Экологиялық менеджмент

Экологиялық аспектіні басқару үшін Компанияда экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) құрылды, ол корпоративтік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі және қаржылық емес тәуекелдерді басқару жүйесінің аса маңызды бөлігі болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ-дағы ЭМЖ халықаралық тәуелсіз консультанттарды тарта отырып, тұрақты түрде озық әлемдік тәжірибелерге сәйкестігі бойынша бағаланады және бірте-бірте жетілдірілуде.   

Компанияның өндірістік қызметті жүзеге асыратын барлық ЕТҰ-ларына ISO 14001 «Экологиялық менеджмент» стандарты енгізілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 2017 жылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығыстар мен салынған инвестициялар  2,2 млрд. теңгені құрады.

2017 жылы экологиялық залал шегуге әкелген авариялық жағдайлар тіркелген жоқ.

Ұлттық және халықаралық жобаларға/бастамаларға/қауымдастықтарға қатысу

1) Назарбаев Университетімен ынтымақтастық – Университет базасында көмірді айналып қайнап жатқан қабатта (АҚҚ) жағу арқылы газға айналдыру және байыту қалдықтарын кәдеге жарату технологияларын зерттеу үшін ғылыми-зерттеу зертханасын құру.

2) Компания «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ мүшесі болып табылады.

3) «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ мүшесі болып табылады.

Тұрақты даму

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng