Басқарушы комитет Трансформацияның сатып алуды санаттық басқару жобасының бірқатар мәселелерін қолдады

Басқарушы комитет мүшелері жобаның ағымдағы жағдайын қарады

Басқарушы комитет Трансформацияның сатып алуды санаттық басқару жобасының бірқатар мәселелерін қолдады

Жобалау командасы Басқарушы комитет отырысының қарауына «Жобаны іске қосу» 1Фазасын және сатып алудың 4-ші толқынды санаттық стратегияларын бекіту жөніндегі бақылау нүктесін жабу мәселелерін ұсынды.

Бүгінгі күні сатып алудың 3 толқыны: «Ірі габаритті шиналар», «Металл бұйымдарын жалға алу», «Майлар және майлау», «Арнайы техниканың қосалқы бөлшектері» әзірленді.

«Баға мониторингі және Санаттарды басқару» департаментінің бас менеджері Мирлан Молдағалиев атап өткендей, жобаның мақсаты – сатып алынатын материалдардың техникалық және өзге де ерекшеліктері бойынша ұқсас түрлерін бір санатқа біріктіру. Бұл шара озық тәжірибелерді ендіру есебінен сатып алу қызметінің тиімділігін, жариялылығын және ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, санаттық стратегияны қолдану қорды жинақтау және сақтауға жұмсалатын шығынды азайтуға, үнемдеуге, білікті жеткізушілермен серіктестік қарым-қатынастарын дамытуға ықпал етеді.  

Басқарушы комитетпен сатып алудың 4-ші толқынды санаттық стратегиялары, атап айтқанда «Арнайы киімдер» және «Арнайы техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» санаттары келісілді. Сондай-ақ  «Жобаны іске қосу» 1Фазасының жабылуы келісілді.

Жобаға Корпоративтік орталық және 7 еншілес компания:  «Шардара СЭС» АҚ, «Samruk-Green Energy» ЖШС, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, «Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Богатырь Комир» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ қатысты.

2018.07.24
2018.07.24

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng