Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «Самұрық-Энерго» АҚ-да корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ-да алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу саясаты (бұдан әрі – Саясат) өзектендіріліп, бекітілді.

Саясат Компания қызметкерлерінің, сондай-ақ басқа да тұлғалардың Компанияның алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарының кез келген көріністерін қабылдамайтыны, сондай-ақ Компанияның  алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысуын жоққа тән ету туралы бірыңғай түсінігін қалыптастыру мақсатында әзірленді.   

Саясатта алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары, сондай-ақ  алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күресті ұйымдастырудың,   алаяқтық  әрекеттері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының салдарларын мейлінше азайту және (немесе) жоюдың басқарушылық және ұйымдастырушылық негіздері белгіленді.

Саясаттың ережелері Компания мен оның ЕТҰ лауазымды тұлғаларына, қызметкерлеріне, сондай-ақ шарт бойынша қарым-қатынас аясында жұмыс істейтін үшінші тұлғалар – контрагенттерге (аудиторлар, консультанттар және басқалар) қолданылады.

Компанияның Корпоративтік орталығы мен ЕТҰ-ларының барлық қызметкерлері Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатымен танысты, жыл сайын қызметкерлердің Саясатты білу деңгейлеріне тестілеу жүргізіледі. 

БАҚ-тарда «Самұрық-Энерго» АҚ мен ЕТҰ лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне қатысты алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша жарияланған жағымсыз сипаттағы жарияланымдарға тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.   

2016 жылдың қорытындылары бойынша «Самұрық-Энерго» компаниялар тобында алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық фактілері байқалмады.   

Бөлімге қатысты құжаттар:

  • «Самұрық-Энерго» АҚ-да алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты

Тұрақты даму

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng