Қазынашылық қызметтерді шоғырландыру – қаржылық ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру факторы

Басқарушы комитеттің мүшелері корпоративтік қаржыландырудың жаңа моделін ендіру жобасының ағымдағы мәртебесі туралы есепті тыңдады және «Дизайн» атты 1-кезеңнің жабылуын келісті

Қазынашылық қызметтерді шоғырландыру – қаржылық ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру факторы

Жобаның басшысы Сергей Ли «Дизайн» кезеңі барысында атқарылған жұмыстар туралы айтты. Самұрық-Энерго холдингі мен ұйымдастырушылық периметріндегі ЕТҰ-ларда (еншілес және тәуелді ұйымдар) корпоративтік қаржыландырудың ағымдағы процесстеріне жүргізілген диагностиканың нәтижелері алынды. Бизнес-процесстердің мақсатты моделі өзектендірілді, бизнесті өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспары, қарыздық міндеттемелерді басқару жөніндегі ереже, капиталды басқару саясаты, Кэш пулингті ұйымдастыру үшін нормативтік құжаттар, рейтингтік агенттіктермен жұмыс жасау жөніндегі ереже әзірленді, Негізгі және ақырғы пайдаланушыларды тағайындау туралы бұйрық дайындалды және т.б.

Жоба Қоғамның корпоративтік қаржыландырудың әдістемелік процесстерін оңтайландыру мен ендіруді, оның ішінде банк жүйесі негізінде Кэш пулингті ендіруді білдіреді. Осыған орай, жобалау командасы Кэш пулингті ұйымдастырудың Мақсатты тұжырымдамасын әзірледі. Өз кезегінде Кэш пулингті іске асыру бойынша банк-операторымен қызметтік талаптар мен банктік жүйелерге техникалық тапсырма келісілді.

«Қысқа мерзімді кезеңде жоспарланған шаралармен қатар заемдарды қайта қаржыландыру мүмкіндігін талқылау мақсатында ұйымдастырушылық периметріндегі еншілес ұйымдардың кредиторларымен алдын ала келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Сергей Ли.

1w

Кэш пулинг жұмысының сұлбасы

Кэш пулинг мыналарға көмектеседі:

  • жұмыс күнінің соңында еншілес ұйымдардың бірінде уақытша бос ақша қаражаты қалып, ал басқалары кассалық алшақтықты жабу үшін кредит тартуға мәжбүр болу жағдайларын болдырмауға;
  • шоттардағы қалдықтарды елеулі мөлшерде азайтуға;
  • барлық табысты  түскен күні түгел пайдалануға;
  • кредит алуға және оларды алу/қызмет көрсету шығындарына мұқтаждықты барынша азайтуға;
  • еншілес ұйымдардың шоғырландырылған қалдықтардың есебінен орналастыру шарттарын жақсартуға;
  • топ ішінде ақша қаражатының қозғалысын еске алуды оңтайландыруға.
2018.07.27
2018.07.27

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng