Демеушілік және қайырымдылық

2015 жылы 28 қарашада «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді, соған сәйкес, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) мен оның ЕТҰ-ларының қайырымдылық қызметін іске асыру Қордың Директорлар кеңесінің Қайырымдылық бағдарламасын әзірлеп, бекіткен кезінде мүмкін болады. Қордың Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №126 шешімімен Қордың Қайырымдылық саясаты мен Қордың Қайырымдылық бағдарламасы бекітілді.  

2015 жылы қарашада Қор ЕТҰ-дағы өз бетінше жасалатын демеушілік және қайырымдылық қызметке мораторий жариялады. Жаңа модельге сәйкес, топтың бүкіл қайырымдылық және демеушілік қызметін, оның ішінде конференцияларды, форумдарды, дөңгелек үстелдерді, баспа қызметін ұйымдастыру, өткізу және қаржылық қолдау көрсету жөніндегі іс-шараларды бірыңғай Оператор - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры еңбек және ұлтаралық қатынастарды, сондай-ақ тұрақты дамуға салынатын инвестицияларды нығайту аясында жүзеге асырады.

  • Демеушілік көмек көрсетуге қатысты барлық мәселелер бойынша мына мекенжайда орналасқан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына хабарласу қажет: Астана қ., Қонаев көшесі, 8, «Зүбаржат орамы» бизнес орталығы, блок Б, 32-қабат, 3257-офисі, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., +7 (7172) 57 68 98.

Бөлімге қатысты құжаттар:

  • Қордың Қайырымдылық саясаты;
  • Қордың Қайырымдылық бағдарламасы.

Тұрақты даму

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng