«Самұрық-Энерго» ЕБҰ HR-менеджерлері жаңа ұйымдық құрылымды енгізу жобасымен танысты

«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау офисінің Жаңа ұйымдық құрылымды енгізу жөніндегі жобалау командасы энергохолдингтің еншілес және бағынысты ұйымдарының адам ресурстарын басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесті. Кеңесте кәсіпорында жаңа ұйымдық құрылымды енгізу бағдарламасы таныстырылды. Бұл мазмұны мен мәні жағынан ең маңызды жобалардың бірі болып табылады, өйткені бұл жоба барысында ең басты ресурс – персоналдарға қатысты өзгерістер жасалмақ.  Жаңа құрылымды енгізу процедурасы Корпоративтік орталықта табысты өткізілді, Екібастұз ГРЭС-1 мекемесінде аяқталды, ал бүгінде «АлЭС» АҚ-та белсенді түрде енгізілуде.

«Бұл адам ресурстарын басқару жөніндегі құрылым қызметкерлері мен жобалау командасының тынымсыз жұмысы. Осы мақсатта біздің жобалау командасы мүдделі тұлғалармен кездесу ұйымдастырып, оқыту семинарларын өткізуде, біз маңызды сұрақтарға жауап беруге, көмек қолын созуға әрдайым дайынбыз», - деп атап өтті жобалау командасының мүшесі Ксения Бердник.

Әріптестермен кездесуде «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның адам ресурстарын басқару жөніндегі бөлім бстығы Алла Жаминова өткен жылы өздерінде табысты түрде жүргізілген  Job Matching ақпаратымен бөлісті. Бүгінде жаңа ұйымдық құрылымды енгізу жобасы мониторинг және қолдау сатысында. «Самұрық-Энерго» станцияның мақсатты ұйымдық құрылымға өту іс-шарасының дұрыс жүрігізілуін қадағалап отыр.

Бүгінде жаңа ұйымдық құрылымды енгізу жобасы «АлЭС» мекемесіне енгізілуде. Адам ресурстарын басқару құрылымының бастығы Дария Шайжанова бұл өзгерістердің өндірістік қызметкерлерді қоспағанда 500 қызметкерді қамтитындығын атап өтті. Көптеген қызметкерлерді толғандырып отырған мәселе – алдағы бағалау процесі.

Жобалау командасының мүшелері бағалаудың әділ жүргізілетінін, Екібастұз ГРЭС-1 станциясында секілді біліктілік талаптарына сәйкес өтетінін түсіндіріп өтті.

«Job Matching рәсімінен ойдағыдай табысты өткен қызметкер «Сәйкес келеді» деп бағаланады. Бағалаудың екінші санаты «Сәйкес келмейді, бірақ бір жыл ішінде дайын болады», және үшінші «Сәйкес келмейді». Бұл шешімді ЕБҰ басшыларының өкілі мен Корпоративтік орталықтың тәуелсіз мүшесі қатысатын комиссия қабылдайды. Ал ЕБҰ басшылығын «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының мүшелері бағалайды», - деп атап өтті жоба жетекшісі Владимир Павлов.

АлЭС лауазымдарын бағалау 2019 жылдың аяғына дейін жүргізіледі. Сондай-ақ осы Трансформациялау жобасының үшінші сатысы  2021 жылға дейін екі ЕБҰ-да – «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС»те жә»не «Шардара СЭС» АҚ-та өткізіледі.

Материалды «Самұрық-Энерго» Трансформациялау командасы әзірледі.

2019.04.02
2019.04.02

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng