9 маусымда «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасының басшылығы құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен бизнес-үдерістердің иелері үшін түсіндіру сессиясын ұйымдастырды. Кеңес барысында бизнес-үдерістердің иелері трансформациялау командасымен және өз бағыттары бойынша жауапты қызметкерлермен танысты.
«Өзгерістерді басқару» блогының жетекшісі Найзабек Олжабайулы таныстырылым өткізіп, өзара іс-қимыл жасау қағидаттарын, Трансформациялау бағдарламасы аясында жұмыстың қалай құрылатынын түсіндірді, сондай-ақ коммуникация деңгейлері мен тәсілдері туралы әңгімеледі.
«Интеграция» блогының жетекшісі Марат Иманбеков бизнес-шешімдерді әзірлеу бойынша таныстырылым барысында интеграциялық блоктың мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.
АТ блогының жетекшісі Берік Оразов АТ блогы аясында, сондай-ақ басқа блоктармен интергациялану аясында жүргізіліп жатқан ағымдағы жұмыстар мен әрі қарайғы жоспарлар туралы хабардар етті. Әдістемеге сәйкес, бизнес-үдерістерді автоматтандыру бизнес-үдерістер мен АТ архитектурасынан тұратын жүйені білдіретін кәсіпорын архитектурасы деп аталатын негізде іске асырылады.