SAP жобасы «Алматы электр станциялары» компаниясына ендірілуде

Трансформациялау бағдарламасының жобасы «АлЭС» АҚ-да мақсатты негізгі процестерді ендірудің бастапқы нүктесіне айналмақ. «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламановтың қатысуымен осы мәселе бойынша нұсқамалық кеңес өтті

ust3

«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы барлық портфельді компанияларда мақсатты процестерді ендіру «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформациялау бағдарламасының маңызды міндеттерінің бірі болып табылатынын атап көрсетіп, SAP жобасын қолдады. Оның пікірінше, жаңа шешімдерді ойдағыдай іске асыру үшін команданың қамтылуы және бизнестің қатысуы қажет. «Трансформациялау жобаларын іске асырудан нақты нәтиже алу маңызды. Біз тұрақты даму үшін берік негіз қалауға тиіспіз. Әлемнің жетекші компаниялары осылай жұмыс істейді. Бұл біздің өсімге қол жеткізуімізге және активтеріміздің құнын арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап көрсетті «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы.

ust

Жоба демеушісі Ержан Әлиев ұйымдастыру периметрі өзгеруінің объективті себептерін ашып берді, ол себептердің бірі - пилоттық жоба ретінде «АлЭС» АҚ еншілес тәуелді ұйымның кіруі. «Ең бастысы – компанияның бизнес-процестерінің жетілгендігі және оның өзгерістерге дайын болуы. Біз автоматтандыру бөлігіндегі әлемдік тәжірибені ескереміз және S/4HANA жаңа технологиялық платформасында SAP-ты ендіру туралы шешім қабылдадық. Бұл жаңа буынның корпоративтік шешімі – кәсіпорынның ресурстарын деректерді жоғары жылдамдықпен өңдеу және тартымды интерфейспен басқару жүйесі», - деп нақтылап түсіндірді Ерлан Әлиев.

>Жоба еңбек өнімділігін, шығынды, өтелімділікті болжау дәлдігін, өндірістік шығындарды азайтуды арттыру үшін іске асырылады. Бұл платформа бойынша Қазақстанда ендірілген жобалардың саны тым аз. Электр энергетикасы саласында Самұрық-Энерго холдингі әзірге жалғыз ғана.

Аталған жобаны іске асыру Екібастұз ГРЭС-1 базасында 2017 жылы басталды. Бұрын алынған нәтижелер 2019 жылы АлЭС-тегі концептуалды жобалау кезінде пайдаланылатын болады.

ust4

«АлЭС-тің өзінің ерекшеліктері бар, электр энергиясын өндірудің барлық түрлерін қамтиды, олар - СЭС, ГРЭС, ЖЭО және басқа өндірістік бөлімдер. Бұл факт Екібастұз ГРЭС-1, Мойнақ және Шардара СЭС секілді ЕТҰ-ларға екінші толқын режимінде тираждауды айтарлықтай жеңілдетеді», - деді жоба жетекшісі Гүлмира Тұрубаева. Жоба нөлдік фаза күйінде, оның аясында жобалық құжаттама өзектендіріліп, жаңа жобалық команда жұмылдырылатын болады.

2018.09.26
2018.10.09

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng