Jas Energy Fest: Жас энергетиктер кездесуінің жаңа форматы

Jas Energy Fest: Жас энергетиктер кездесуінің жаңа форматы

«Самұрық-Энерго» АҚ-да жас мамандардың алғашқы форумы өтті. Еншілес компаниялардың 100-ге жуық өкілі корпоративтік рухты нығайту, тәжірибе алмасу және энергетик-әріптестерімен кездесу үшін Нұр-Сұлтан қаласында бас қосты.

 

Jas Energy Fest – «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялары тобының жас мамандарына арналған алғашқы форум. Оған қатысушыларды компаниядағы әріптестерімен танысу, флешмоб, жас энергетиктердің өзекті мәселелерін талқылау және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламановпен кездесу күтіп тұрды.

energy fest 1

Энергия холдингінің басшысымен сұхбаттасу емін-еркін жағдайда өтті. Төраға өзімен бірге түрлі кітаптар ала келіп, өзінің жеке өмірі мен қызметіне қатысты қызықты оқиғалар мен деректерді ортаға салды.

energy fest 2

Бақытжан Жоламанов өзі жайлы, өмірдегі құштарлығы, отбасы, өзі құрметтейтін адамдар туралы әңгіме қозғады. Қатысушылар тарапынан қойылған көп сұрақтардың бірде-бірі жауапсыз қалмады. Жас энергетиктер Басқарма Төрағасына қандай адамдар оны жігерлендіретіні, басшы қандай болуы керектігі, отбасы мен қызметі арасында уақытты қалай дұрыс бөлу керектігі туралы сауал қойды.

«Отбасым қызметте табысты болуға көмектеседі, жаңа жетістіктерге жетелейді. Сондықтан, мен үшін отбасым әрқашан бірінші орында», - деп пікір бөлісті Бақытжан Жоламанов.


energy fest 3

Кездесу барысында ол өзінің сүйіп оқитын және «Самұрық-Энергоның» жас қызметкерлеріне де оқуды ұсынатын кітаптары туралы әңгімеледі. Қолы бос кездері ол балық аулағанды, тау шаңғысымен сырғанағанды ұнатады. Jas Energy Fest форумы арқасында кәсіпорын қызметкерлері энергия холдингінің басшысын жаңа қырынан таныды.

energy fest 7

«Әлеуметтік өзара іс-қимыл және әріптестік орталығының», «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің өкілдері, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басшылығы қатысқан панелдік сессияда кәсіпорындардан келген жас лидерлер жастар саясаты, өндірістегі тәлімгерлік, жұмысшыларды әлеуметтік қолдау мәселелерін көтерді.

energy fest 6

«Жетістіктің кілті – өндіріске жақын болуда. Адамдарға жақын болу керек, жұмысты қатардағы лауазымнан бастасаң, саланың барлық қыр-сырын сонда меңгересің. Өндірісте істеген бір-екі жыл кейін саған жақсы ұпай әкеледі», - деп Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Серік Түйтебаев жас мамандарға ақыл-кеңес берді. 

energy fest 8

Әсет Ахметов «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның корпоративтік хатшысы болып жұмыс істейді, энергетика саласындағы жұмыс өтілі – 8 жыл. Ол жастарға арналған форумды өткізудің жаңа форматын атап өтті.

«Маған Басқарма Төрағасымен болған жайма-шуақ әңгімелесу өте ұнады, өйткені кез-келген басшы қатардағы қызметшілермен, әсіресе жастармен бұлай сөйлесе бермейді. Өзімізді толғандырып жүрген кез-келген сұрақты еш кедергісіз ортаға салып, жауабын алуға мүмкіндік жасалды. Дәл мұндай форматтағы іс-шараны біз алғаш рет өткізіп отырмыз, бәрі де көңілдегідей!  Жастар кеңесіне алғыс білдіремін, жақсы ұйымдастырылған», - деп Әсет Ахметов алған әсерімен бөлісті.

energy fest 14

«Бақытжан Төлеужанұлы Жоламановпен интервью түрінде өткізілген кездесу өте ұнады. Бүгін біз оны мүлдем басқа қырынан таныдық. Еш бүкпесіз, ашық әңгіме үстінде Төраға өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жеке өміріне, қызметіне қатысты қызықты оқиғаларды ортаға салды. Біз үшін ол енді білікті басшы ғана емес, бәрімізге үлгі боларлық жарқын, дара тұлға», - деді "Energy Solutions Center" ЖШС-ның маманы.

energy fest 4

Пікірталастан соң Jas Energy Fest форумы ашық аспан астында қайта жалғасты. Флешмоб, биден тұратын фитнес-бағдарлама, дарындылар сайысы, нетворкин – іс-шараның бағдарламасы өте мазмұнды әрі қызықты болды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компанияларында жұмыс істейтін белсенді жастардың түгел дерлік басын қоса алғанымыз өте қуанышты. Кездесудің пайдасы мол – жастар бір-бірімен жете танысып, энергетика саласындағы көп жаңалықтарды,  өзекті ақпаратты компания басшыларының өз аузынан естіді. Бұл форум жас мамандардың әлеуметтік және кәсіби тұрғыда өсуіне септігін тигізетін платформаға айналды», - деп ой қорытты «Самұрық-Энерго» АҚ-да құрылған «Jas Energy» Жастар кеңесінің лидері Динара Мизамбаева.    energy fest 15

                                              energy fest 9

energy fest 5

Jas Energy Fest форумы Қазақстандағы Жастар жылы аясында өтті. Оған қатысушылар алған жағымды әсерімен кәсіпорындағы әріптестерімен бөлісетін болады.

energy fest 18

energy fest 19

2019.09.04
2019.09.04

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng