Денсаулықты қорғау және әл-ауқат

Біз жұмыста және өмірде жақсы жағдай жасасақ, жұмыстың неғұрлым қауіпсіз әрі тиімді болатынына  сенімдіміз.

«Самұрық-Энерго»  АҚ-да денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы мәселелерін басқару ұлттық заңнамалардың және халықаралық стандарттардың салаптарына сәйкес жүргізіледі.

Біздің бағытымыз – еңбек жағдайлары мен жұмыс орындарын жақсарту; зардап шеккендерге медициналық қызмет пен алғашқы көмек көрсету сапасын жақсарту; қадағалаудағы қызметкерлерге бақылау жасау мен мониторинг жүргізу; саламатты өмір салтын үйрету және насихаттау.

Жыл сайын қызметкерлерді кәсіби оқыту, біліктілігін арттыру және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені жүзеге асырылады. Болуы мүмкін кәсіби ауруларды анықтау мақсатында жыл сайын медициналық тексеру жүргізіледі. Бұған қоса, зиянды және қауіпті әсерлері бар кәсіптер анықталды, сондай-ақ әрбір жұмыс орнында қауіпті әрі зиянды өндірістік факторлар сәйкестендірілді, оларды азайту бойынша іс-шаралар әзірленді. Барлық қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару барысында орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандырылған.

Тұрақты даму

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng