Жобалық басқарудағы мейірім пен зұлымдық

PMO (Project Management Office) блогының басшысы Федор Голиков «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау офисі жобалау командаларының мүшелеріне, бөлімшелердің мамандарына жобалық басқаруды игеру тәсілін ұсынды

Жобалық басқарудағы мейірім пен зұлымдық

Қордың Әдістемесіне сәйкес,Трансформациялау бағдарламасы офисінің жобалар портфелін басқаруға жауапты бөлімшесін Федор Голиков басқарады. Ол ҚР Бас прокуратурасында, ҚР Жоғарғы сотында, «Еуразиялық топ» ЖШС-да, басқа да қзақстандық және халықаралық компанияларда жобалық басқару бойынша жобаларды басқару тәжірибесі бар сарапшы, консультант, жатықтырушы болып табылады.

Федор Голиков өткізген семинардың басты мақсаты – барынша тиімді болуға және жобалық басқаруға «мейірім» мен пайданы қалай әкелуге болады. Егер жобалық басқару тренді Қазақстан үшін ноу-хау сияқты болса, әлемдік тәжірибеде ол 50 жылдай қолданылады. Жобалық басқарудағы жетілгендік – бұл қоғамның табысы. Бұл тұрақты түрде жақсарту, бақылау, өлшеу, стандарттау болып табылады. Қазіргі таңда аталған желі Қазақстанға түсінікті және соңғы бірнеше жыл бойы тіпті барлық мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жобалық офистер бар.

«Бизнес-процестердің негізі тәуекелге сүйенетін болғандықтан, жобалық басқару өте маңызды болып табылады. Бұл сенімді алға жылжуға мүмкіндік береді. Осылайша, жалпыәлемдік үрдіс – бұл процестерді зерттеу мен оларды жақсарту болып табылады. Барлық әлем жобалық басқарумен қамтылған деп еркін айтамын», - деп атап кетті Федор Голиков.

Федор Голиков Қазақстан Бас прокуратурасының «Өзгерістер стратегиясын» іске асыру бөлігіндегі жетістігін мысал ретінде келтірді. Жобалық қызметке қатысушылардың командалық жұмысы мен жобалық басқару әдістемесін ұстану арқылы әсерлі нәтижеге қол жеткізілді. Семинарға қатысушылар өзгерістерді енгізген кезде қарсылықты қалай жеңу керек екені туралы, сондай-ақ жобаларды іске асыру жетістіктерінің себептері туралы сұрақтар қойды.

«Қарсылық үнемі болады. Бұл - сау адамның қалыпты реакциясы. Өзгерістердің қажеттігін сезіну және құзыреттерді дамыту – жобаны басқарудың табысты көрсеткіштерінің бірі болып табылады», - деп жауап берді РМО басшысы.

Федор Голиков Трансформациялау бағдарламасы Қазақстандағы өте маңызды оқиға болып табылатынына тыңдаушылардың назарын аударды. Өзгерістерге қатысымыздың болуы бізге жүктелген міндетті орындау мәртебесін береді. Ол үшін біз мүдделі болуымыз керек және өзгерістерге қарай ұмтылу арқылы өмірімізді жақсартуға тиіспіз.

Жобаларды табысты басқарыңыздар!

2018.07.20
2018.07.20

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng