Әлеуметтік саясат

Іскерлік саладағы ашықтыққа, Компанияның дамуындағы бизнестің рөліне қойылатын талаптар артып отырған кезде «Самұрық-Энерго» АҚ Даму стратегиясында   әлеуметтік жауапкершілік айрықша рөлге ие болып отыр.  

Компанияның орнықты дамуына қосатын үлесі үшін өзінің жауапкершілігін сезіне отырып, Қоғамның қызметі әсер ететін мүдделі тараптардың – инвесторлардың, серіктестердің, қызметкерлердің, жеткізушілердің, мемлекеттік басқару органдарының, қалың жұртшылықтың және өзгерлердің алдында әлеуметтік-жауапкершілік мінез-құлқы бойынша өзіне ерікті түрде міндеттемелер алады.

Компания қоршаған ортаны қорғау және энергия үнемдеу, жасыл технологияларды дамыту мен экологиялық стандарттарды ендіру, жергілікті қоғамдастықты қолдау, қайырымдылық және демеушілік бойынша қызметті жүзеге асырады.

Сондай-ақ, Компания қызметкерлерге және адам капиталына инвестиция салуға, денсаулыққа, қауіпсіздікке, персоналды еңбекке ынталандыруға, тұрғын үймен қамтамамыз ету жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге, спорт шараларына, өмір мен денсаулықты сақтандыруға, кәсіподықтарды құруға көмектесуге, персоналды оқытуға байланысты мәселелер жөніндегі әлеуметтік-жауапкершілік шараларды іске асырады.

Осылайша, 2015 жылы Компания корпоративтік, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарымен жұмыс істеген және оларды іске асыруда жоғары нәтижеге қол жеткізген кәсіпорын ретінде «Парыз» әлеуемттік жауапкершілік бизнесі конкурсының Гран-при жүлдегері болды. 2016 жылы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Парыз» әлеуметтік жауапкершілік бизнесі жөніндегі конкурстың күміс жүлдегері болды.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстанатындығын көрсету үшін Компания 2011 жылы 5 қазанда БҰҰ Жаһандық шартына қосылды, бүгінгі күні БҰҰ Жаһандық шартының Он қағидатын ұстанады.  

2015 жылы Компаниялар тобы бойынша өндірістік персоналдың әлеуметтік тұрақтылық рейтингінің көрсеткіші оң динамикамен сипатталып, 2014 жылғы 69%-дан  2015 жылы 72%-ға ұлғайды.

Еңбек ұжымдарында тұрақтылықты сақтау, наразы көңіл-күйді болдырмау, еңбек дауларын шешу және еңбекті ұйымдастыру мен еңбек қатынастары мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын уақытылы қамтамасыз ету жөніндегі шаралар 2015-2018 жылдарға арналған Қоғамның компаниялар тобындағы Әлеуметтік тұрақтылық рейтингін және персоналдың қатыстырылуын арттыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Жоспар еңбекке ақы төлеу мен ынталандыруды жетілдіру, персоналды оқыту және дамыту, жас қызметкерлерге қатысты саясат, тұрғын үй саясаты, денсаулықты, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, сондай-ақ бақылау шаралары бойынша шараларды қамтиды. Барлық өндірістік ЕТҰ-ларда еңбек ұжымдары арасында түсіндіру жұмысын жүргізу үшін әлеуметтік тұрақтылық бойынша жұмыс топтары құрылды.

2016 жылы Қоғам компаниялары тобының қызметкерлеріне ұсынылатын әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктердің қатарына мыналар кірді: қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін орындаған кезде жазатайым оқиғалардан сақтандыру, сауықтыруға арналған бір жолғы көмек, санаториялық-курорттық емделу, еңбекке жарамсыздық парақтарын төлеу, медициналық сақтандыру және емдеу, өндірістік жарақатты алған кездегі материалдық көмек және өзгелер.

Бөлімге қатысты құжаттар:

  • ISO 26000 Әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі стандарты;
  • БҰҰ Жаһандық шарты.

Тұрақты даму

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng