«Самұрық-Энерго» АҚ сатып алу қызметіндегі өзгерістер үш миллиард теңгеден аса бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді

«Самұрық-Энерго» АҚ сатып алу қызметіндегі өзгерістер үш миллиард теңгеден аса бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді

«Самұрық-Энерго» АҚ-дағы Санаттық басқару жөніндегі трансформациялау бағдарламасының жобасы 20 стратегиядан тұрады. Әрбір категория бойынша арнаулы киім, қосалқы бөлшектер, металл прокаты, ірі габаритті шиналар мен өзге де сатып алулар бойынша жеке әдістер қарастырылады. Әзірленген санаттар бойынша үнемдеу әлеуеті бюджеттің 10-15% шамасында бағаланып отыр.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да қызметкерлердің, еншілес және тәуелді ұйымдардың (ЕТҰ), «Самұрық-Қазына» АҚ Орталық Трансформациялау командасының қатысуымен өткен ақпараттық сессияда жобаның ағымдағы мәртебесі мен жаңа әдәс-тәсілдерді ендіру талқыланды.

Санаттық басқару дегеніміз не? Бұл дегеніміз сатып алушылар ретінде әртүрлі құрылымдық бөлімше өкілдерінің бір топқа жинақталып,  кешенді шешім қабылдауы болып табылады. «Самұрық-Қазына» АҚ тарапынан қосымша мүмкіндіктер ұсынылады, олар қолданыстағы сатып алу қағидаларында көзделмеген сатып алудағы бірқатар функционалды пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, санаттық басқару көмегімен тапсырмаларды шешу барысында бұл процесстің барынша икемді болуына жағдай жасалады.  

utegenova2

Қазіргі уақытта, компанияда 6 стратегия әзірленді және іске асыруда. Жобаның басшысы – «Баға Мониторингі және Санаттарды Басқару» департаментінің директоры Жанат Өтегенова 2021 жылдың соңына дейін 14 стратегияны әзірлеу жоспарланып отырғанын айтты. Бюджеттің үнемдеу үшін бірқатар тетіктер қарастырылады, олардың арасында маусымдылық, яғни сатып алудың бағалар төмендеген мезгілде жүргізілуі, лоттарды жинақтау мүмкіндігі үшін тауарларды біріздендіру, бөлшектенген лоттарды кешенді сатып алуға біріктіру және басқалар болып табылады.

Мысалы, «Ірі габаритті шиналар» санаты бойынша өнім берушіні таңдау жүрілген жол бірлігі бойынша ең төменгі баға белгіленуі арқылы жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, алдағы уақытта сатып алу процесінде жеңімпаздарды анықтау тек ең төменгі баға бойынша ғана жүргізілмейді. Өйткені, арзан баға өнімнің сапалы екенін көрсетпейді. Болжанатын жүрілген жол – ақырғы шешім шығарудағы маңызды шарттардың бірі болып табылады.

sarmanbetov

«Біздің қолымызда сатып алу қызметінің тиімді құралы бар. Дұрыс тәсілді таңдағанда Холдинг үш миллиард теңгеден аса қаржыны үнемдей алады. Біз алдын ала болжам жасап қана қоймауымыз керек. Біздің қазіргі міндетіміз жобаның тиімді іске асырылуына қол жеткізу факторларын анықтау, реттеуші әрекеттерді қолдану және коммерциялық табыстың төмендеуіне ықпал ететін барлық тәуекелдерді ескеру болып табылады», - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры Ербол Сарманбетов.

«Самұрық-Қазына» АҚ Орталық Трансформациялау командасының жеткізу тізбектерін басқару жөніндегі бас менеджер Андрей Мокроусов жобалардың қатысушыларын, әсіресе өндіріске қатысты және одан әрі алынған өніммен жұмыс жасайтын қатысушыларды белсенді қатысуға шақырады. Сауалдар бойынша бастама көтеріп, оларды санаттық басқаруға енгізу қажет.

Анықтама ретінде: Жобаға Корпоративтік орталық және оның 7 еншілес ұйымы: «Шардара СЭС» АҚ,  «Samruk-Green Energy» ЖШС, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, «Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС қатысады.

Анна Жекенова

2018.08.10
2018.08.10

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng