Консультанттар командасын қарсы аламыз!

16 наурызда «Самұрық-Энерго» АҚ-да трансформация жөніндегі жобалау командасы мен EY және ENZEN консорциумындағы консультанттар командасын ресми таныстырылымы өтті!!!

Консультанттар командасын қарсы аламыз!

16 наурызда «Самұрық-Энерго» АҚ-да трансформация жөніндегі жобалау командасы мен EY және ENZEN консорциумындағы консультанттар командасын ресми таныстырылымы өтті!!! Трансформация жобасы компанияның орнықты дамуының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде өте маңызды. Біздің компаниямызда Тарнсформациялау бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап жобалау командасы алға қойылған мақсаттарды іске асыруға жақсы бастау бола алатын зор жұмысты жүргізді. Топ-менеджменттен әрбір қызметкерге дейінгі барлық қызметкерлер тартылуы тиіс терең және кең ауқымды өзгерістердің арқасында – біз алға қойылған мақсатқа қол жеткізе аламыз. Бірінші кезекте адамдарды, олдардың ділін, дағдыларын, білімін және уәждемесін өзгертіп, ең қиыннан бастау қажет.  Өзгерістердің басқа үлкен бағыты – бизнес, өндірістік және басқарушылық үдерістер. Бұдан әрі – технологиялар. Өзгерістер біздің әрқайсымыздан басталады, сондықтан біз өзімізден бастауға тиіспіз!

Сондай-ақ, қатысушылар іскерлік ойын өткізді, мұнда әрбір топ флип-чарттарға суреттердің коллаждарын құру арқылы өзінің шағын командасының бейнесін жасады. Тапсырманың мәні - топтың әрбір мүшесінің бірегейлігін және оның жалпы команданың жұмысына қосатын үлесін суреттермен сипаттау. Ол үшін қатысушыларға бірінші кезекте бір-бірімен танысуға және ойын шартымен қойылған мақсаттарға жетуде ауызбірлік танытуға тура келді.

Белгілі болғанындай, ақпартты әдеттегідей оқу адамға материалдың 10%-ын ғана, тындау - 20%-ын, қарау - 30%-ын, ал өздігінен орындау – қызмет - 90%-ын есіне сақтауға мүмкіндік береді. Осылайша, команда тура айтқанда «желімделіп қалған сияқты», мұның алдағы бірлескен тығыз жұмыста құны айрықша!

Осылайша, трансформация командасы, консультанттардан, СТТ және құрылымдық бөлімшелерден күтілетін жалпы үміттер, олардың жемісті серіктестігін көру болып табылады. Бірлескен жұмыс белгіленген тәртіпте жобаның табысына әкеп соғытынына сенімдіміз.

Әріптестер! Бізді үлкен жұмыс күтуде, бірақ біз ортақ табысқа сенімдіміз!  

Трансформация – табысқа апарар жол!

2016.03.16
2016.12.12

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng