Қалдықтарды басқару

Қалдықтарды басқару

Өнеркәсіптік қалдықтарды басқару біздің экологиялық басымдықтарымыздың бірі болып табылады. Жыл сайын біз өндірістік объектілерімізде қалдықтардың түзілуіне және жердің ластануына байланысты мәселелерді шешу үшін едәуір ақшалай қаражат бөлеміз және инвестицияларды анықтаймыз.

ҚР экологиялық заңнамаларының талаптарына сүйене отырып, біздің объектілерімізде зарарсыздандыруға, қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға келмейтін қауіпті қалдықтар мамандандырылған полигондарға тасымалданады. Біз мердігер ұйымдарымыз қалдықтарды қауіпсіз тасымалдау, орналастыру және кәдеге жарату бойынша талаптарды орындауын қадағалаймыз.

Заңнамалардың талаптарын сақтау мақсатында Компаниялар Тобында қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органдармен келісілген Қалдықтарды басқару бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда.

Біз объектілерімізде ендіру үшін қалдықтарды басқару саласындағы жаңа тәжірибелер мен тиімді технологияларды зерттейміз.

Мемлекеттік органдармен жасасқан қолданыстағы келісімдер бойынша алынған әлеуметтік жауапкершілік пен қабылданған міндеттемелер аясында келісімшарт жасалған аумақтарда тарихи жинақталған қалдықтар мен ластанған топырақты жою жұмыстары жалғасуда.

Тұрақты даму

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng