Орнықты энергетикалық келешекті құру

Орнықты экономикалық дамуға қолдау көрсету үшін адамзатқа көп энергия қажет, мұның үстіне біз неғұрлым экологиялық қолайлы тәсілді табуға тырысамыз. Біз атмосфераға шығарылатын көміртек шығарындыларын азайтуға және энергияны пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін технологияларды әзірлеуге инвестиция саламыз.

Біз климат пен энергетика саласындағы саясатқа қатысты сұрақтарды талқылай отырып, қоғамдық диалогқа қатысуды жалғастырамыз. Сонымен қатар әлем бетпе-бет келіп отырған жаһандық проблемалардың ауқымы оларды жеке-дара, өз бетіңмен шешу үшін шамадан тыс көп. Біз неғұрлым орнықты энергетикалық болашақты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның және бизнес-қоғамдастықтардың бірлесіп жұмыс істеуін қолдаймыз.

  • Ашықтық – біз диалог үшін қашан да ашықпыз. Біз акционермен өзара мүдделерді сақтауға, Компания мен акционер арасындағы теңгерімді сақтау мен құқықтарды құрметтеуге негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтастықтар жасау үшін мүмкіндіктер іздейміз;
  • Жауаптылық – біз өзіміздің міндеттерімізді сезінеміз:
    • біз ресурстарды ұтымды пайдалану (электр энергиясын, шикізат пен суды қоса алғанда), эмиссияларды, қалдықтарды бірте-бірте қысқарту және ресурстарды сақтауға мүмкіндік беретін тиімділігі жоғары, энергия үнемдеуші технологияларды ендіру арқылы қоршаған ортаға тиетін жағымсыз әсерді мейлінше азайтуға ұмтыламыз;
    • біз мемлекеттік бюджетке заңнамада көзделген салықтар мен басқа да алымдарды  төлейміз;
    • біз даму стратегиямызды қолдауға қосқан үлесіміз ретінде жұмыс орындарын құрамыз әрі сақтап қаламыз;
    • біз стратегиямыз бен қолжетімді ресурстар аясында өзіміздің қатысу аймағымыздағы облыстарды дамытуға ықпал етуге ұмтыламыз;
    • біз еңбек өнімділігі жоғары ресурстарыд сақтықпен әрі жауаптылықпен пайдалануға бағытталған инновациялық технологияларды ендіреміз; біздің өнімдеріміз, тауарларымыз және қызметтеріміз тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау бойынша заңнамаларда белгіленген стандарттарға және жақсы сапа стандарттарына сәйкес келуі тиіс;
  • Мөлдірлік – біздің шешімдеріміз бен іс-қимылдарымыз мүдделі тараптар үшін анық әрі түсінікті болуы тиіс. Біз құпия ақпаратты қорғау туралы ережелерді ескере отырып, заңмен рұқсат етілген ақпаратты уақытылы ашамыз;

Әдепті мінез-құлық - біздің шешімдеріміз бен іс-қимылдарымыздың негізі мынадай құндылықтар болып табылады: құрмет, адалдық, ашықтық, командада жұмыс істеу және сенім, сенімділік және әділдік.

Тұрақты даму

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng