Екібастұз ГРЭС-1-дің 500 қызметкеріне еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі

1 қазаннан бастап Екібастұз ГРЭС-1-дің ауыспалы ұйымдық құрылымы күшіне енеді. Жұмыскердің немесе үміткердің лауазым талаптарына сәйкес келуін бағалау өзгереді.

Бұл не береді?

 

Трансформациялау бағдарламасының «Мақсатты ұйымдық құрылымға көшу» жобасын іске асыру нақты иерархияны құру арқылы басқарушылықты арттырады. Сондай-ақ, лауазымдарды жаңаша тігінен бағалауды әзірлеуге, грейдтер жүйесін ендіруге және олардың негізінде станцияның персоналына еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін құруға ықпал етеді. Жаңа өзгерістер Екібастұз ГРЭС-1-дің операциялық тиімділігін арттыруға алғышарт жасайды.

2gres

Қалай болады

Самұрық-Энерго HR-бөлімшесінің басшысы Мәдина Айсариева Екібастұз станциясының еңбек ұжымымен кездесуде Трансформациялау жобасын іске асырудың кезеңдері туралы айтты. «Жаңартылған функционалдық міндеттемелерге байланысты персоналға жаңа талаптар қойылатын болады. Ол үшін ұйымның нәтижелеріне қол жеткізуге қосқан үлесін анықтау үшін лауазымдарға бағалау жүргізу (грейдерлеу) жоспарланады».

Қазіргі уақытта, қалыптасқан еңбекақы төлеу жүйесінің ішкі әділдігіне және жалақылардың сыртқы бәсекеге қабілеттілігіне талдау жүргізіледі. Кейін әрбір грейд үшін еңбекақы мөлшерлері есептеледі және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі құрылады. Жаңа ұйымдық құрылымға өтудің соңғы маңызды кезеңі жұмыскердің немесе үміткердің лауазым талаптарына сәйкес келуін бағалау кезеңі (Job matching) болып табылады.

 3gres

Қалай болды

 

Жобалау командасы қолданыстағы процестердің келешек бизнес-процестерге сәйкес келуін қайта қарау бойынша жұмыс жүргізді, ол техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ТҚКЖ) персоналы жүктемесінің шынайы деңгейін айқын, объективті түсінудің, сондай-ақ қызметтерді біріктіру салдарынан мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсетті.ТҚКЖ-ні басқару процесі – ұйымдастыру бойынша ең қиыны. Бұл жабдық пен ол қатысты техникалық және технологиялық жүйелердің өзіндік ерекшелігі, ерекшеліктері мен санына, пайдалану шарттарының өзгеруіне, адам факторларына және басқаларға байланысты. Сондықтан көптеген ұйымдарда ТҚКЖ жүйесі көбінесе шексіз ресурстарды тұтынатын «қара жәшікті» білдіреді.

ТҚКЖ үшін жауапты мамандар – жөндеудің техникалық мәселелерін түсінетін, бірақ оны жалпы ұйымдастыру туралы жүйелік көрінісі жоқ техниктер, инженерлер болып табылады. Олар ұйымдастырушылық, жүйелік шешімдер саласын техникалық саладан бөлгенде өте қиналады. Осыдан өндірістік қорларды тиімсіз пайдалану, жабдықтың тұрып қалу тәуекелі туындайды. Екібастұз ГРЭС-1-де бұған бақылаудың тиімді тетіктерінің және экономикалық тиімділігі мен ТҚКЖ жұмысының сапасына ынталандырудың болмауы себеп болды.

Анықтама ретінде: «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. Трансформациялаудың ұйымдастырушылық периметрі – 9 кәсіпорын: «Самұрық-Энерго» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ, «Samruk-Green Energy» ЖШС, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, «Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Energy Solutions Center» ЖШС. 9 500 қызметкері бар, 16 бизнес-процесс, 4 деңгей бойынша 10 000-нан аса процесс, 20-дан аса ақпараттық жүйелер топтары ендіріледі.

 

2018.08.22
2018.08.22

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng