Өзгерістерге дайын

SAP жүйесі енгізілетін «Алматы электр станциялары» АҚ Трансформациялау бойынша мақсатты базалық процесстерді ендіру жобасын іске асырудың бастапқы нүктесі болмақ

Өзгерістерге дайын

«Самұрық-Энерго» АҚ пен ЕБҰ-ларда (ЕГРЭС-1, МГЭС және ШГЭС) бұл жоба екінші толқында таралатын болады

Бұл шешім холдингтің Басқарушы комитетімен келісілді. Трансформация жобасы өткен жылы корпоративтік орталықта (КО) және Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС-нда іске қосылған болатын. Жобаны қайта іске қосу себебін осы жобаны жүргізген жеткізушінің шарт талаптарын жеткілікті деңгейде орындамай, онымен жасалған келісімшарттың бұзылуымен түсіндіруге болады. Бұған қоса жобаның ұйымдастырылуы мен функционалдық көлемінде де өзгерістер болды.

Ұйымдастыру жақтары қайта қаралып, таяу аралықта жеткізушінің ауысатындығы белгілі болды, енді жоба қазіргі заманға сай жаңа IT-платформасында - SAP S/4 HANA іске қосылады.

«SAP ERP жүйесіне 2025 жылдан кейін техникалық қолдау көрсетілмейді. Сондықтан да «upgrade» процесінің алдын алу үшін біз қазіргі заманға сай жаңаша үлгідегі - SAP S/4 HANA жүйесіне көшпекпіз. Бұл жүйе әлдеқайда жетілдірілген, өнімділігі жоғары, транзакциялардың да, күрделі аналитикалық сауалдармен жұмыстың да жоғары жылдамдықпен жүргізілуін, және бұл міндеттердің бірыңғай платформада біріктіріле шешілуін қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді жоба жетекшісі Гүлмира Тұрубаева.

Қазақстанда бұл платформа арқылы енгізілген жобалар саусақпен санарлық. Ал электр энергетикасы саласында Самұрық-Энерго холдингі ең алғашқысы болмақ.

«Бұрын Екбастұз ГРЭС-1 ЖШС-нда алынған нәтижелерді 2019  жылы АлЭС-та тұжырымдамалық жобалауда қолданатын боламыз. Оларды өзектендіру қажет, АлЭС электр энергиясын өндірудің түрлі бағыттарын (ГЭС, ГРЭС, ТЭЦ және басқа да бірнеше өндірістік бөлімшелер) қамтитындықтан таңдалып отыр. Бұл жайт бізге көмегін тигізбек, өйткені алдағы уақытта жобаны басқа ЕБҰ нысандарына тарату  әлдеқайда жеңілірек болады», - деп атап өтті Гүлмира Тұрубаева.

Жобалау командасы компания нысандарын аралап, қызметкерлермен танысудан алған әсерлерімен бөлісті.

«Олардың өз трансформациясы басталып кеткен деуге болады. Негізінен автоматтандыруға бағытталған, интуициялық тұрғыдан болса да, осы бағытта 3-4 жыл бойы жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді, және де жобалық басқару әдіснамасынан ауытқыған емес. Компанияда әдіснама және трансормация бөлімі де құрылған».

Жобалау командасының ортақ тұжырымы – өзгерістерге дайын.

2018.08.22
2018.08.22

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng