«Самұрық-Энергоның» мамандары деректерді басқару жөніндегі тәжірибесін «Қазпоштадағы» әріптестерімен бөлісті

«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасының «Мақсатты (базалық) процестерді енгізу» деп аталатын ең ауқымды жобасының құрамдас бір бөлігі болып табылатын деректерді басқару бағытының мамандары «Қазпошта» АҚ-ның қызметкерлері  үшін референс-кездесу өткізді.

1 transformer

Бұл кездесуге «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Орталық трансформациялау командасы бастамашы болды. Бүгінгі күні «Самұрық-Энерго» АҚ-да деректерді басқару бағыты бойынша бес фазаның төртіншісін іске асыру аяқталды және SAP MDG жүйесін пайдалануға беру процесі басталды.

2 transformer

«Біздің команда негізгі кросс-функционалдық деректерді дайындау бойынша орасан жұмыс жүргізді. Материалдардың, контрагенттердің, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстардың бірыңғай анықтамалығы жасалып, ондағы деректер енгізіліп отырған SAP ERP жүйесінің барлық модульдерінде пайдаланылатын болады. Біз 7 ЕТҰ-ның шоғырландырылған деректерінің ауқымын талдап шықтық, бұл  – материалдар анықтамалығының екі жүз мыңнан астам позициясы. Нәтижесінде біз жинақталған ақпаратты үш есеге жуық азайтып, қайталанғандарын алып тастау арқылы 88 мың позицияға дейін жеткіздік және материалдар сипаттамасының үш мың бірліктен астам шаблонын әзірледік», – деп «Деректерді басқару» бағытының жетекшісі Данияр Мұқашев әңгімелеп берді.

«Қазпошта» АҚ-дағы әріптестерімен кездесуде Данияр Мұқашев жобаны іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Ол деректерді басқаруға жауапты адамдар пулын бастапқы кезеңде құрудың, оны қалай дұрыс айқындаудың және іске жұмылдырудың маңыздылығын атап өтті. 

Деректерді басқару процесі ақпараттың қолжетімділігін, уақытылылығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді, ал бұл жедел әрі тиімді басқарушылық шешім қабылдауға ғана емес, компаниядағы бүкіл бағыттардың жұмыс сапасына да әсер етеді. Бұл жоба бухгалтерияда, сатып алуда және жөндеу жұмыстарын жоспарлауда қолданылатын болады.

Қазір команда жоба аясында деректерді басқаруды үйлестіруді, деректердің архитектурасын жобалауды, бизнес-талдау мен есептілікті басқаруды, процестер мен деректер сапасын мониторингілеуді қамтитын деректерді басқару процестерін енгізуге жұмылдырылған. 

Команданың өкілдері, «Қазпошта» АҚ-ның дерегі бойынша, «Самұрық-Энергодағы» әріптестерінің сапары тиімді болғанын атап өтті және Трансформациялау бағдарламасының жобаларын іске асыру саласында бұдан әрі де тәжірибе алмасуға ниет танытты.

Портфельді компаниялардың референс-кездесу өткізу тәжірибесі өзекті. Өйткені трансформациялау жобалары бүгінде Қордың барлық компанияларында дерлік бастау алды. Жобаларды іске асыруда өз әріптестерінен озық шыққандар олардың дұрыс даму сценарийімен бөлісе алады.

2018.04.23
2018.04.23

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng