Екібастұз ГРЭС-2-ні №3 энергия блогын сала отырып кеңейту және қайта жаңарту

Екібастұз ГРЭС-2-ні №3 энергия блогын салу

Жобаның атауы:

  • Екібастұз ГРЭС-2-ні №3 энергия блогын сала отырып кеңейту және қайта жаңарту

Жоба сипаттамасы:

  • Станцияның белгіленген қуатын 636 МВт-ға арттыру үшін №3 энергия блогын салу

Мақсаты:

  • Қазақстанның электр энергиясы мен электр қуатына мұқтаждығын қамтамасыз ету, республиканың экспорттық әлеуетін арттыру

Жүзеге асыру мерзімі:

  • 2010 – 2024 жж.

Жоба құны:

  • 437 950 млн. теңге

Техникалық шешімдер:

  • HG-1900/25.4-YM бу қазандығы, Харбин зауытында (ҚХР) жасап шығарылған, тік ағысты, шамадан тыс шекті, мұнараға қондырылған,  бу шығарғыштығы сағатына 1900 т. Қазандықтан шығатын бу сипаттамасы: қысымы 25,4 МПа, температурасы 571°С. Отын – Екібастұз көмірі.
  • CLN600-24.2/566/566 бу турбинасы, Харбин зауытында (ҚХР) жасап шығарылған, роторының айналу жиілігі минутына 3000 айналым, номинал қуаты 636 МВт бір аралық қыздырғышы бар, реттелмейтін бу алатын конденсациялық.
  • QFSN3-2 генераторы, Харбин зауытында (ҚХР) жасап шығарылған, роторының айналу жиілігі минутына 3000 айналым, номинал қуаты 636 МВт, үш фазалы, ротор орамын сутегімен тікелей салқындататын синхронды.

Тиімділігі:

  • Жылына 4,8 млрд. кВтсағ. электр энергиясын өндіру

Жұмыс орындарының саны:

  • құрылысты жүргізу кезеңінде – 1 486 адам
  • пайдалану кезеңінде –  358 адам

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng