«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2017 жылы қол жеткізген прогресі туралы хабарлама

cop 2017 samruk energy rus

«Самұрық-Энерго» АҚ
БҰҰ Жаһандық шарты
2017 ж.қол жеткізілген прогресс туралы хабарлама

 

 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2017 жылы қол жеткізген прогресі туралы хабарлама

 

  «Самұрық-Энерго» – халықаралық энергия балансына -интеграцияланған ірі көпсалалыэнергетикалық холдинг. «Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметінде қоршаған ортаға қамқорлық жасау және мен үнемді өндіріс қағидаттарын басшылыққа алады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Самұрық-Энерго станция-ларының белгіленген қуаты ҚР БЭЖ жалпы белгіленген қуатының 31%-дан астамын, көмір өндіру үлесі ҚР-дағы жалпы көлемнің шамамен 38%-ын құрады.

 

  Қоғамдағы ел экономикасының барлық салаларын дамытуға тигізетін елеулі ықпалын назарға ала отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің ықпал ету саласы шегінде өз стратегиясы мен күнделікті қызметін басшылыққа ала отырып, 2011 жылы 6 қазанда Жаһандық шарттың 10 қағидатына БҰҰ Жаһандық шартына қосылды.

 

  Бұл 2017 жылы қол жеткізілген прогресс туралы хабарлама БҰҰ Жаһандық шартына тұрақты қолдау көрсету туралы мәлімдеме болып табылады. Ол 10 қағидатқа сәйкес қабылданған іс-шаралар мен олардың нәтижелерін сипаттайды.

 

  Адам құқықтары

  1- қағидат: Іскер топтар халықаралық деңгейде жария етілген адам құқықтарын қолдауға және құрметтеуге тиіс; және

  2-қағидат: Іскер топтардың адам құқықтарының бұзылуына қатысы болмауы тиіс.

 

  Қоғам мен оның еншілес және бағынысты ұйымдары халықаралық деңгейде жария етілген және Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген адам құқықтарын толық сақтайды. Қоғамның орнықты даму саласында персоналмен қарым-қатынас жасаудағы басты мақсаты адамның еңбек ету құқығын іске асыру болып табылады.

 

  2011 жылдан бері Қоғамда Омбудсмен ендірілген. 2017 жылы «Самұрық-Энерго» Компаниялар тобында Омбудсменге адам құқықтарының бұзылуы бойынша жүгіну туралы бірде-бір оқиға тіркелмеген.

 

  2017 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобында байырғы және саны аз халықтардың құқықтарының бұзылуына қатысты бірде-бір оқиға тіркелген жоқ. Қоғам құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігі қағидатын мойындайды. Қызметкерлер қолданыстағы заңнамалар аясында қауымдастықтарға бірігу және ұжымдық келіссөздер жүргізу бостандығы құқығына ие.

 

  Еңбек қатынастары

  3-қағидат: Іскер топтар бірігу бостандығы мен ұжымдық шарттар жасау құқығын нақты тану бостандығына қолдау көрсетуі тиіс;

  4-қағидат: Іскер топтар мәжбүрлеп және міндетті еңбек етудің барлық нысандарын жоюды қолдауы тиіс;

  5-қағидат: Іскер топтар балалар еңбегін толығымен жою үшін күресуі тиіс; және

  6-қағидат: Іскер топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жою үшін күресуі тиіс.

 

  Қоғамның негізгі мақсаттары еңбек өнімділігін арттыру, лайықты сыйақы беру және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады.

 

  Қызметкерлердің экономикалық, әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін реттеу мен қорғау, еңбек шарттары талаптарының сақталуын бақылау мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ тобында 23 кәсіподақ бірлестігі өз қызметін жүзеге асырады, Қоғамның Компаниялар тобы қызметкерлерінің 90%-дан астамы (12 000-нан астам адам) олардың мүшелері болып табылады.

 

  Қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын, құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету – әлеуметтік серіктес қызметкерлердің өкілетті өкілдері болып табылатын кәсіподақ ұйымдарының негізгі қамқорлығы және міндеті болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының барлық ұйымдарында еңбек қатынастарын өркениетті түрде нығайтуға, еңбек өнімділігі мен талаптарын жақсартуға кезең-кезеңмен қол жеткізуге,қызметкерлерге қосымша әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер белгілеуге мүмкіндік беретін құрал болып табылатын ұжымдық шарттар жасалған. Оның үстіне, Қоғамның ұжымдық-шарттық тетіктері жыл сайын дамып, жетіле түсуде. Қызметкерлердің мұқтаждықтарына уақытылы жауап қайтару, әлеуметтік серіктестік тараптары мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу – «Самұрық-Энерго» АҚ тобының кәсіподақ бірлестіктері шешетін міндет.

  

  Кәсіподақ ұйымдарымен қатар «Самұрық-Энерго» АҚ тобында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу аясында Әлеуметтік-еңбек дауларын реттеу мәселелері жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылған.

  

 Қоғам мен оның ЕБҰ-лары мәжбүрлі және балалар еңбегін жоюды қолдайды. Қоғамда еңбектің бұл түрлерімен байланысты қызмет түрі жоқ.

  

  2017 жылы Қоғамда қызметкерлерді кемсітумен байланысты бірде-бір оқиға орын алған жоқ.

 

  Қоршаған орта

  7-қағидат: Іскер топтар сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге қатысты ұстанымға қолдау көрсетуі тиіс;

  8-қағидат: Іскер топтар қоршаған ортаның жай-күйіне жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қолдануы тиіс; және

  9-қағидат: Іскер топтар экологиялық қауіпсіз технологияларды дамыту мен таратуға жәрдемдесуі тиіс.

 

  Қазақстандағы ірі энергетикалық компанияның бірі ретінде «Самұрық-Энерго» АҚ қоғам үшін орнықты даму үдерістерінде өзінің маңызды рөл атқаратынын сезінеді. Қоршаған ортаны қорғау мен ресурстарды ұтымды пайдалану Компания мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметінде маңызды рөл атқарады. Компания дамуының басым бағыттары мен оның табиғатты қорғау саласындағы қызметінің мақсаттары Қоғамның Ұзақ мерзімді стратегиясы мен Экологиялық саясатында көрініс тапқан.

  

  Қоғам жаңа технологияларды ендіру мен жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, өндірістік қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға біртіндеп, жүйелі түрде қол жеткізуді жоспарлайды.

 

  «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы энергия тиімділігін арттыруға ықпал етуге күш салады. Бұл мәселедегі басым іс-шаралар ескірген электр жабдықтарын жақсарту және жаңғырту, өндірісте, тасымалдау мен электр және жылу энергиясын таратуда тиімділікті арттыру, сондай-ақ тұтынушылаға электр энергиясы мен жылу энергиясын тұтынуға үнемділікпен қарау дағдысын сіңіру болып табылады.

 

  Көмір өндіруді дамыту аясында энергия қондырғысының ПӘК-ін арттыруға, отын мен парниктік газдар (көмірқышқыл газы) мен зиянды заттардың (күл, азот және күкірт тотықтары) шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін «таза көмір технологияларын» қолдану көзделуде.

 

  Ұзақ мерзімді Стратегияның негізгі міндеттерінің бірі инновациялық даму екенін ескере отырып, «Назарбаев Университет» ДБ-мен бірлесіп, жоғары күлді Екібастұз кен орнының көмірлерін байыту кезінде қалған қалдықтарды жағу үшін қазандық қондырғыларына арналған технологияны әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

 

 Отын-энергетикалық ресурстарды тиімді әрі экологиялық тұрғыдан жауапкершілікпен пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобында 2015-2025 жж. арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңға сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық еншілес компанияларында аккредитациядан өткен мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, энергия аудиттері жүргізілді.

 

  Энергия аудиттерінің қорытындысы бойынша техникалық, ұйымдастырушылық және басқа іс-шараларды қоса алғанда, энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. 2017ж. қорытындылары бойынша атқарылған іс-шаралар нәтижесінде отын-энергетикалық ресурстарын тұтыну 38,7 мың тонна шартты отын мөлшерінде үнемделді.

 

  Табиғатты қорғау жөніндегі кешенді бағдарламаны іске асыру және жаңартылатын энергия көздерінде энергия өндірудің артуы «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы бойынша өндірілген өнімнің бір бірлігіне есептегенде ластаушы заттардың меншікті шығарындысының азаюын қамтамасыз етті.

 

  2017 жыл Компания үшін ЭКСПО «Болашақтың энергиясы» аясында өткенін атап айту қажет. «Самұрық-Энерго» АҚ «Астана Экспо-2017» халықаралық көрмесінің жаһандық серіктесі ретінде белсенді қатысты, оның ішінде көрмеге қатысушыларға ЖЭК жобаларында іске асырылған баламалы энергетиканың әлеуеті туралы ақпарат алуға болатын тақырыптық корпоративтік павильонмен танысуды ұсынды.

 

  «Самұрық-Энерго» АҚ экспозициясы «Табиғи көздер – таза энергия» айдарымен өтті. Оның ашылу рәсімінде «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев стенд бойынша тур өткізіп, компанияның Қазақстанда төмен көміртекті технологияларды дамыту мен ендіру саласындағы алатын рөлі туралы әңгімеледі.

 

  Жұмыс істеп тұрған жел қондырғыларының ауқымын көрсету үшін гондола макетінің фрагменті көрсетілді, онда Ерейментау жел паркін 300 мВт-ға дейін кеңейтудің алдағы кезеңдері бойынша бейнеролик көрсетіліп, ақпарат берілді.

 

  «Самұрық-Энерго» АҚ стендіне жаһандық энергетикалық әлеует, ресурстар, қуат көздерінің түрлері, жылына 16 ТВт-ға дейін жететін энергияға деген әлемдік сұраныс және Қазақстан Республикасының жаһандық энергия балансындағы орны туралы танымдық ақпарат орналастырылды.

 

  2017ж. маусымда Астанада Дүниежүзілік Инженерлер мен ғалымдар конгресінде (WSEC-2017) «Самұрық-Энерго» АҚ-ның төрағалығымен «Энергетикалық трилемма балансы: қауіпсіздік, қолжетімділік және экологиялық тұрақтылық» тақырыптық блогында «Болашақтың энергиясы – Жаһандық энергияның даму келешегі» секциясы өткізілді.

 

  «Самұрық-Энерго» АҚ-ның шақыруы бойынша WSEC-2017 жұмысына Стэнфорд Университетінің профессорлары, АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Ресейдің энергетика саласындағы старт-ап компанияларының басшылары мен сарапшылар, сонымен қатар әлемнің 50 елінен 1000-нан аса делегат қатысты.

 

  «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер мен оларды іске асыру әдістері» тақырыбындағы Конгресс жұмысы жұртшылықтың Нобель сыйлығы лауреаттарының, университеттердің жетекші ғалымдарының, академиктер мен түрлі компаниялар өкілдерінің әлемдік энергетиканы дамытудың өзекті трендтері жөніндегі пікірлерімен танысуына мүмкіндік берді.

 

  Астана қаласында шілдеде мемлекеттер арасындағы іскери байланыстарды нығайтуға және бизнес-қауымдастықтар арасында тікелей байланыс орнатуға бағытталған Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің (ҚКІК) VI отырысы өтті, оның ұйымдастырушылары «Самұрық-Энерго» АҚ мен Корея Өнеркәсіпшілері Федерациясы болды. Панельді сессиялар барысында бизнес-құрылымдардың өкілдері Қазақстанның инвестициялық ахуалымен, балама энергия көздерін қолдау жүйесі мен бірлескен жобаларды дамыту саласындағы келешек жобаларымен танысты. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың өзекті аспектілері мен түрлі салалардағы жаңа жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

 

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету

  10-қағидат: Іскер топтар бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне қарсы тұруы тиіс.

 

  2016 жылы желтоқсанда «Самұрық-Энерго» АҚ-да Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты өзектендірілді. Саясат «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің, сонымен қатар басқа да адамдардың ойында Қоғамның кез келген нысандағы және кез келген көріністегі алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін қабылдамайтыны, сондай-ақ алаяқтық тәуекелі мен Қоғамды сыбайлас жемқорлық қызметіне тартуды мейлінше азайту туралы бірыңғай түсінігін қалыптастыру мақсатында әзірленді.

 

  Саясаттың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіні «Самұрық-Энерго» АҚ-ның web-сайтына орналастырылды.
2017 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық қызметкерлері Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатымен 100% таныстырылды.


  Жыл сайын «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын білу деңгейіне тестілеу жүргізіледі. «Самұрық-Энерго» АҚ мен ЕБҰ қызметкерлерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне қатысты тұрақты түрде алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері бойынша мониторинг жүргізіледі.

  
  Жыл сайын «Самұрық-Энерго» АҚ-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді. Барлық іс-шаралар белгіленген мерзімде орындалады.

  

   2017 жылдық қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» Компаниялар тобында алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.

Тұрақты даму

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng