Екібастұз ГРЭС-1 станциясын қайта жаңарту (№1 блокты қалпына келтіру)

Екібастұз ГРЭС-1 станциясын қайта жаңарту (№1 блокты)

Жобаның атауы:

  • Екібастұз  ГРЭС-1 станциясын қайта жаңарту (№1 блокты қалпына келтіру)

Жоба сипаттамасы:

  • Екібастұз ГРЭС-1 қуаты 500 №1 блогын электр статикалық сүзгіні орната отырып қалпына келтіру

Мақсаты:

  • Қазақстандағы электр энергиясына сұранысты қанағаттандыру
  • Экспорттық әлеуетті арттыру
  • Қазақстан Республикасының тұтынушыларын электрмен қамтамасыз ету сенімділігін арттыру
  • Экологиялық нормативтердің орындалуын сақтау

Жүзеге асыру мерзімі:

  • 2012-2021 жж.

Жоба құны:

  • 91 040,3 млн. теңге

Техникалық шешімдер:

  • П-57-3Р (Пп-1650-25-545КТ) бу қазандығы, «Подольский машиностроительный завод «ЗиО» (Подольск қ.) зауытында жасап шығарылған,  Т-тәрізді құрастырылған, бу шығарғыштығы 1650 т/сағ. Қазандықтан шығатын бу сипаттамасы: қысымы 25 МПа, температурасы 545°С. Отын – Екібастұз көмірі.
  • К-500-240 бу турбинасы, «Турбоатом» (Харьков қ.) ААҚ зауытында жасап шығарылған, роторының айналу жиілігі минутына 3000 айналым, номинал қуаты 500 МВт бір аралық қыздырғышы бар, реттелмейтін бу алатын конденсациялық.
  • ТВВ-500-2УЗ генераторы, «Завод «Электротяжмаш» (Харьков қ.) зауытында жасап шығарылған, номинал қуаты 525 МВт және номинал кернеуі 20 кВ.

Тиімділігі:

  • Жылына 3,4 млрд. кВтсағ. Көлемінде электр энергиясын өндіру

Жұмыс орындарының саны:

  • құрылысты жүргізу кезеңінде – 450-500 адам
  • пайдалану кезеңінде –  54 адам

Ағымдағы жағдай:

  • Негізгі жабдықтарды (қазандық, турбина, генератор) жеткізу толық көлемде жүзеге асырылды. Бөлшектеу және монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.  
  • Қаз
  • Рус
  • Eng