Трансформация командасының консультанттары және жаңа басшысы жұмысқа кірісті

Рәсімге трансформация командасы және Ernst & Young жағынан консультанттар қатысты

Трансформация командасының консультанттары және жаңа басшысы жұмысқа кірісті

2016 жылғы 29 ақпанда Ernst & Young компаниясымен «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасының іске асырылуын қолдау бойынша консультациялық қызметтер шартына қол қою рәсімі өтті. Шартқа Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор Дәурен Үрістемұлы Баймағамбетов және Орталық Азиядағы консультациялық қызметтер тәжірибесінің басшысы Ксения Бабушкина қол қойды. Рәсімге трансформация командасы және Ernst & Young жағынан консультанттар қатысты.

К. Бабушкина консультанттар командасының негізгі мүшелерін таныстырды. Қазіргі уақытта консультанттардың ресурстық жоспарын құру бойынша жұмыс жүргізілуде және жақын арада олар жұмылдырылатын болады.

Рәсім барысында Д. Баймағамбетов өзгерістер жасау қажеттігін атап айтты және жүргізілген жұмыс пен команданың консультанттармен бірлескен жұмысының міндеттері туралы айтты, сондай-ақ Бизнесті трансформациялау жөніндегі жаңа бас директор Алексей Владимирович Огайды таныстырды. Өзінің орнын басушы туралы айтқанда, жаңа директор өзінің кәсібилігі мен тәжірибесіне сүйене отырып, алдына қойылған міндеттерді орындайтынына сенім білдірді.   А. Огай бұрын «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы орынбасарының қызметін атқарған.

2016.02.29
2016.12.12

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng