы әкімшілік лауазымдарға жалдаған кезде қатаң конкурстық іріктеуді енгізу және үздің үміткерлерді іріктеу;
  • Басқару және әкімшілік қызметкерлердің жұмысын бағалау жүйесін ендіру;
  • Лауазымдардың жіктелім құрылымын ендіру (грейдирлеу);

Сонымен қатар ЕТҰ басшыларынан «бір терезе» қағидаты емес, бірнеше терезе қағидаты бойынша жаңа тәсіл құру туралы ұсныс келіп түсті. Сөйтіп, әр компаниядан бұйрықпен бекітілген жауапты адамдардың тізімі анықталатын болады, бұл – қорларды екіжақты тәртіпте нақтылауға мүмкіндік береді.

Трансформация командасы мен ЕТҰ басшылығының үнемі болып тұратын кездесулері «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасын іске асыруға қатысты мүдделі тұлғалардыі өзара іс-қимылының тиімді алаңын құрады. 

2016.05.19
2016.12.28

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng