ОРНЫҚТЫ ДАМУ

Корпоративтік басқарудың сапалы жүйесі заманауи Компанияның ұзақ мерзімді орнықты дамуының аса маңызды талабы болып табылады.

Орнықты дамуқызмет аспектілерінің жиынтығы мен теңгерімі, мұнда табиғи ресурстарды пайдалану, инвестицияларды бағыттау, ғылыми-техникалық даму бағдары, жеке бастың дамуы мен институционалдық өзгерістер бір-бірімен келісілген және адамның қажеттіліктері мен ұмтылыстарын қанағаттандыру үшін қазіргі әрі болашақтағы әлеуетті нығайтады.

Компания операциялық қызметтің халыққа және қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерін барынша азайтуға, қоршаған ортаға зиян келтіретін өндірістік аварияларды болдырмауға ұмтылады, сондай-ақ табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және өндіруге мынадай қолдау көрсетеді:

  • біздің шешімдеріміз бен іс-қимылдарымыздың экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға жағымсыз әсері болмауы тиіс;
  • мүдделі тараптарға экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілер тұрғысынан тиетін жағымсыз әсерлерді мейлінше азайту үшін біз қажетті шараларды қабылдауға ұмтыламыз.

Директорлар кеңесі Компанияны басқару тиімділігін, орнықты дамуды және қызметтің рентабельділігін қамтамасыз етеді.

123 

  Орнықты дамуды қамтамасыз етудегі біздің рөліміз энергияға ағымдағы мұқтаждықты қанағаттандыруды қамтамасыз етуге жауаптылықпен қарауды білдіреді. Осылайша, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның орнықты даму саласындағы саясаты мүдделі тараптардың мүдделері мен Компанияның стратегиялық міндеттері арасындағы оңтайлы теңгерімді сақтай отырып, Компания қатысатын өңірлерде орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін өндіріс, экологиялық бастамалар, еңбек қауіпсіздігі саласындағы және әлеуметтік саладағы озық тәжірибелерді енгізу арқылы орнықты даму аспектілерін кеңінен қолданумен байланысты. 

    Орнықты дамуды ұстану «Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің жалпы қағидаттарында көзделген. Өз қызметінде «Самұрық-Энерго» еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік сала секілді факторларды ескереді.

   Бұл қағидат еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды сақтау, сондай-ақ әлеуметтік салаға үлес қосуды көздейтін әлемдік стандарттарды, процестер мен құралдарды қамтитын біздің ұстанымымыздың негізінде жатыр. Біз өзіміздің барлық объектілерімізде орын алуы мүмкін оқиғалардың алдын алу және оларды болдырмау, қолайсыз экологиялық және әлеуметтік салдарлардың алдын алу мақсатында бизнесімізді жүргізу тәсілдерін тұрақты түрде жетілдіруге ұмтыламыз.

Тұрақты даму

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng