СТЕЙКХОЛДЕРЛЕРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ

Жергілікті қоғамдастықтар

Біз өзіміз жұмыс істейтін жерлердегі жергілікті қоғамдастықтармен олардың әл-ауқатын жақсартуға үлесімізді қоса отырып, жақсы көрші болуға және өзара тығыз іс-қимыл жасауға тырысамыз.

Біз өзіміз жұмыс істейтін жерлердегі халықпен олардың әл-ауқатын жақсартуға үлесімізді қоса отырып, тату көршілік қарым-қатынастары құрамыз. Біз өзіміздің өндірістік қызметіміздің әлеуметтік әсерлерін басқару, халықтың соның әсерінен болатын кез келген қаупін жою, өзіміздің қатысымыз бар өңірлерге әкелуіміз мүмкін әлеуметтік пайданың диапазонын кеңейту үшін халықпен тығыз жұмыс жасаймыз.  

Біз жергілікті халықты жергілікті қоғамдастықтарды экономикалық тұрғыдан дамытуға, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және жалпы өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал ететін сенімді, қауіпсіз және қолжетімді энергия тасымалдағыштармен қамтамасыз етуге тырысамыз.

 «Самұрық-Энерго» біз жұмыс істейтін елдердің жергілікті экономикасын дамытуға өзінің үлесін қосып келеді.

Бұл жұмыс мынадай түрлі форматтарда жүргізіледі: жергілікті халықты тікелей жалдау арқылы жұмысқа алу, қамтамасыз ету жүйесін басқару қызметі арқылы, мемлекеттік органдармен және серіктестермен жаңа жұмыс орындарын құру бойынша қарым-қатынас жасау арқылы және жергілікті бизнес пен жеткізуші компанияларды дамытуға қолдау көрсету арқылы.

Бұл қажет болған жерлерде біз жергілікті компаниялардың қызметкерлерінің/ тауарларды немесе қызметтерді жеткізушілердің дағдылары мен техникалық білімдерінің деңгейін арттыру мақсатында қосымша оқу курстарын ұсынамыз.

Білім жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және адамдарға жарқын болашақты құруға көмектеседі.

Тұрақты даму

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng