Өнеркәсіптік қауіпсіздік

Біз қауіпсіз және жауапты энергия тасымалдағыштарды жеткізуді және қызметкерлерімізге, мердігерлерімізге, жергілікті халыққа қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермеуді қамтамасыз етуді өзіміздің парызымыз деп санаймыз

Қоғамның барлық қызметіндегі ең маңызды міндеттерінің бірі қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз ету, қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау болып табылады.

Саясаттың негізгі басымдықтары ретінде Қоғам мыналарды ұсынады:ө

  • өндірістік қызметтің нәтижелеріне қарағанда қызметкер өмірі мен денсаулығының басымдығы;
  • персоналдың жарақаттарын және денсаулықтың нашарлауын алдын алу;
  • қауіпсіздік пен еңбекті қорғау менеджментінің жүйесін үнемі жақсарту және оның нәтижелілігін арттыру;
  • жабдықтардың заманауи түрлерін және ұжымдық пен жеке қорғалу құралдарын қолану есебінен қауіпсіздік деңгейін үнемі арттыру.

2016 жылы Компанияның барлық ЕТҰ-ларда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, міндетті медициналық қараулар жүргізіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін Компания ЕТҰ-ның барлық қызметкерлеріне жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы тамақ беріледі, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленді, еңбекақы мөлшері арттырылды және қосымша жыл сайынғы ақылы демалық белгіленді. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, Компанияның барлық персоналы арнайы киіммен және жеке қорғалу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Өндірістік жарақаттанушылықты азайту бойынша Компанияның  ЕТҰ шаралараның сыртқы құрамдасы қызметкерлерді қауіпсіз әдістерге үйрету болып табылады. Компания ЕТҰ-ларында қауіпсіздік еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі мәселелеріне оқыту «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды жүргізу, нұсқау беру және олардың білімін тексеру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Осылайша, «Богатырь Көмір» ЖШС-да, «Алматы Электр Станциялары» АҚ-да және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-да оқыту-курстың комбинаттар бар, ал «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да – 6 (алты) оқыту-машықатану полигоны бар. Компанияның қалған ЕТҰ-ларында қызметкерлерді еңбекті қорғау және өнеркәсіп пен өрт қауіпсіздігі мәселелеріне оқыту үшін мамандандырылған ұйымдармен шарт жасалады.

Өндірістік жарақаттанушылықты болдырмау мақсатында Компания ЕТҰ-ның еңбекті қорғау басқармалары, қызметтері мен бөлімдері құрылымдық бөлімшелерде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және энергия жабдықтарды пайдалану жағдайына кешенді тексерістерді , жасақ-рқсаттар бойынша жұмыс істейтін бригадалардың жұмыс орындарына тексерістер жүргізеді. Кешенді тексерістердің нәтижелері бойынша актілер – 2016-2017жж. орындау мерзімдері бар анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралары бар ұйғарымдар берілді, ай сайын ебекті қорғау жағдайын, қауіпсіздік техникасын жақсартуға және энергия объектілерінің өндірістік пен өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған қорытынды бұйрықтарды шығара отырып, Қауіпсіздік техникасы күндері өткізілді.

Мақсаты өнеркәсіптік, қаржылық және мемлекеттік секторларында халықаралық стандарттарды қабылдау арқылы әлем экономикасында толық құқықты қатысу болып табылатын, Қазақстан Республикасында әзірленген 2010-2012жж. арналған лайықты еңбек жөніндегі ұлттық бағдарламаға сәйкес, іс жүзінде Компанияның барлық ЕТҰ-ларында  OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес келетін кәсіби денсаулық және еңбек қауіпсіздігі менеджмент жүйесі ендірілді.

Бөлімге қатысты құжаттар:

  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясаты;

Тұрақты даму

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng