«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2018 жылы қол жеткізген прогресі туралы хабарлама

snimok

cop 2017 samruk energy rus

«Самұрық-Энерго» АҚ
БҰҰ Жаһандық шарты
2018 ж.қол жеткізілген прогресс туралы хабарлама

 

 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2018 жылы қол жеткізген прогресі туралы хабарлама

 

Қазіргі уақытта «Самұрық-Энерго» АҚ –Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау және үнемді өндіріс қағидаттарын басшылыққа алатын жоғары технологиялық энергиямен жабдықтау кепілі және Еуразияның жеткізушісі ретінде акционерлер, қызметкерлер және Қоғам үшін құндылықты құрайтын халықаралық энергия балансына тиімді біріктірілген ірі көп бейінді энергетикалық холдинг.

2018 жылғы қорытындылары бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ станцияларының белгіленген қуаты ҚР БЭЖ-інің белгіленген қуатының 28%-ын құрады, көмір өндіру ҚР-дағы жалпы көмір өндіру көлемінің 39,5%-ын құрайды.

2018 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр энергиясын өндіру көлемі 31 703 млн. кВтсағ құрады немесе 2017 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 10,6%-ға өсті. Осылайша, Қазақстан БЭЖ-і бойынша электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларының электр энергиясын өндіру үлесі 29,7%-ды құрады.

2018 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның көмір өндіру көлемі 44,9 млн.тоннаны құрады немесе ол 2017 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 11%-ға өсті. Бұл көмір өндірудің жалпы көлемінің 39,5%-ын құрайды.

Компанияның ел экономикасының барлық салаларының дамуына тигізетін маңызды ықпалын назарға ала отырып, 2011 жылғы 6 қазанда «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің әсер ету саласының аясында стратегиясы мен күнделікті қызметінде Жаһандық шарттың 10 қағидатын ұстана отырып, БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды.

2018 жылы қол жеткізілген прогресс туралы аталған хабарлама БҰҰ-ның Жаһандық шартын өзгермес қолдау туралы мәлімдеме болып табылады. Ол 10 қағидатқа сәйкес қызметтер мен нәтижелерді сипаттайды.

Адам құқықтары

 

1-қағидат: Іскер топтар халықаралық деңгейде жария етілген адам құқықтарын қолдауы және құрметтеуі тиіс; және

2-қағидат: Іскер топтардың адам құқықтарының бұзылуына қатысы болмауы тиіс.

Компания мен еншілес және тәуелді қоғамдар халықаралық деңгейде жария етілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген адам құқықтарын толығымен сақтайды. Компанияның персоналға қатысты орнықты даму саласындағы басты мақсаты адамның еңбек ету құқығын іске асыру болып табылады.

2011 жылдан бастап Қоғамда Омбудсмен институты ендірілді. 2018 жылы Омбудсменге 39 өтішін келіп түсті. Қызметкерлердің барлық өтініштері реттелді, қажет болған жағдайларда түбегейлі консультациялар берілді. Осылайша, 2018 жылдың қорытындылары бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында Омбудсменге адам құқықтарын бұзу мәселелері бойынша бір де бір өтініш түскен жоқ.

2018 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында байырғы және саны аз халықтардың құқықтарын қозғайтын бұзушылықтардың бір де бір жағдайы бекітілген жоқ. Компания құқықтар мен мүмкіндіктердің теңдігі қағидатын мойындайды. Қызметкерлер қауымдастықтарға бірігу бостандығы мен қолданыстағы заңнама аясында ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығына ие.

Еңбек қатынастары

 

3-қағидат: Іскер топтар бірігу бостандығы мен ұжымдық шарттарды жасасуға қатысты құқығын нақты мойындауы тиіс;

4-қағидат: Іскер топтар мәжбүрлі және міндетті еңбек етудің барлық нысандарын жоюды жақтауы тиіс;

5-қағидат: Іскер топтар бала еңбегін толығымен жоюды жақтауы тиіс; және

6-қағидат: Іскер топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды жақтауы тиіс.

Компанияның негізгі мақсаттары еңбек өндірісін арттыру, лайықты сыйлықақы беру және қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз ету болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының барлық ұйымдарында еңбек қатынастарын өркениетті түрде нығайтуға, еңбек өндірісі мен шарттарын кезең-кезеңмен жақсартуға қол жеткізуге, қызметкерлерге қосымша әлеуметтік кепілдер мен жеңілдіктерді белгілеуге мүмкіндік беретін құрал болып табылатын ұжымдық шарттар бар (100% қамтиды). Бұл ретте, Компанияның ұжымдық-шарттық тетігі жыл сайын дамиды және жетілдіріледі. Қызметкерлердің мұқтаждарына уақытылы әрекет ету, әлеуметтік серіктестіктің тараптар мүдделерінің теңгеріміне қолжетікзу – «Самұрық-Энерго» АҚ-тың кәсіподақ бірлестіктері шешетін міндеттер.

 Қызметкерлердің экономикалық, әлеуметтік-еңбек құқықтарын және кәсіби мүдделерін реттеу мен қорғау, «Самұрық-Энерго» АҚ тобында еңбек шарттары талаптарының сақталуын қабылау мақсатында 19 кәсіподақ бірлестігі жұмыс істейді, компания тобының 87%-дан (кемінде 10 000 адам) астам қызметкері оның мүшесі болып табылады. 2018 жылы кәсіподақ бірлесіктерінің саны бойынша көрсеткіш өткен жылдың деңгейінен бірталай төмен, бұл 2018 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы құрамынан 4 еншілес ұйым шығып кетуіне байланысты.

Қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын, құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету – әлеуметтік серіктестікте қызметкерлердің уәкілетті өкілдері болып табылатын кәсіподақ ұйымдарының негізгі жұмысы мен міндеті болып табылады.

Кәсіподақ ұйымдарымен қатар «Самұрық-Энерго» АҚ тобында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу аясында тұрақты жұмыс істейтін Келісуші комиссиялар құрылды.  

Компания және оның ЕТҰ-лары мәжбүрлі және бала еңбегін жоюды қолдайды. Компанияда бұл еңбек түрлерін пайдалануға байланысты қызмет жоқ.

2018 жылы Компанияда қызметкерлерді кемсітумен байланысты бір де бір оқиға болған жоқ.

Қоршаған орта

 

7-қағидат: Іскер топтар сақтық қағидатында негізделген экологиялық мәселелерге арналған тәсілдерді қолдауы тиіс;

8-қағидат: Іскер топтар қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілігін арттыруға бастамашылық қолдануға тиіс; және

9-қағидат: Іскер топтар экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға және қеңейтуге көмектесуі тиіс.

Көпжылдық жұмыс кезеңі үшін Компанияда және оның еншілес ұйымдарында қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне деген жауапты қатынас орнықтырылды. Қолданылатын технологиялардың күрделілігі мен қиындығын ескере отырып, электр энергетикалық секторға тән, әсіресе қазіргі және келешек ұрпақтың, сондай-ақ әрекет ету өңірлерінде өсімдік және жануарлар әлемінің амандығы мәнмәтінінде экологиялық тәуекелдің көптеген факторларының әрқайсысының маңыздылығын сезіне аламыз.

Экологиялық аспектіні басқару үшін Компанияда экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) құрылды. Өндірістік қызмет жүзеге асыратын барлық еншілес және тәуелді компанияларда ISO 14001 «Экологиялық менеджмент» стандарты ендірілді. Біз қоршаған ортаны қорғауды Қазақстан қоғамының әлеуметтік дамуына салым ретінде қарастырамыз, сондықтан   2018 жылы ЭМЖ-ны әлеуметтік менеджмент жүйесімен біріктіру бойынша жұмыс басталды. АДБ мен ЕҚҚБ-мен ынтымақтастық тәжірибесі арқасында Халықаралық қаржылық корпорацияның талаптарын ескере отырып, менеджмент жүйесін жетілдіруді жоспарлаймыз.

2018 жылы табиғатты қорғау шараларының кешенді бағдарламасын іске асыру мынадай жетістіктерге әкелді:

- төмен эмиссиялық жанарғысын орнату түтіндік газдарда азот тотықтарының шоғырлануын 650 мг/нм3-ға дейін төмендетті;

- Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2-нің барлық энергия блоктарында жаңа буынның электр сүзгіштерін, сондай-ақ «АлЭС» АҚ станцияларда ылғалды күл тұту эмульгаторларын пайдалануға енгізгеннен кейін күлдің шекті шығарындыларының азайғаны байқалады.

Соған қоса, 2018 жылы «ГРЭС-1» ЖШС, «ГРЭС-2» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС сияқты  топтың ең ірі еншілес ұйымдарының көбі орналасқан өңірде – Павлодар облысында экология жылы болды, еншілес компаниялар қоршаған табиғи орта компоненттерінің сапасын арттыру үшін жергілікті Экология департаменті әзірлеген шараларға белсенді қатысты.

Ұзақ мерзімді Даму стратегиясының негізгі тапсырмасының бірі инновациялық даму болып табылатынын ескере отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның тапсырмасы бойынша «Назарбаев Университеті» БАҰ негізінде «Таза көмір технологиялары» ғылыми зертханасы құрылды.

«Самұрық-Энерго» компаниялар тобы энергия тиімділігінің артуына ықпал етуге күш салады. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық еншілес компанияларда мамандандырылған аккредиттелген ұйымдарды тарта отырып, алғашқы энергия аудиттері жүргізілді. Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жоспарлау мен жүзеге асырудың негізін қалаушы құжат болып табылады.

Аталған Бағдарламаның мақсаты отын-энергетикалық ресурстарды рационалды және экономикалық тұрғыдан дұрыс пайдалану жөніндегі шараларды әзірлеу болып табылады.

Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жүргізілетін жұмыс аясында 2018 жылы отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтуға бағытталған 75 шара орындалды, бұл шарт отынның 35 мың тоннаны үнемдеуге мүмкіндік берді.

Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл

 

10-қағидат: Іскер топтар бопсалаушылық пен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне қарсы тұруы тиіс.

Озық әлемдік тәжірибеге сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мейлінше азайту және болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық қа қарсы іс-қимыл жөніндегі і-шаралардыі іске асырылуына бақылау жасау үшін  «Самұрық-Энерго» АҚ-да «Комплаенс» қызметі құрылды. Қызмет Комплаенс бағдарламасын ендіруді жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі саясатты белгілейді, сонымен қатар «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына бақылау жасайды. 

Компаниямен жұмыс жасайтын іскер серіктестерге, жеткізушілерге және басқа үшінші тұлғаларға мінез-құлық кодексі ережелерінің іс-қимылын қолдану үшін үлгілік шаруашылық шарттарға «Сыбайлас жемқорлық ескертулер» нормалары енгізілді.

Жаңа Мінез-құлық кодексі енгізілді. Комплаенс бағдарламасы мен озық әлемдік тәжірибе аясында Қызмет бастамашылық ақпараттандыру желісіндегі жұмыс тәртібі, қызметкерлердің әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережесі, жұмыскерлерді әділ жалға алу, сыйлықтарды қабылдау мен сыйлау нормалары, мүдделер қақтығыстарын басқару, үшінші тұлғаларды тарту және комплаенс тексерулерді жүргізу тәртібі секілді бағыттарда әзірледі немесе өзектендірілді.

Корпоративтік орталық пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының алаңдарында сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың байқалу фактілеріне «мүлдем төзімсіздік» корпоративтік мәдениетін қалыптастыру аясында Қызмет ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілін шақыра отырып, жұмыскерлерге арнап таныстыру мақсатындағы комплаенс тренингтер өткізді. Компания қызметкерлеріне тұрақты негізде компланс мәселелері бойынша үздік әлемдік және ұлттық тәжірибе туралы ақпарат жіберіледі, Компанияның ішкі интернет ресурсында «Комплаенс» қызметінің ақпараттық беті ашылды, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтау мәселелері бойынша оқыту материалдары мен бейнероликтер берілген. Бейімделу тренингінің бағдарламасына комплаенс талаптары туралы курс енгізілді.  

  Сонымен қатар комплаенс бағдарламасы аясында барлық қызметкерлер мен мүдделі тараптарға олар заңнамаларды нақты және болжамды бұзушылықтарға қатысты өздерінің алаңдаушылықтарын, этика және комплаенс мәселелері бойынша реттеуші талаптар мен ішкі құжаттар туралы хабарлай алуы үшін Бастамашылық ақпараттандыру желісі (ыстық желі/Speak up секілді коммуникация құралдары ұсынылды. Бұзушылықтар туралы хабарлаған тұлғаларға хабарламаны құпия және иесін көрсетпей жіберу мүмкіндігі берілді, сонымен қатар оларды ығыстыруға жол бермеуге және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға кепілдік беріледі. Өтініштерді объективті қарау мен олар бойынша шешім қабылдау үшін Компания Бастамашылық ақпараттандырудың орталықтандырылған желісі бойынша келіп түскен өтініштерді/арыздарды қарау жөніндегі комиссия құрылды. Бастамашылық ақпараттандырудың орталықтандырылған желісі бойынша есеп тұрақты негізде Қоғамның Директорлар кеңесіне ұсынылады. 

2018 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының барлық қызметкерлері Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрет саясатымен 100% таныстырылды. Іс-әрекет Кодексін білу деңгейін анықтау мақсатында Мінез-құлық кодексі бойынша тест өткізілді. Сонымен қатар, Компанияда жемқорлыққа қарсы шараларды орындау жоспары іске асуда.

2018 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобында алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың расталған фактілері болған жоқ.

snimok2

 

Тұрақты даму

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng