Самұрық-Энерго өндірістегі жазатайым оқиғаларға нөдік төзімділік жариялайды

Жақында ғана жоба демеушісі мәртебесі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Мәлік Сәулебайға берілді

Самұрық-Энерго өндірістегі жазатайым оқиғаларға нөдік төзімділік жариялайды

image001«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Мәлік СәулебайКешенді қауіпсіздіктің жаңа моделін ендіру жобасы Самұрық-Энерго холдингінің бірқатар ЕТҰ-дарында іске асырылуда. Ол дамудың белсенді кезеңінде. Жақында ғана жоба демеушісі мәртебесі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Мәлік Сәулебайға берілді. Ол холдингтің ЕТҰ-ларына кешенді қауіпсіздіктің жаңа моделін ендіру жөніндегі өзінің ой-пікірлерінмен бөлісті.

—  Мәлік Оралұлы, өндірістегі қауіпсіздік техникасын сақтау сияқты бағыт түсінікті де айқын сияқты көрінеді. Сіз қадағалайтын жоба қаңдай жаңалық енгізбек?

— Мен, жаңа адам ретінде, ең алдымен, жобаның тұжырымдамасын зерттеуге кірістім. Әрине, мен үшін, белгілі бір жұмыс тәжірибесі бар заңгер үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау (ЕҚжҚТ) саласында ешқандай «жаңалық» болған жоқ. Бірақ мен бұл мәселенің жаңа қырларын таба алдым. Жоба адамның санасын және оның парадигмаларын өзгертуге бағытталған. Жазатайым оқиға орын алып, оның салдарын «қырнап, тазартуға» мәжбүр болатын әдіспен емес, командамыздың жұмысын басқаша құруды жоспарлаймыз. Бүгінде ондаған жылдар бойы қолданылған әдістер өзекті емес екенін және уақытты «қуып жете алмайтынын» көреміз.

foto 1

—  Аталған жоба көбінесе өндірістік еңбек өтілі мол адамдарға тікелей қатысты. Сіздің көзқарасыңыз бойынша, санаға ықпал етудің қандай әдістері қолдануға барынша қолайлы?

— Ең алдымен, мен тәуелді және еншілес ұйымдардың (ЕТҰ) адамдарымен кездестім. Жобаның ұйымдастырушылық периметріне 3 ЕТҰ кіретінін естеріңізге түсіре кетейін: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Шардара СЭС» АҚ, «Мойнақ СЭС» АҚ. Еңбек ұжымдарымен үнемі кездесу өткізуді жоспарлаймыз.

image002Екібастұз ГРЭС-1-де қауіпсіздік техникасы туралы ескерту белгілері

Шынымен де, кешенді қауіпсіздікті ендіру жобасы адамдарға арналған. Және олардың жобаны дұрыс қабылдауы табысқа жетудің кілті болып табылады. Иә, қазір көп адамдар қандай жаңалық ойлап табуға болатынын түсінбейді. Маған өндірісте жұмыс істейтін адамдардың біразы мынадай сұрақтар қойды: «Сіздің ойыңызша, мен 40 жыл бойы өндірісте жұмыс істеп, түк бітірмедім бе?». Әрине жоқ, —  деп адамдарға түсіндіремін. Бүгінгі таңда әдістер өзгерді. Алғашында жобаға деген сенімсіздік болды, ол барынша заңды. Жаңалықтарға қарсылық көрсету — адамның психологиясы. Бүгінде ең алдымен өзім түсінемін, ал дұрыс негіздемелер оң пікірлердің болуы секілді нәтижелер береді. Өндірістік блок «бізді ести» бастады.

—  Мүмкін қауіпсіздік техникасын тиісті түрде сақтау қажеттігі бойынша қабылдауды бұрмалау формальды көзқарастың кінәсінен болған шығар? Басшылықтың ІНҚ деңгейі статистиканың «әдемі» көрсеткіштеріне тәуелді болған жағдайда, оқиғаларды, кем дегенде кішігірім оқиғаларды жасыруға және көрсетпеуге оңай болар?

— Біз Басқарма жанындағы комитет жұмысын жаңарттық және формальды көзқарасты болдырмаймыз. Бір күн бұрын менің төрағалығыммен қауіпсіздік техникасы бойынша бірінші отырыс өткізілді, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының қарауына үш мәселе шығарылды. Менің ЕҚжҚТ өндірістік блоктың бақылауынан неге шығарылғаны туралы нақты түсінігім бар, себебі мүдделердің тікелей қақтығысы бар. Көбінесе «қисық» статистиканың артында бұзушылықтардың көрсеткіштері жасырылады. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау - ұйымыңыздың шеңберінде өмір сүру дәстүрі болуы керек деп айтқым келеді.

Қазіргі уақытта бізде 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, кәсіби жарақаттардың артқаны байқалады. Бұл өндірісте жазатайым оқиғаларды тіркеудің ашық жүйесінің бірқатар шараларын іске асырумен байланысты. Бүгін біз жеңіл және орташа ауырлық жағдайларын тіркеп отырмыз. Бұрын тіркелмеген сүріну, тайып кету және т.б.

foto 2Тәжірибелі мамандар әрқашан жас әріптестеріне туберкулезбен күресу мәселелеріне көмектесуге дайын.

Соған қоса, біздің трансформациялау жобасы еңбекті қорғау мәселелерін басқару бойынша тәуекелге бағдарланған тәсілді, жалпы кәсіпорындарда еңбекті қорғау мен қауіпсіздік мәдениеті мәселелерінде басшылардың көшбасшылығын арттыруды қамтиды. Тиісті ІНҚ-ларды әзірлеу арқылы жарақат алғаны үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі белгіленді. Осы жобаның демеушісі ретінде мен қатыстырушылық пен жауапкершіліктің дәрежесі жоғары екенін сезінемін. Мен ЕТҰ-лардың басшыларымен тікелей кездескен кезде және онлайн-байланыс кезінде әрдайым «балық басынан шіриді» деп айтамын. Жұмыс ұжымы үшін жеке басыңыз үлгі болсын. Егер сен дулыға кимесең, сенің бағынышты қызметкерің де саған қарап қауіпсіздік шараларын ескермейтін болады.

—  Осы жылы ЖЭО-2-де (Алматы қ. АлЭС филиалы) өліммен аяқталған жазатайым оқиға орын алды. Сіз бұған қатысты не айтар едіңіз?

— Біз бұл мәселені тереңдеп зерттей бастаған кезде қарапайым ғана қауіпсіздік шараларының сақталмағанын анықтады. ЖЭО — биіктігі 10-12 қабат болатын әдеттегіден тыс ғимарат. Оның ішінде қоршаулар, сүйеніш тетіктер, сызып қойылған қауіпсіз аймақ жоқ, бағыт көрсетілмеген. Шатырда да жабдық бар, бірақ оған мезгіл-мезгіл профилактикалық тексеру мен жөндеу жүргізіп тұру қажет. Тәуекел аймағы — 100%. Егер құлап қалатындай жағдай болса, онда биіктен әрі құрдымға кетесіз. Жұмысшылармен әңгімелескен кезде естігеніміз — «біз үнемі осылай жүреміз» деген сөз. Менің ойыма оралған бірінші сұрақ мынау болды: сақтандыру жабдықтары бар ма? Шындығында, ол болуы тиіс. Бірақ іс жүзінде ол жоқ. «Бізде бұл еш жерде жазылмаған» деген жауап алдық. Ал оны жауға не кедергі? Оның себептерінің бірі — тәуекелдерге жасалған талдаудың қанағаттанарлықсыз болуы және бақылау жүйесінің жолға қойылмауы.

foto 3Екібастұз ГРЭС-1-де қауіпсіздік туралы ескерту

Кәсіпорынның айтқан дәлелдерін комиссия қабылдамады. Түйін — жұмыс беруші жүз пайыз кінәлі. Қазір 2 адам сотталушылар орындығында отыр. ЖЭО-2 бас инженері — көп жылғы жұмыс өтілі бар, самай шашы ағарған тәжірибелі адам. Және шебер — қаза тапқан адамның тікелей бастығы.

— Қайғылы оқиғаның салдарлары тәуекелдерді іске асыру және оның құқықтық құрамдасы секілді түсініктермен тікелей байланысты. Бұл бағыттар өзара қаншалықты біріктірілетін болады?

— Мен құқықтар мен тәуекелдерді өадағалаушы директор ретінде бұл жобаның тәуекел және оның заңдық құрамдасы секілді мәселелермен біржақты тікелей байланысын көріп отырмын. ЕҚжТҚ-дағы кез келген сәйкессіздік ішкі нормативтік құжаттардағы олқылықтардан немесе шалалықтардан тұруы мүмкін. Жаңа жылдан кейін біз еңбек ұжымымен кездесуді жоспарлап отырмыз. Біздің жұмыс тобымызға «Тәуекелдер және ішкі бақылау», «Құқықтық қамтамасыз ету» департаменттерінің менеджерлері енгізілетін болады. Біз жобаның осал тұстарын мақсатты түрде анықтауды және «мына буындарды» - еңбекті қорғау – тәуекелдер – заңдық мәселелерді бір тізбекке қосуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, біз еңбекті қорғау, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және тәуекелдер процесін толық қамтамасыз етеміз.

Анна Жекенова


Анықтама үшін:

Қазіргі кезде «Самұрық-Энерго» АҚ холдингінде еңбекті қорғауды басқару жүйесін жақсарту мақсатында мынадай жұмыстар атқарылды:

  • тиісті ҚНК-лерді әзірлеу арқылы бірінші басшылардың жауапкершіліктері белгіленді;  
  • еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімше мүдделер қақтығысын болдырмау үшін өндірістік блок құрамынан шығарылып, тәуекелдермен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету блогына берілді;
  • ЕТҰ-ларда еңбекті қорғау қызметтері тікелей бірінші басшыларға бағындырылды;
  • Басқарма мен Директорлар кеңесінің жанынан еңбекті қорғау комитеттері құрылды;
  • жазатайым оқиғаларды жасырғаны үшін ЕТҰ бірінші басшыларының жауапкершілігі еңбек шарттарында көзделді;
  • қауіпсіздік техникасының қағидаларын бұзғаны үшін үзік талон арқылы жеке жауапкершілік енгізілді;
  • мердігерлік ұйымдармен жасалған шарттарда Қоғамның еңбекті қорғауды басқару жүйесінің талаптарын сақтағаны үшін бірінші басшылардың жауапкершіліктері қарастырылды;
  • жұмыскерлердің еңбек шарттарына жазатайым оқиғаларды жасырғаны үшін жауаптылық бөліміне толықтырулар енгізілді (қолдарын қойғыза отырып, таныстырылды);
  • барлық оқиғаларды, оның ішінде жазатайым оқиғаларға әкеп соқтырмайтын әлеуетті-қауіпті оқиғаларды міндетті түрде тіркеу, тексеру және есепке алу көзделді;
  • жұмыскерлерді жазатайым оқиғалар, әлеуетті-қауіпті оқиғалар туралы хабарлағаны үшін көтермелеу тетіктері ендірілуде;  
  • Қоғамдағы есептіліктің ашықтығын жақсарту жөніндегі қажетті шаралар ретінде озық компаниялардың тәжірибелерін ескере отырып, өлімге әкеліп соғатын жазатайым оқиғаларды қоспағанда, орын алған жазатайым оқиғалар үшін тәртіптік жауаптылыққа тартуға мораторий енгізу жоспарлануда.

 

2018.11.07
2018.11.09

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng